Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ОҚО-да саятшылық өнерді ұлықтауға арналған шара өтті

-A A +A
1402/18

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Салбурын - мереке ғой саятшыға» атты этнографиялық шара өтті. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында өткен басқосуды облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.  Шараның мақсаты - саятшылық, құсбегілік өнерді қайта жаңғырту. Мұнда қазақтың төл өнерін жанына серік еткен облыстағы жігіттер қауымы бақ сынады.  

Этно-танымдық шараның ашылу салтанаты қатысқан белгілі жазушы Мархабат Байғұт, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы, белгілі саятшы Мұхтар Атахан ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы мәні жайын сөз етті.

«Саятшылық, аңшылық – бұл қазақтың қанға біткен төл өнері. Мұнда ердің - жігіттігі, батылдығы, ептілігі сынға түседі. Бүгінгі заманда біз осындай ұмыт бола бастаған, өскелең ұрпаққа үйретуге тиіс құндылықтарымызды жаңғыртып, көрсетіп отыруымыз керек. Бұл – әрқайсымыздың парызымыз», - деді Мархабат Байғұт.

Шара аясында бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жайында ой-пікірлер айтылып, іс жүзінде ел алдында көрсетілді. Оңтүстік өңіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуенов пен саятшы Мұхтар Атахан өз кәсіптерінің қыр-сыры туралы мағлұматтар беріп, саятшылық дәстүріміз туралы толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, саятшылық пен аңшылық жайлы қысқа метражды бейнефильм түсірілді. Танымдық шара соңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаев атсалысқан азаматтарға алғыс  білдіріп, шарада ерекше көзге түскен саятшыларды марапаттады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 


© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі