Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ОҚО-да тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі талқыланды

-A A +A
1805/17
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» Акционерлік қоғамы төрағасы Марат Садуовтың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті.  Жиынға облыстық, қалалық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшылары мен мамандары қатысты.  Мәжілісті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып  Бөкенбаев жүргізіп отырды. 
 
Айта кетейік,  бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында  3152 көпқабатты тұрғын үй бар.   Оның 2559-ы кондаминиум нысаны ретінде тіркелген.  Ал нәбәрі 970 үйге ғана 18 пәтер иелерінің кооперативтері мен 9 сервистік компаниялары қызмет көрсетеді.  Бұл республикаға шаққанда ең төменгі көрсеткіш болып есептеді. Өйткені шымкенттік көпқабатты үйлердің тұрғындары үйді басқару органдарына сенімсіздікпен қарап, олардың  қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайды. 
 
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үйлердің басым бөлігі  1950-1990 жылдары салынуына орай ортақ инфрақұрылым жүйелерінің тозу денгейі өте жоғары болып отыр. Соның салдарынан тұрғын үйлердің басым бөлігінде бір ғана жылу энергиясынан нормативтік талаптан тыс ысырапсыз шығындар 38 пайызға артып отыр. Сондықтан бүгінгі жиынның маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл түйткілдер толығымен шешімін табатын болады», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөекенбаев. 
 
Алдағы уақытта өзге қалалардағы көпқабатты тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметі  зерттеліп, өзара тәжірибе  алмасу жосарланып отыр. Өйткені қазіргі таңда  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында, көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, күтіп-ұстау, оларға қызмет ету ең басты және өткір де өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. 
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі