Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы

-A A +A

2009 жылғы 11 наурыз №79

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспары бекітілсін (әрі қарай - Іс-шара жоспары).

2. Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (А.М.Бекетова, Ж.Мәуленқұлов) Іс-шара жоспарының орындалу барысы бойынша облыс басқармаларының, аудан және қала әкімдіктерінің қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

3. Аудан және қала әкімдері, облыстық басқарма басшылары Іс-шара жоспарының бұлжытпай және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары У.А.Қайназаровқа жүктелсін.

Облыс әкімі                                                                         А.Мырзахметов

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

                                                                                                   2009 жылғы «11» наурыздағы

79 қаулысымен

бекітілген

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына Жолдауын

(Жол картасы) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру туралы

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с

Іс-шаралар

Орындалуына жауаптылар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

1.Кадрларды даярлау және қайта даярлау

1.1. Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау аумақтық стратегиясын жүзеге асыру

1.1.1.

Оптимистік және писсимистік көрсеткіштер бойынша облыстағы қалалар мен аудандарда жұмысшылардың қызмет ету саласы бойынша жұмыстан босау болжамы мен жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігін анықтау картасын әзірлеу.

ЖҚӘББ, ЭБЖБ, КӨБ, АШБ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Комиссия отырысына есеп беру

2009 ж. 17 наурыз

1.1.2.

Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау аумақтық стратегиясын әзірлеу және бекіту.

ЭБЖБ, ЖҚӘББ,ББ, КӨБ, АШБ, аудан, қала әкімдері

Әкімдік қаулысы

2009 ж. 20 наурыз

1.1.3.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қала, аудандар бойынша облыстық деңгейде «Жол картасы» іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету.

ЭБЖБ, ЖҚӘББ, салалық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Комиссияға есеп

2009 ж. 18 наурыз

1.1.4.

Облыстық, қалалық, аудандық деңгейде аумақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау Стратегиясы мен Жол картасын жүзеге асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар (әрі қарай - Комиссия) құру.

ЖҚӘББ, ЭБЖБ, КӨБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігінің қаулысы

2009 ж. 12 наурыз

1.1.5.

Нақты бағыттар мен жобалар бойынша аудандар мен қалаларда Жол картасы бағыттарын жүзеге асырудағы тиімді көрсеткіштерін қалыптастыру.

ЖҚӘББ, ЭБЖБ, ББ, ЖКАЖБ, КӨБ, ДСБ, аудан, қала әкімдері

Комиссия отырысының хаттамасы

2009 ж. 10 сәуір

1.1.6.

ҚР Президенті Жолдауын («Жол картасы») жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қаржыландыру, облыстық бюджеттік бағдарламаларды қысқартудың жалпы лимитін анықтау.

ЭБЖБ, ЖҚӘББ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

ОБК ақпарат және комиссияға есеп беру

2009 ж. 27 наурыз

1.1.7.

Қалалар мен аудандардың мамандарға сұранысын ескере отырып, басымды техникалық мамандықтар бойынша техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлаудың қажеттілігін анықтау.

ББ, КӨБ, ЖҚӘББ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 28 наурыз

1.1.8.

Облыстағы экономика саласының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстарын қалыптастыру мен жүзеге асыру.

ББ, ЖҚӘББ, ЭБЖБ, КӨБ, қала, аудан әкімдері

Әкімдік қаулысы

2009 ж.

сәуір-мамыр

1.1.9.

Қалалық, аудандық деңгейдегі жұмыспен қамту мәселелерін шешуде кадрларды даярлау және қайта даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу болжамы бойынша жоспар әзірлеу және бекіту.

ЖҚӘББ, ББ, КӨБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 27 сәуір

1.1.10.

Жұмыспен қамту мен кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелерін шешуде облыстағы қалалар мен аудандардың, жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының тиімділік көрсеткіштерін бекіту.

ЖҚӘББ, ЭБЖБ, ББ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 27 сәуір

1.1.11.

Техникалық және кәсіби білім берушілер форумын өткізуді ұйымдастыру

ББ, ЖҚӘББ

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 31 наурыз

1.1.12.

Облыстағы қалалар мен аудандарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізуді ұйымдастыру

ЖҚӘББ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

бекітілген кестеге сәйкес

1.1.13.

Жұмысқа орналасуға көмек көрсету саласында жұмыспен қамту органдарының үкіметтік емес ұйымдарымен, жұмыс беруші бірлестіктер мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара қарым-қатынас жасау.

ЖҚӘББ, Шымкент қалалық әкімдігі, жеке жұмыспен қамту агенттіктері (келісім бойынша)

Облыс әкімдігі мен комиссияға ақпарат

әр айдың 10-на

1.2.Әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін кадрларды қайта даярлау

1.2.1.

Дағдарыс жағдайында әлеуметтік-маңызды жобаларды және оларды жүзеге асыруға қажетті мамандықтар тізбесін анықтау

ЭБЖБ, ЖҚӘББ, КӨБ, ББ, ДСБ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 1 сәуір

1.2.2.

Аудан және қала басшыларының қатысуымен техникалық және кәсіби білім мекемелерінде кадрларды қайта даярлауда қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру мәселесі бойынша мәжіліс өткізу

ЖҚӘББ, ББ, аудан, қала әкімдері

Ұсыныстар

2009 ж. 16 сәуір

1.2.3.

Кадрларды қайта даярлау бойынша қысқа мерзімді курстардың оқу жоспалары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту

ББ, аудан, қала әкімдері, ЖОО ректорлары (келісім бойынша)

Оқу жоспалары және бағдарламалары

2009 ж. 24 сәуір

1.2.4.

Кадрларды қайта даярлау курстарын жүргізуге жауапты оқытушылар мен кәсіптік оқыту шеберлерінің тізімін жасақтау және бекіту

ББ, аудан, қала әкімдері, ЖОО ректорлары (келісім бойынша)

Оқытушылар мен кәсіптік оқыту шеберлерінің тізімі

2009 ж. 24 сәуір

1.2.5.

Кадрларды қайта оқыту жобаларын жүзеге асыру тиімділігінің көрсеткіштерін анықтау және есеп беру

ББ, ЖҚӘББ, ДСБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

әр айдың 10-на

1.3. Шетелдік мамандарды алмастыру

1.3.1.

Өңірлер және салалар бөлігінде шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар тізімін анықтау

ЖҚӘББ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 26 наурыз

1.3.2.

Жергілікті атқарушы органдар және шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар арасында кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру жөнінде заңмен белгіленген тәртіппен келісім дайындау және қол қою

ЖҚӘББ, ӨКБ, ББ, аудан, қала әкімдері, кәсіпорындар басшылары (келісім бойынша)

Келісім

2009 ж. 2 тоқсан

1.3.3.

Қайта оқытуды ұйымдастыру үшін мамандықтар және кәсіптер тізбесін анықтау

ЖҚӘББ, ББ, ӨКБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. сәуір

1.3.4.

Шетел мамандарын алмастыру үшін қазақстандық кадрларды қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру

ЖҚӘББ, ӨКБ, ББ, аудан, қала әкімдері, ЖОО ректорлары (келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

жыл бойы

2.Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін қайтақұрылымдау және дамыту

(сумен қамтамасыз ету және канализация, жылумен, электроэнергиямен қамтамасыз ету )

2.1.

Қала мен аудан бөлігінде нақты нысандар бойынша тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық нысандарын қайтақұрылымдау мен дамыту жұмысының толық ауқымын анықтау мен зерделеу жүргізу.

ЭКШБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 1 сәуір

2.2.

Қала, аудандарда тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық нысандарын қайтақұрылымдауға және дамытуға қажетті қызмет көрсету жұмысына, тауарға, еңбек ресурстары мен кадрларды қайта даярлауға қажеттіліктерді анықтау.

ЖҚӘББ, ЭБЖБ, ББ, ЭКШБ, КӨБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 15 сәуір

2.3.

Шымкент қаласы мен аудан орталықтарының өміршеңдігін қамтамасыз ететін инженерлік жүйелерін кеңейту, модернизациялау мен қайтақұрылымдау үшін әзірленген жобалық-сметалық құжаттарды белгіленген заң тәртібімен енгізуді жүзеге асыру

ЭКШБ, қала, аудан әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 20 сәуір

2.4.

Шымкент, Түркістан, Шардара, Кентау қалалары мен Сайрам, Төлеби аудандарының қазандық, насосты станциялары, магистралды және ішкіорамдық жылу жүйелерінің құрылысын жүзеге асыру және қаржыландыру мүмкіндігін заңмен белгіленген тәртіппен қарастыру.

ЭКШБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат және РБК қарауына ұсыну

жыл бойы

2.5.

Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Шардара, Қазығұрт аудандары мен Шымкент, Түркістан қалаларының елді мекендерін газдандыруға қаржы бөлу мәселесін пысықтау

ЭКШБ, ЭБЖБ,

аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат және РБК қарауына ұсыну

жыл бойы

2.6.

Мақтарал, Сарыағаш, Отырар, Созақ, Шардара аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларының су құбырлары жүйесінің құрылысына және қайтақұрылымдауға қаржы бөлу мәселесін шешу бағытында белгіленген заң тәртібімен жұмыстар жүргізу

ЭКШБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

РБК және ОБК қарауына ұсыну, облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

3. Мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы мен қайтақұрылымдау, жөндеу және жылыту

3.1.

Қала, аудандардағы жөндеуді қажет ететін мектептер мен ауруханалардың басқа да әлеуметтік нысандардың жалпы көлемін анықтау.

ББ, ДСБ, ЖҚӘББ, аудан, қала әкімдері, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 1 сәуір

3.2.

Аудан, қалаларда мектептерді, ауруханаларды, басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу үшін тауарларға, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерге еңбек ресурстары мен кадрларды қайта даярлауға қажеттілікті анықтау

ЖҚӘББ, ДСБ, ББ, КӨБ, ҚБ, аудан, қала әкімдері, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 15 сәуір

3.3.

Жоспарланған білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысының аяқтаулын қамтамасыз ету

ҚБ, ДСБ, ББ, аудан, қала әкімдері

Әкімдікке ақпарат (ай сайын)

2009 ж. желтоқсан

3.4.

«Облыстық және қала, аудандардың жергілікті бюджеті есебінен білім нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу» жобасын жүзеге асыруды қарастырып, нақты ұсыныстар енгізу

ББ, ҚБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

РБК қарауына ұсыну, облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

3.5.

Облыстың қала, аудандарындағы апатты жағдайдағы 8 мектептер құрылысына қаражат бөлу мүмкіншіліктерін қарастырып, тиісті шаралар қабылдау

ББ, ҚБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

РБК қарауына ұсыну, облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

3.6.

Спорт және мәдениет мекемелерінің нысандарын күрделі жөндеу бойынша сараптама жүргізу және ұсыныс енгізу

МБ, ТСДШБ, ЭБЖБ

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

3.7.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтауға ЖСҚ сәйкес белгіленген заң тәртібімен қосымша қаржы бөлу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізу

ҚБ, ДСБ, ББ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

РБК қарауына ұсыну, облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 2 тоқсан

3.8.

Басымды маңызға ие нысандарға бюджет қаржысын қайтабөлуді қарастыру, ұсыныстар енгізу

ББ, ДСБ, ҚБ, ТСДШБ, ЭБЖБ аудан, қала әкімдері

ОБК қарауына ұсыну, облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 25 наурыз

4. Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта құрылымдау және салу

4.1.

Қала, аудандардағы және нақты нысандар бөлігінде жалпыға бірдей пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу, қайта құрылымдау және салу қажеттілігінің толық көлемін анықтау

ЖКАЖБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 7 сәуір

4.2.

Жобаларды жүзеге асырудың тиімді көрсеткіштерін анықтау

ЖКАЖБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 7 сәуір

4.3.

Қала, аудандардағы жалпыға бірдей пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу мен қайтақұрылымдау, жөндеу үшін, еңбек ресурстары мен кадрларды қайта даярлау, жұмыс және қызмет көрсету қажеттіліктерін анықтау

ЖҚӘББ, УО, ЖКАЖБ, аудан, қала әкімдері, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 14 сәуір

4.4.

Басымдылықты сақтай отырып жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттарды дайындау немесе қайта дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу шараларын қарастыру

ЖКАЖБ, аудан, қала әкімдері

Тиісті бюджеттік тапысырыс бойынша ұсыныс енгізу

2009 ж. 20 сәуір

4.5.

«Бука-Бахт-Мырзакент-Жетісай-Шардара-Байырқұм-Арыс-Темірлан» (Көксарай суреттегішін айналып өтетін) автомобиль жолының құрылысына қаржы бөлу мәселесін пысықтау

ЖКАЖБ, аудан, қала әкімдері

РБК қарауына ұсыныс енгізу, облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 20 сәуір

5. Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын кеңейту және жұмыстан босаған жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету

5.1.

Кәсіпорындар өндірісі көлеміндегі өзгерістер, жұмыспен қамтылғандар мен бос орындар саны жөнінде шұғыл мәліметтер алу және мониторинг жүргізу

ЖҚӘББ, КӨБ, АШБ, ОҚО бойынша СД (келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

апта сайын

5.2.

Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетудің қосымша шараларын қарастыру (атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларына жәрдемақы төлеу, біржолғы материалдық көмек көрсету, басқа да шаралар), қолға алынған, соның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы шараларға мониторинг жүргізу.

ЖҚӘББ, ДСБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері, ЕХӘҚМ ОҚОД

(келісім бойынша)

Комиссияға ақпарат

әр айдың 10-на

5.3.

Кәсіпкерлермен және жұмыс берушілермен қол қойылған меморандумдардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу

ЖҚӘББ, КӨБ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

әр айдың 10-на

5.4.

Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы мәжіліс өткізу

ЖҚӘББ, ӨКБ, аудан, қала әкімдері

Комиссия хаттамасы

әр айдың 10-на

5.5.

Аймақтарды дамытуда, коммуналдық жүйелерді жөндеуде және т.б. жұмыс көлемін нақтылау, қоғамдық жұмыс түрлерін ұлғайтуда қосымша шаралар қабылдау

ЖҚӘББ, ЭКШБ, ЖКАЖБ, ҚБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

әр айдың 10-на

6. Отандық тауар өндірушілерді қолдау

6.1.

Қала, аудандарда тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетудің қазақстандық маңызын көтеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін отандық тауар өндірушілердің картасын және олардың шығаратын өнімдерінің номенклатурасын жасау

КӨБ, аудан, қала әкімдері

Ақпарат

2009 ж. сәуір

6.2.

Жергілікті өндірушілердің қызметтері мен тауарларын жылжытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобын құру, Ұлттық компаниялармен, «Самрұқ-Қазына» ӘӘҚ-мен қызметтер мен тауар сатып алу шеңберінде оның қазақстандық маңызын арттыру үшін Қазақстан өңірлерімен жоспарын әзірлеу. Жергілікті тауар өндірушілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шикізатқа, тауарларға, жиынтық бұйымдарға, жұмыстар мен қызмет көрсетуге деген қажеттіліктерін айқындау

КӨБ, АШБ, аудан, қала әкімдері

Әкім өкімі

2009 ж. 20 сәуір

6.3.

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды, жүзеге асыруға қажетті, алайда облыста өндірілмейтін немесе жеткіліксіз дамымаған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерін анықтау, қажетті кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ осы бағытта өндірістер құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

КӨБ, АШБ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. мамыр

6.4.

Облыста шағын және орта кәсіпкерлігінің заңмен белгіленген тәртіппен қолдау көрсету

КӨБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

6.5.

Мектептер, басқа да арнаулы орта оқу орындарының оқу құрал-жабдықтарына (парталар, тақталар, арнайы кабинеттер, т.с.с.) қажеттіліктерін анықтау. Оларды жергілікті жерлерде кіші және орта бизнес кәсіпорындары арқылы жергілікті ресустар мен материалдардан жасауды белгіленген заң тәртібімен ұйымдастыру

ББ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. 1 сәуір

6.6.

Облыста және оның аумақтарының өндірісі жолға қойылған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетудің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде оның белсенділігін арттыру мақсатында ақпараттар қорын анықтау және жасақтау

КӨБ, АШБ, ББ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

2009 ж. мамыр

6.7.

Түбегейлі іске қосу үшін ортақ қаржыландыруды, қосымша қаржыландыруды қажет ететін бос тұрған бизнес-нысандардың қажетті талдауды қамтитын ақпараттар қорын жасақтау

КӨБ, АШБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 10 сәуір

6.8.

Облыс аумағында экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын ӘКК-мен бірлесе жүзеге асыру мақсатында қарауды ұйымдастыру

«Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), КӨБ, ЭБЖБ, АШБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне және ӘКК ақпарат

ай сайын

6.9.

Құрылыс материалдарын, көмірсутек шикізатын, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі химиялық технологиялық инновациялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру

«Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), М.Әуезов ат. ОҚМУ (келісім бойынша), КӨБ, АШБ, ББ

Облыс әкімдігіне ақпарат

Үнемі

6.10.

Аймақтық, оның ішінде бос тұрған кәсіпорындар базасындағы технопаркті ары қарай дамытуды қарастыру және қамтамасыз ету

«ЦИТТ» АҚ (келісім бойынша), «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), М.Әуезов ат. ОҚМУ (келісім бойынша), КӨБ

ЦИТТ» АҚ ұсыныс, облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 1 тоқсан

6.11.

Облыс экономикасының шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестер іздеп табу мақсатында қазақстандық компанияларды шет елдерде дамыту жұмысын ұйымдастыру. «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты кешенді зерттеу жүргізу

КӨБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Ақпарат

2010-2011 ж.ж.

5 қаңтарға

6.12.

Кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді азайту барысында бақылау-қадағалау міндеттері бар мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен белгіленген заң тәртібімен өзара қарым-қатынас орнату

КӨБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

6.13.

Жылсайынғы «Алтын сапа» көрмесі мен кәсіпкерлер форумын ұйымдастыру, республикалық конкурсқа қатысуына ықпал ету

КӨБ, аудан, қала әкімдері

Форум, конкурс

2009 ж. қараша, жыл сайын

6.14

Облыста шағын кәсіпкерлікті дамытуда Фермерлер мен кәсіпкерлерге жәрдемдесу қорымен, Қауымды несиелеудің Қазақстандық қорымен, Оңтүстік кәсіпкерлер лигасымен, «СодБи» бизнес орталығымен, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен, екінші дәрежелі банктермен, микрокредиттік ұйымдармен (келісімдері бойынша) өзара қарым-қатынас орнату

КӨБ, АШБ, ББ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

үнемі

7. Инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды, агорөнеркәсіп кешенді жеделдетіп дамыту және

«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру

7.1.

«Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы рыногы және қаржы ұйымдары жұмысын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жылдарда экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл Жоспарын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖБ, ҚБ, аудан, қала әкімдері

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2009 ж. наурыз

7.2.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің заманауи өндірісін дамытуда тамшылатып суғару және топырақпен жабу әдістерін қолдана отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің нақты секторын қолдау және үйлестіру, белгіленген заң тәртібімен қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту

АШБ, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), КӨБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне есеп беру

ай сайын

7.3.

Ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру, агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіруді үйлестіру, соның ішінде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді ОҚО әкімдігі және «ҰХ «КазАгро» АҚ арасындағы ауыл шаруашылығы өнімін - мақта-талшығын сатып алу жөніндегі 2009 жылғы 7 наурыздағы меморандумына сәйкес қаржыландыру

АШБ, мақта өндіретін аудандар әкімдері

Облыс әкімдігіне есеп беру

Көктемгі дала және жиын-терім жұмыстары кезінде

7.4.

Жоспарларланған әлеуметтік маңызды жобаларды аяқтауды қамтамасыз ету.

КӨБ, АШБ, ҚБ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Нормативтік құжаттар, облыс әкімдігіне есеп беру

2009-2011 ж.ж.

7.5.

Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру институттары, сондай-ақ «ҰХ «КазАгро» АҚ арқылы қаржыландыру көлемін анықтау және нақты жобаларды жүзеге асыру бойынша белгіленген заң тәртібімен тиісті шаралар қабылдау

АШБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне есеп беру

Көктемгі дала және жиын-терім жұмыстары кезінде

7.6.

Көксарай суқоймасы жобасын және оған қатысты іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру

ТЖД (келісім бойынша), ЭКШБ, ЖКАЖБ, Арыс қ. әкімі

Нормативтік құжаттар, облыс әкімдігіне есеп беру

2009-2011 ж.ж.

7.7.

ТЭН немесе ЖСҚ бар ірі ирригациялық нысандарды салуды және тұрғызуды жалғастыру

ТРТПРБ, ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне есеп беру

2009-2010 ж.ж.

7.8.

Республикалық бюджет есебінен «Шардара суқоймасынан Мақтарал ауданының суармалы жерлеріне машинамен су жеткізу (су қолдануды дефицитін жабу)» жобасын жүзеге асыруға ықпал ету

«Югводхоз» РМК (келісім бойынша), ТРТПРБ, ЭБЖБ, Мақтарал ауданының әкімі

Облыс әкімдігіне есеп беру

2009 ж. 1 маусым (ТЭН, ЖСҚ)

2009-2010 ж.ж. (жобаны енгізу)

7.9

«ОҚО Шардара ауданы Жаушықұм массивінің жерлерін су сақтау технологиясын қолдану арқылы суару (1-кезекте)» жобасын іске асыру

ТРТПРБ, ЭБЖБ, Шардара ауданының әкімі

Облыс әкімдігіне есеп беру

2009-2010 ж.ж.

7.10.

«Оңтүстік» Аумақтық агрокешенінің» (келісім бойынша) инвестициялық бағдарламасын іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау

«Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), АШБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне және ӘКК ақпарат

ай сайын

7.11

Сервистік-дайындаушы орталықтардың уақытылы құрылуын қамтамасыз етужәне тиісті бизнес-жоспарлардың әзірленуін белгіленген заң тәртібімен ұйымдастыру

«Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), АШБ, аудан, қала әкімдері, әлеуетті серіктестер (кәсіпкерлер) (келісім бойынша)

Тірке жөнінде куәлік, облыс әкімдігіне есеп беру

ай сайын

7.12.

МЖС схемасы бойынша жүгері мен сояны өңдеу зауытын салу жөнінде ұсыныстар енгізу және мүмкіндіктерді қарастыру

АШБ, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат және ӘКК ұсыныс

2009 ж.

3-4 тоқсаны

7.13.

Жеміс-жидектерді сақтау орындары мен басқа да қажетті инфрақұрылымдарды салуды, қайта жөндеуді іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және ұсыныстар енгізу

АШБ, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша),

Шымкент қ.,

Сарыағаш, Ордабасы, Сайрам, Шардара аудандарының әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат және ӘКК ұсыныс

жыл бойы

7.14.

СДО базасында облыстың агроөнеркәсіп кешені үшін мамандарды оқыту, даярлау және қайта даярлау орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

АШБ, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), ББ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне және ӘКК ұсыныс

2009 ж. 1 сәуір

7.15.

Қалалар мен аудандарда тауарлы мал өсіруді дамытудағы кезек күттірмейтін шараларды анықтау (кіші жем цехтарын, жүнді бастапқы өңдеу, соғым орындары, т.с.с.).

АШБ, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне және ӘКК ұсыныс

2009 ж. 1 сәуір

7.16.

Азық дақылдарына арналған егін аумақтарын кеңейту арқылы ауылшаруашылық малдарын толыққанды азықтандыруды, қамтамасыз ету үшін тұрақты азық қорын құруға, азықтандыру дақылдарының егін аумақтары құрылымының белгіленген заң тәртібімен өзгеруіне жағдай жасау.

АШБ, аудан, қала әкімдері, «Оңтүстік» ӘКК (келісім бойынша)

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

7.17

Ауылшаруашылық өнімдерін әзірлеуге, сақтауға, өңдеуде, сатуға, сондай-ақ, сервистік қызметтер көрсетуге жағдай жасауда ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің бірлесуіне белгіленген заң тәртібімен ықпал ету

АШБ, аудан, қала әкімдері

АШМ ақпарат

2010-2012 ж.ж. қаңтар

8. Бюджеттік құралдарды тиімді пайдалану

8.1.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының іс-шараларын ортақ қаржыландыруға қайта бағыттау және жергілікті бюджеттердің шығындарын оңтайландыру мәселесін қайта қарау, ұсыныстар енгізу («Жол картасы») (әрі қарай - Жол картасы)

ЭБЖБ, ҚБ, аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар

ОБК ұсыныс, комиссияға есеп беру

2009 ж.

18 наурыз

8.2.

Әлеуметтік төлемдер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне мерзімінде жалақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қабылдау және мониторинг жүргізу

ҚБ, ЭБЖБ, ЖҚӘББ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

Ай сайын

8.3.

Бюджет қаражатын пайдалану бойынша тұрақты мониторинг жүргізу.

ҚБ

Облыс әкімдігіне ақпарат

Апта сайын

9. Ақпараттық-насихаттық жұмыстар

9.1.

Облыс аумақтарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын халық арасында насихаттау үшін тәжірибелі лекторлар мен мамандардан құралған үгіт-насихат топтарын құру, жұмысын ұйымдастыру

ІСБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 26 наурыз

9.2.

«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауының басым бағыттары бойынша облыс активінің жиналысын өткізу

Облыс әкімі аппраты

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. наурыз

9.3.

Жолдауды халық арасында түсіндіру және насихаттау, жол картасын жүзеге асыру бойынша облыстық, аудандық, қалалық медиа-жоспарлар әзірлеу

ІСБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. наурыз

9.4.

Облыстың қала, аудандарындағы бұқаралық ақапарат құралдарында материалдар жариялануын қамтамасыз ету

ІСБ, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

үнемі

9.5.

«Нұр Отан» ХДП ОФ бірлесіп (келісім бойынша) «Отаным - тәуілсіз Қазақстан!» жастар форумын өткізу

ІСБ

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 25 қазан

9.6.

«Облыстағы конфессиялардың өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелері» тақырыбында облыс әкімінің діни конфессиялар басшыларымен кездесуін ұйымдастыру

ІСБ

Облыстық ішкі саясат басқармасы

2009 ж. 26 наурыз

9.7.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жүргізу және олардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізу

Облыс әкімі аппараты

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 8 сәуір

9.8.

«Инновациялық технологияларды енгізу - заман талабы» тақырыбында облыстық ғалымдар форумы

Облыс әкімі аппараты

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. сәуір

9.9.

Саяси партиялар, ұлттық-мәдени орталықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесулер өткізу

ІСБ, кіші ассамблея хатшылығы

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж.

наурыз-сәуір

9.10.

Түркістан қаласында халықтың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған «Ырыс алды - ынтымақ» - тақырыбында басқосу жиынын өткізу

ІСБ

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. 22 наурыз

9.11

1 Мамыр - Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан - береке мен бірліктің мекені» атты облыстық фестивал өткізу

ОҚО кіші ассамблея хатшылығы

Облыс әкімдігіне ақпарат

2009 ж. мамыр

10. Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіппен қамтамасыз ету

10.1.

Қылмысты анықтауға және алдын алуға бағытталған шұғыл-профилактикалық іс-шаралар өткізуге бекітілген заң тәртібімен ықпал ету және іс-шараларға қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерін кеңінен тарту (келісім бойынша)

Құқыққорғау органдары (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

10.2.

Қылмысты жасау фактілері мен азаматтардың арыз-шағымдарын жүргізудегі заң бұзушылықтарды ашу бойынша ашық және ұстанымды саясатты жүргізуді жалғастыру

Құқыққорғау органдары (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

10.3.

Қаржы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу саласындақылмыстың алдын алу бойынша ескерту жөнінде құқыққорғау оргындарымен бірлескен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру

Құқыққорғау органдары (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

жыл бойы

10.4.

Тұрақты түрде, ең алдымен, шекара маңындағы аймақтарда ұйымдасқан қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алудың арнайы операцияларын, терроризм мен басқа да экстремизмнің көріністерін, заңсыз көші-қон мәселесі, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымын болдырмаудың оперативті-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру

Құқыққорғау органдары (келісім бойынша), аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

Жыл бойы

10.5.

Полицияның бөлімшелік инспекторларының қызметін нығайту және полиция бөлімшелерінің жұмысын олардың қажеттіліктерін кезең-кезеңімен қамтамасыз ете отырып, тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Құқыққорғау органдары (келісім бойынша), ЭБЖБ, аудан, қала әкімдері

Облыс әкімдігіне ақпарат

Жыл бойы

Қысқартылған сөздердің аббревиатурасы:

ЭБЖБ - экономка және бюджеттік жоспарлау басқармасы;

ЖҚӘББ - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

КӨБ - кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы;

ББ - білім басқармасы;

ДСБ - денсаулық сақтау басқармасы;

ЖКАЖБ - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

ІСБ - ішкі саясат басқармасы,

ЭКШБ - энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы;

ҚБ - құрылыс басқармасы;

ҚБ - қаржы басқармасы;

АШБ - ауыл шаруашылығы басқармасы;

МБ - мәдениет басқармасы;

ТСДШБ - туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасы;

ТРТПР - табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

ОБК - облыстық бюджеттік комиссия;

ОҚОбойынша СБ - ОҚО бойынша статистика басқармасы;

ТЖД - төтенше жағдайлар департаменті;

СДО - сервистік-даярлау орталықтары;

ЕХӘҚМ ОҚОД - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша департаменті;

ӘКК - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы;

«ЦИТТ» АҚ - «Центр инжиниринг, трансфертов и технологий» АҚ

Published on: 28.09.2015 - 11:26:22
Updated on: 11.01.2016 - 10:09:27
© 2017

Official internet-resorce

Akimat of the South Kazakhstan Region