Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ОҚО-да үш этноқалашық салынады

-A A +A
2004/17

Оңтүстік Қазақстан облысындаға Шымкент, Түркістан   қалалары мен Отырар ауданыда  дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – көне мұраларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісінде мәлім болды. Кеңес отырысына ҚР Сәлетшілер Одағының Төрағасы Ақмырза Рүстембеков пен елімізге танымал сәулетшілер мен қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.

«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жеріміздегі тарихи кешендерді қалыпқа келтіру мен  оларды әлемге таныту жайында ерекше тебіреніспен жазды. Ал еліміздегі архиологиялық мұралардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында. Сондықтан көне мұраларымызды сақтай отырып, бірлесе кеңесіп  жаңа сәулеттік ғимараттарды дүниежүзілік талаптарға сай етіп салуымыз қажет. Ол ғасырларға қалатын ерекше ғимараттар болуы тиіс. Осындай сәулетті нысандарымыз арқылы туристердің санын арттыруға болады»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аймақ басшысы бірінші кезекте туризмді дамытуға үлес қосатын Түркістан қаласы мен Отырар аудандарындағы жобаларды тездетіп қолға алуды тапсырды. Өйткені ЭКСПО-2017 көрмесі жақындап келеді. Аталған халықаралық көрме аясында облысымызға туристер ағылады деп жоспарланып отыр. Ең басты мәселе – туристік бағыттағы аудан-қалалардағы көшелер мен инфрақұрылымдық, сервистік қызметтердің сапасын жақсарту. Биыл Елбасы тапсырмасына сай «Шымкент СИТИ» жобасының құрылысы қарқын алу тиіс. Қазір аталған аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта этноқалышық құрылысы жанданады. Осы мақсатта Шымкент қаласының бас архитекторы Нұрлан Арқабаев кеңес мүшелеріне этноқалашықтың жаңа нобайын таныстырды.

Сондай-ақ жиында Шымкент қаласындағы ескі қалашық аумағы мен «Қошқар ата» өзенінің бойын абаттандыру және облыс пен қалаға кіреберіс қақпаларының, «Цитадель», «Қарауылтөбе» жобалары таныстырылды. Бұл жөнінде облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов пен «Сәулеттік бюро» КММ-нің директоры Бақытжан Әшірбаев кеңінен әңгімелеп берді. Ал, қаладағы Асар мөлтек ауданындағы тұрғын үй кешендері туралы «Корпарация АҚ ордасы» ЖШС директоры С.Қалыбеков баяндады. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі