Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ МӘСКЕУДЕ ТЕГІН ОҚИДЫ

-A A +A
2308/18

Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев  ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді. Осы жиында Жансейіт Түймебаев Түркістан облысында ұстаздар қауымына мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау күшейтілетінін атап өтті. Мәселен, биылғы қыркүйек айынан бастап ұлттық біліктілік тестілеуден өткен 4200 педагогтың айлық жалақысы санаттарына қарай 30-50 пайызға артады. Оған облыстық бюджеттен 1 млрд. 67 млн. теңге қаралды. Биыл жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беріп жатқан 32 мыңнан астам ұстазға 30 пайыз жалақы қосылды. Оған бюджеттен 10 млрд. 290 млн. теңге қаралған.

— Облысымыз Түркістан облысы болып аталып, облыс орталығының Түркістан қаласына көшуі де ұстаздарға оң әсерін тигізіп жатыр. Егерде, Сіздер Түркістан қаласына келген жағдайда айлық жалақыларыңызға 20 пайыз қосымша ақы, еңбек демалыстарыңызға 7 қосымша күн, еңбек демалыстарыңызға 1 айлық қосымша сауықтыру ақысы қосылады. Әлеуметтік сала қызметкерлері мен ұстаздар қауымы үшін Түркістан облысының  13 ауданында инвесторлар есебінен 14 мың шаршы метрлі 31 тұрғын үй салынып жатыр, — деді облыс әкімі.

Бүгінде Түркістан облысында кәсіптік білім сапасын көтеру мәселесіне әкімдік тарапынан назар аударыла бастады. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды саланың бірі – техникалық және кәсіптік білім беру. Себебі, кәсіптік білім мекемелерін бітіруші түлектердің 25-30 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілмей келеді. Ол мемлекеттік тапсырысты дұрыс қалыптастырмаудан. Қоғамға нақты қандай мамандар қажет екені жіті зерттелмегендіктен жастардың біразы дипломға сай жұмыс таппай жүр. Осы олқылықты жою мақсатында биыл кәсіптік маман даярлау бағытында мемлекеттік тапсырысты жүйелеу үшін 7 жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ қоғамға аса қажетті мамандықтарды саралаған. Осы жаңа формат бойынша биыл өңірге қажетті мамандар даярланады, жұмыссыздар саны азайып, мемлекет қаржысы тиімді мақсатта жұмсалады. Биыл мемлекеттік тапсырысқа республикадан 3 млрд. 900 млн. теңге ал, облыстан 17 млрд. теңге қаралды. Нақты қадам арқылы кәсіптік білімнің сапасы көтеріліп, облыс экономикасына қажетті мамандар тапшылығы мәселесі де шешілмек.

Түркістан облысының мұғалімдері үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Биыл бірінші рет өңір ұстаздарына М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына  20 грант бөлінді. Олар үш мамандық бойынша әлемдегі ең атақты оқу орындарының бірінде білімін жетілдіріп қайтады. Игі іске облыс бюджетінен қаржы қарастырылған.  Сонымен қатар, Қазығұрт ауданында  орналасқан Ж.Қаппаров атындағы физика-математика бағытында оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатына шеттен келген мұғалімдері үшін 15 жеке үй құрылысын салу үшін құжаттар дайындалып жатыр. Аталған бастамалар Түркістан облысында білім саласына серпіліс әкеледі деген сенім бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі