Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Жаңалықтар

-A A +A
Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. 
18.07.2018
Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті.
Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты. 
18.07.2018
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясынан келген делегациямен кездесті. Хубэй провинциясының Халық өкілдері жиналысы жанындағы тұрақты комитеті директорының орынбасары Ван Лингпен болған жүздесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. 
18.07.2018
Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 500 пәтері, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. 
 
18.07.2018

Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда.  Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

18.07.2018
Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. 
 
17.07.2018

Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінгі күні 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Ал осы аталған медициналық ұйымның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Жыл соңына дейін қалған 10 медициналық мекеме ақпараттық жүйемен толықтай қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мәлім етті.

17.07.2018

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады.

Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер "Сайып ата" шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес адам жұмыспен қамтылған.  

17.07.2018

Қазақстандағы цифрлық телевидение – ауқымды мемлекеттік жоба

 

 Таяу жылдары цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі Қазақстанның барлық аумағын жабады.

 

2006 жылы Женевада аналогты телехабар таратудан цифрлыққа көшу бойынша халықаралық конвенция қабылданған, Аймақтық радиобайланыс конференциясы өткенін естеріңізге сала кетейік. Келісімге 100 аса ел өкілдері қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар.

16.07.2018
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі