Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ОҚО-да жол бойына 100 мыңға жуық көшет отырғызылады

-A A +A
1303/18

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірде көгалдандыру жұмыстары жыл сайын қарқын алып келеді. Аймақ басшысы негізгі жұмыстар қаланың архитектуралық келбетін жақсартуға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталатынын атап өткен болатын.

Айта кетерлігі, биыл облыстағы тұқымбақтардан 2 миллионға жуық көшет тегін беріледі. Олар өңірді көгалдандыру жұмыстарына жұмсалатын болады.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдар бойына 100 мыңға жуық көшет отырғызалады. Қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Оңтүстік жолдары" кәсіпорнының тарапынан жолдар бойына 9 мыңға жуық көшет отырғызылды.  Сондай-ақ, басқарманың ұйытқы болуымен алдағы уақытта қосымша 10 мыңнан астам көшет егілетін болады. Осылайша Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен барлық аудандардағы жол бойлары болашақта жасыл желекпен толыға түседі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 


© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі