Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында «Инвестициялық cалымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу» бойынша» өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды

-A A +A
1805/17

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысында инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтінімдер қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегіжаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылдың 01 ақпандағы №48 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық cалымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар Қағидаларын бекіту туралы» қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың ішінде қаралады.

2017 жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Өтінімдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қабылданады.


© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі