Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Түркістанда су спорты дамып келеді

-A A +A
1404/18

Соңғы жылдары елімізде су спорты етек жайып келеді. Десе де бұл спорт түрімен айналысушылар негізінен облыс орталықтарында және ірі қалаларда көптеп саналатыны белгілі. Енді солардың қатарынан Түркістан қаласы бой көрсетіп келеді,-дейді Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Тарқатып айтсақ, шаһарымыздың орталығында 2014 жылдың тамызынан «Түркістан су спорты кешені» өз жұмысын бастаған. Спортсүйер қауым сол сәтте қуанып, «Алдағы күндері су спорты саласында Түркістанның атын шығаратын жүзгіштер тәрбиеленетініне күмәніміз жоқ» деген-тін. Сол үміт ақталып, қаламызды республикаға танытқан Нұрасыл Божбанбайдың жеңісі аталған су спорт кешені ұжымының тынымсыз еңбегі мен түркістандық жанкүйерлердің ықыласпен айтқан тілегінің шынайылығынан болса керек.

Сол тілек пен еңбектің өтеуі іспетті жақында Көкшетау қаласында «Жемчужина Бурабая» атты жүзуден 2007 жылы және одан төмен туылған балалар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістанның тумасы Нұрасыл Божбанбай 50 м брасс әдісімен (43.23 м.сек нәтижесімен) жүзіп, III орынды иеленді. Еліміздің түкпір-түкпірінен  келген 28 команда ішінде 600-ге тарта бала арасында жүлделі орынға қол жеткізген Нұрасыл қаламыздағы М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы. Сонымен бірге, су спорты кешенінің тәрбиеленушілері 2017 жылдан бері көңіл қуантарлық жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. Қазіргі күні түркістандық жас спортшыларымыздың облыста тіпті республика көлемінде мерейлері үстем.

Бұл ретте «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, Ғалымжан Құдияров басшылық ететін су спорты кешенінің («ОҚО Ә.Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК-нің су спорт кешені) жаттықтырушылары Арман Жүзеев пен Нұрлыхан Көшербаевты нәтижелі еңбегі бар екенін айта кету қажет.

 


© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі