Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

Жолаушылар көлігі саласы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні 545 мыңнан аса автокөлік құралдары тіркелген, оның ішінде 211 мың данасы Шымкент қаласында. Облыста 2,7 мың автобус жергілікті атқарушы органдармен түзілген келісім шарттар негізінде қоғамдық жолаушылар тасымалымен айналысады.

Қоғамдық жолаушылар тасымалы қызметін облыстағы 59 жеке меншік нысанындағы тасымалдаушылар атқарады.

Облыстағы барлық қоғамдық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі бүгінгі күні 401 бағыттағы 2166 кестеден тұрады.

        Бағыттардың түрі

Бағыттар саны

Кестелер саны

Тасмадаушылар саны

Облысаралық бағыттар

31

75

13

Ауданаралық бағыттар

122

427

28

Қалалық бағыттар

оңын ішінде Шымкент қ.

121

76

1443

1108

36

29

Ауданішілік бағыттар

127

221

14

Барлығы:

401

2166

59

Ауданаралық бағыттар бойынша 28 тасымалдаушымен 122 бағытқа (427 кесте), облысаралық бағыттар бойынша 13 тасымалдаушымен 31 бағытқа (75 кесте) келісім шарт түзілген.

2015 жылы ауданаралық бағыттарда 15, Шымкент қ. бағыттарында 210, барлығы 225 автобус жаңартылды.

Облыс  аумағында 8 автовокзал мен 23 автобекет тізілімге енгізілген.        

Тұрақты облысаралық бағыттардың негізгі құрамындағы 5 автобустың барлығына, ауданаралық бағыттар бойынша 427 автобустың 231-не (54%) және Шымкент қалалық бағыттар бойынша 1108 автобустың 997-не (90%) GPS жүйесі орнатылған.

Облысішілік ауданаралық қалааралық жолаушылар тасымалдау бағыттарындағы жолақы құны 1 км 3,7 теңгені құрайды.

Шымкент қаласындағы автобустар мен шағын автобустардағы жолақы құны 50 теңге.

Бүгінгі күні облыста қажеттілігіне және жол жағдайына байланысты автокөліктер бара алатын 766 елді мекеннің 89,9 пайызы (689 е.м.) қоғамдық жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілген. Облыста 2020 жылы аталған көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар облысішілік Шымкент - Түркістан және Шымкент - Сарыағаш теміржол бағыттары бойынша аптасына 5 реттен қатынайды. 2015 жылға облыс бюджетінен субсидиялауға 173,1 млн теңге қаралып, 223,3 мың жолаушы тасымалданған. 2016 жылға облыс бюджеттен субсидиялауға 176,8 млн. теңге қаралды.

 

Published on: 22.04.2016 - 10:19:27
Updated on: 22.04.2016 - 10:20:21
© 2017

Official internet-resorce

Akimat of the South Kazakhstan Region