Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Шардарада алғаш рет желкенді қайық спорты жұмысын бастады

-A A +A
0907/18
Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында желкенді қайық спорты жұмысын бастады. Күн жылығаннан бастап аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағынан ашылған мекемеде екі маман жұмыс істеп, мектеп жасындағы жасөспірімдерді жаттықтырып келеді. Қазіргі таңда 50 жасөспірім осынау спорт түрімен шұғылданып, тәп-тәуір меңгеріп қалды. Шағалалы өңірде бұл спорт түрі сонау 1976 жылы ашылып, Кеңес үкіметі тараған кезге дейін жұмыс істеген екен.
Шағалалы Шардара жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені белгілі. Осынау жұмысын жалғастырып келе жатқан желкенді қайық спорты да мұндағы жағажай туризмінің күннен күнге дамып келе жатқанын аңғартса керек. Бұл жұмыстарды одан әрі өркендету мақсатында бүгінгі таңда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. 
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысанның құрылысы қаралған. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд. теңге, оның ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 1,7 млрд. теңге жоспарлануда. Объектілер құрылысын бастап, жер учаскесін алуға көптеген инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен келуші туристер санының 45 мыңнан асып жығылуы жоспарлануда.  
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі