Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

Респонденттер үшін ақпарат және жаңалықтар

-A A +A

2010 жылғы 19 наурыздағы (№257-IV ҚРЗ) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 17-бабына сәйкес респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға  міндетті.

Қазіргі уақытта, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің http:/www.stat.gov.kz сайтында → Респонденттерге → Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау бөлімінде статистикалық есептерді, оның ішінде «Деректері жоқ» статистикалық нысандарды қоса, электрондық түрде тапсыруға мүмкіндік барын Сіздерге хабарлаймыз.

«On-line» тәртібінде электрондық есепті тапсыру үшін, заңды тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Электронды цифрлы қолтаңбасын алу “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы   коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінде (бұдан әрі - “ААҮ”  МК   КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаменті) жүзеге асырылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің ғимаратында “ААҮ”  мемлекеттік корпорациясы   КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаментінің бөлімшесі бар.

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, Сіздерді Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар (03.12.2015 ж.  №432- V) енгізілуіне байланысты 01.01.2016ж. әкімшілік айыппұлдардың ұлғайғаны туралы хабарлаймыз.

Жаңалықтар

Құрметті респонденттер!

ОҚО Статистика департаменті 2017 жылдан бастап 1-КҚ (тоқсандық) статистикалық нысаны қайта басталатынын хабарлаймыз. 1-КҚ (тоқсандық) нысанын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші кодтарына сәйкес негізгі қызмет түрі 41-43 «Құрылыс» болып табылатын, жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан кем заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. Тапсыру мерзімі – есепті тоқсаннан кейінгі 4-күні.

Published on: 19.05.2016 - 09:22:53
Updated on: 23.12.2016 - 16:57:02
© 2017

Official internet-resorce

Akimat of the South Kazakhstan Region