Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті

-A A +A

Басшылық туралы мәлімет

 

 

 Аты-жөні

Лауазымы

 Телефон

 Азаматтарды қабылдау кестесі

1

Егембердиев Оразғали Қуандықұлы

 Басшы

21-35-02

Әр аптаның сейсенбісі 10:00 – 13:00

       

 

 

Мекенжай: 160013, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Диваев көшесі, №148 үй

Телефондары/факсы: 8/7252/ 32-10-50, 8/7252/ 29-27-26

Сенім телефоны: 8/7252/ 29-01-46

Электрондық мекенжайы: gosnadzukf@rambler.ru

 

    Қазақстан Республикасы

 Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

 2014 жылғы 17 қазандағы

№ 91 бұйрығына

 14-қосымша

«Қазақстан Республикасы

 Инвестициялар және даму министрлігі

 Техникалық реттеу және метрология комитетінің

 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті»

 мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер 

1.«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекенің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгілердегі бланкілері, қазыналық органдарында шорттары бар.

4.Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан және Комитетінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5.Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  1. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Жауапты хатшы бекітеді.
  2. Департаменттің толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по Южно-Казахстанской области».

  1. Департаменттің орналасқан орны: 160212, Шымкент қаласы, Алимбетов көшесі, 18.
  2. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.
  3. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  4. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  5. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеті: техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бақылау.
  2. Департаменттің функциялары:

1)Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;

  1. мемелекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;
  2. тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  3. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
  4. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
  5. заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

16. Департаментті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

17. Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.

18. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.

19. Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

20. Осы мақсаттарда Басшы:

  1. өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда лауазымға тағайындайды және босатады;
  3. Заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне өз орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жаза береді және көтермелей шараларын қолданады;
  4. Департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
  5. Департамент бұйрықтарына қол қояды;
  6. Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

4. Департаменттің мүлкі

  1. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
  2. Департаментке бекітілген мүлкі республикалық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығармайды немесе өзге тәсілмен иелік етпейді.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

“Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі “NADLoC” акционерлік қоғамы индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №922 қаулысына сәйкес (ары қарай - қаулы) “NADLoC”  “Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі АҚ индустриалы-инновациялық қызмет субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдері қабылдауды 2015 жылдың 1 сәуірінен бастады. Берілген қаулымен бекітілген Ереженің  5 және 6 тармақтарына сәйкес, ішкі нарықтағы отандық өндірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дамыту бойынша индустриялы-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде шеккен, оның ішінде:

1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердіжәне сапа менеджментіжүйесінсертификаттауғабайланыстыконсультациялыққызметтерге;

2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердіңжәне сапа менеджментіжүйесініңсертификаттауаудитінжәнесертификаттаусынақтарынжүргізуге;

3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердіжәне сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты персонал біліктілігін арттыруға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі.

Қосымша ақпарат алуға болады телефон 79-95-24

Ресми сайт www.nadloc.kz

Кеден одағының техникалық регламенттері

Кеден одағының техникалық регламенттері

Күшіне енгендер

1

«Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2012ж

2

«Қаптаманың қаіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

3

«Балаларға және жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

4

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

5

«Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

6

«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

7

«Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2012ж

8

«Автомобиль және авиациялық жанармайға, дизель және кеме жанармайына, реактивті қозғалтқыштардың жанармайы мен мазутқа қойылатын талаптары туралы»

31 желтоқсан 2012ж

9

«Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2013ж

10

«Техникалық жабдықтардың электрлік магниттік үйлесімділігі»

  15 ақпан 2013ж

11

«Машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2013ж

12

«Жарылыс қауіпі бар ортада жұмыс жасауға арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2013ж

13

«Газ тәрізді жандырғымен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2013ж

14

«Лифттердің қауіпсіздігі»

15 ақпан 2013ж

15

«Астықтың қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2013ж

16

«Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2013ж

17

«Тағамдық өнімнің заттаңбалануына қатысты»

1 шілде 2013ж

18

«Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдерінің техникалық регламенті»

1 шілде 2013ж

19

«Май өнімдерге қатысты техникалық регламент»

1 шілде 2013ж

20

«Арнайы тамақ өнімдерінің жеке түрлерінің, сонымен қатар диеталық емдік және диеталық алдын-алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2013ж

21

«Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты талаптар»

1 шілде 2013ж

22

«Шағын көлемді кемелердің  қауіпсіздігі туралы»

1 ақпан 2014ж

23

«Артық қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»

1 ақпан 2014ж

24

«Майлау материалдары, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»

1 наурыз 2014ж

25

«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 мамыр 2014ж

26

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 мамыр 2014ж

27

«Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2014ж

28

«Жарылғыш заттардың және олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы»

1 шілде 2014ж

29

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы»

1 қаңтар 2015ж

30

«Автокөлік жолдарының қауіпсіздігі»

15 ақпан 2015ж

31

«Орман шаруашылығы және ауыл шаруашылықтарына арналған тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы»

15 ақпан 2015ж

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі