Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы лауазымына  Арман Сәбитұлы СӘБИТОВ тағайындалды.

24.03.2017
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, ҚР ДС Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды. Мұндағы келісімге сәйкес 150 түрлі препараттың құны жыл соңына дейін өзгермейтін болады. 
 
24.03.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған жұмыс тобы Өзбекстан Республикасына барды. Делегация құрамында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және индустрия, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жауапты өкілдер болды.

24.03.2017
  Кеше киелі Түркістан қаласында  «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында  Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал  бүгін сол мерекенің жалғасындай боп  Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті.   Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен  мерекеге  жиналған жұрттың санында есеп жоқ.
22.03.2017

Түркі жұртының рухани да киелі астанасы - Түркістан төрінде бүгін түркітілдес халықтардың әні әуелеген күн болды. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесі аясында өткен мерекелік Гала-концертте Түркітілдес елдер мен Қазақстанның 160-тан астам өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

21.03.2017
Бүгін түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан шаһарында «Түркістан және Түркология» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шетелдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. 
 
21.03.2017
Түркістан қаласында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда. 
 
21.03.2017
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» шарасы өтті. 
 
21.03.2017
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы маңында «Шатқал» бағдарламасы аясында Юнус Эмре атындағы саябақтың іргетасы қаланды. Шараның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, саябақтың алғашқы шыршасын отырғызды. 
20.03.2017
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен, аймақ  басшысы Сарыағаш қаласындағы 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, пәтер кілттерін тапсырды. Сондай-ақ шара барысында облыс басшысы  Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Денисенконың үйіне кіріп, қуанышымен бөлісті.
 
20.03.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі