Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ереже

-A A +A

«Оңтүстік Қазақстан облысының білім

басқармасы»  мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы     23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы      № 46/383-V «Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Мемлекеттік мекемелер туралы» облыс әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.

 

Д.Сатыбалды

 

С.Қаныбеков

А.Абдуллаев

 

 Б. Жылқышиев

 

Е.Садыр 

К.Мендебаев

 

Е.Айтаханов

С.Тұяқбаев

 

Облыс әкімі                                                      Б.Атамқұлов

Жарияланған: 28.02.2016 - 18:40:30
Жаңартылған: 11.03.2016 - 12:43:27
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі