Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыс әкімі аппаратының басшысы

-A A +A
Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков
Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков

Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы 

Түлкібас ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі