Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар, мемлекеттік органға мына құжаттарды тапсырады:

  • өкілетті орган бекіткен үлгідегі өтініш
  • өкілетті орган бекіткен үлгідегі толтырылған сауалнама;
  • кадрлар есебі жөніндегі (нақтылы тұратын мекен-жай және телефон, сонымен қатар байланыс мәліметтері) толтырылған жеке парақша;
  • білім жөніндегі құжаттардың көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
  • бекітілген үлгіде денсаулығы туралы анықтама;
  • 3х4 көлемдегі бір фотосурет;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі.

Білімі және жұмыс тәжірибесі, біліктілік дәрежесі және беделі жөніндегі қосымша мәліметтерді беруге болады (біліктілік дәрежесін жетілдіру туралы, ғылыми дәрежелерінің, мінездемелердің, кеңестердің, ғылыми жарияланымдар т.б құжаттардың көшірмесі).

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі