Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

ОҚО-да жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау шарасы жалғасады

-A A +A
0902/18

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен облыстық барлық басқармалар 2018 жылдың 12 қаңтары мен 8 ақпан аралығында «Нұр Отан» партиясы филиалында жаңаша форматта қоғамдық қабылдау өткізді. Апта сайын ұйымдастырылған шараға жалпы 270 тұрғын арыз айтып келген. Ондағы 118 мәселе дер кезінде оңтайлы шешілсе, 152 шағым жазбаша түрде қабылданып, шешімі алдағы уақытта жауап берілетіндігі түсіндірілді.

Бұдан кейін тұрақты түрде өтетін шараның алғашқы кезеңін кеше Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылары қорытындылады.

Бұл жолғы қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 37 азамат келді. Мамандарға шағым айтып келген азаматтардың көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық саласына қатысты мәселе көтерді.

«Бұл жаңаша форматта ұйымдастырылған қоғамдық қабылдаудың соңғы шарасы. Жиын барысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына арызданып 17 азамат келді. Қабылдауға қатысқан өзге мекемелердің басшылары орташа есеппен 5 адамның мәселесін тіркеуге алып, алдағы уақытта оң шешілуіне ықпал ететін болады», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Берік Құлжанов.

Басқарма басшыларына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Соның бірі – шымкенттік Д.Дутбаев электронды аукцион арқылы автокөліктер мен ғимараттарды сатып алу процесін білгісі келеді. Ал, Б.Сейдахметов мемлекеттік мүлікті сатуға қойған кезде қалай бағаланатыны туралы сауал жолдады. Б.Дунаев болса, «Қошқар ата» өзенінің бойын абаттандыру мәселесін көтерді. Басқарма басшылары тұрғындарды тыңдай келе, олардың толғандырған сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап беріп, зерделеуді қажет ететін мәселелерді заң аясында қарап, оңтайлы шешуге ықпал ететіндіктерін мәлімдеді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 


© 2018

Official internet-resorce

Akimat of the Turkestan Region