Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстіктің өнерлі жастары тау баурайында бас қосты

-A A +A
1707/17

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында  түрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен, айтыскер ақын, қолөнер шеберлері мен талантты жастарды қолдау, оларды ынталандыруға бағытталған  «Оңтүстіктің өнерлі өрендері» атты облыстық  дарынды  жастар лагері өтті.

Лагердің мақсаты – жас ақындар мен қолөнер шеберлеріне, жас суретшілер мен өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық деңгейін жоғарлату және өнерлі жастардың арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру.

Басқосу аясында аудан, қалалардан келген 200-ден аса өнерлі жастар қолөнер, сурет салу бағыты бойынша, айтыскер ақындар мен жазба ақындар бағыты бойынша және дәстүрлі ән, эстрадалық ән салу бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша арнайы келген тәжірибелі мамандармен пікір алмасты.

Жиын барысында қатысушы өнерлі жастар өзара сайысқа түсіп, қолөнершілер мен суретшілердің көрмесін ұйымдастырып, дарынды жастардың кешін ұсынды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі