Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

News

-A A +A
Биылғы 19 маусымда Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Бүгін осы тапсырманы орындау үшін Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Шымкенттен Түркістан қаласына көшіп келді.
17.08.2018
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері  Шымкент қаласынан облыс орталығы - Түркістан шаһарына көшті. Тарихи сәтте жолбасшы болған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев екі ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған, маңызды шешімдер қабылданған Түркістанға атбасын бұрып, қызмет етуге бара жатқан азаматтар, жалынды жастар тарих алдындағы ұлы мұраттарының бірін орындап жатыр деуге толық негіз бар екенін айтты.  
17.08.2018

 Бүгін Түркістан өңірлік коммунакиялар қызметінде Құрабан Айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді.

16.08.2018
Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтің түрік кәсіпкері Джемалеттин Шекермен кездесуінде белгілі болды. 
16.08.2018
Түркістандық жас кәсіпкер Исламбек Жандар осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардың (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Тапсырыста аз емес, тұтынушыларының қатары еселене түсуде. Биылғы жылы кәсіпкер ісін дамыту үшін биыл мемлекет тарапынан «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша арнайы грант ұтып алды.
16.08.2018
Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы  «Шәмші әлемі» гүлзарындағы композитор ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алып, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда жалғасын тапты.
15.08.2018

Жуырда Қызылорда қаласында ҚР мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Дүбірлі сынды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған болатын. Төрт айдан астам уақытқа созылған сында Түркістан облысының  спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

15.08.2018
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Түркістан қаласында болып, көшіп баратын облыстық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын аралап көрді. Ондағы дайындығымен танысқан аймақ басшысы, көшу шараларын ширатуды тапсырды.
15.08.2018
Биыл Жетісай ауданында 77 мың 274,6 гектарға егіс егілген. Оның 3312,3 гектары ескі жоңышқалық саналады. Биыл жетісайлық шаруалар жоңышқалықтан гектарына орта есеппен 164,8 центнерден өнім алуда. Қазірдің өзінде жалпы алынған өнім көлемі 54576,0 тоннаны құрады. Жоңышқалықтың кемінде 5 рет өнім беретінін ескерсек, бұл көлем тағы да арта түсуі мүмкін.
 
15.08.2018
Түркістан облысы, Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистралдық газ құбыры тартылғаны белгілі. Бүгін осы құбырды Арыс қаласының негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті. 
14.08.2018
© 2018

Official internet-resorce

Akimat of the Turkestan Region