Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыс жаңалықтары

-A A +A
0806/17

ОҚО әкімі тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап беретін болады

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Бүгін 8 маусым күні сағат 19-00-де Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Шымкент» телеарнасында халықтың үні мен биліктің ісін үйлестіруге арналған «Әкім сағаты» хабарына  қатысады. 1,5 сағаттық тікелей эфирде өңір басшысы тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап беретін болады.

1601/18

Жолдау – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Бір үйдің баласындай ұйымшылдықпен жұмыс істеп келе жатқан оңтүстікқазақстандық ассамблея мүшелері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, түсіндіру жұмыстарын қызу бастап кетті.

1601/18

ОҚО-да биыл 90 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Халықты жұмыспен қамту 2018-2019 жылдарға арналған» кешенді жоспары аясында 90 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы негізінде 296 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылатын болады. Бүгін бұл туралы Үкіметтің онлайн режимде өткен селекторлық отырысында баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

1601/18

ОҚО: Арыста қуаты 14 МВт болатын күн электр станциясы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында қуаты 14 мегаватт болатын күн электр станциясы салынады. Станция құрылысына шамамен 12 миллион доллар бөлінетін болады. Мұндай келісімге 13 қаңтарда өткен Абу-Дабидегі IRENA ассамблеясының сегізінші сессиясында ҚР энергетика министрлігі қол жеткізіп отыр.

1601/18

ОҚО-да төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында өңіріміздегі су қоймаларының бүгінгі жай-күйі талқыланып, көктемгі тасқынның алдын-алу шаралары пысықталды.

1501/18

Ассамблея мүшелері Жолдаудан туындаған міндеттерді саралады

Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

1301/18

ОҚО ӘКІМІ МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ПІКІР АЛМАСТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев үздік медиаторлардың бірі жерлесіміз Лаура Ақшегіровамен кездесті. Кездесу барысында еліміздегі медиация институтын дамыту мен тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, облыстық медиация өкілдігінің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
1201/18

ОҚО-да 4 басқарма қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдау шарасына облыстық Сәулет және қала құрылысы, Құрылыс, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Ауыл шаруашылығы басқарламаларының басшылары қатысып, өңір азаматтарының арыз-шағымдарына жауап берді.

1201/18

ОҚО әкімі Бас мүфтимен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті.

© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі