Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының діни ахуал бойынша АҚПАРАТ

-A A +A

Діни бірлестіктер  мен филиалдар саны

Облыс көлемінде 11 діни конфессияға енетін  60 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: православиелік – 18; католиктік -1; иудейлік - 1; протестанттық – 39; бахаи -1.

Сонымен қатар 795 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде: исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) филиалдары – мешіттер саны – 792, исламдық емес бағыттағы филиалдар – 3.

Миссионерлік қызмет туралы

Облыста  заңды  түрде  тіркелген  13  миссионерлер  жұмыс атқаруда. Олар: христиандық-протестанттық бағытында – 4; католиктік – 4, исламдық - 5.

Ақпараттық-түсіндіру  топтардың (АТТ) қызметі туралы

Жыл басынан бері облыстық АТТ тарапынан 794 кездесулер өткізіліп, оларға 110702-ге жуық адам қамтылды.

Қалалық, аудандық АТТ тарапынан 2374 кездесулер өткізіліп, 171299-дан аса адам қамтылды.  

Жалпы, өткізілген кездесулердің саны 3168 болса, оларға қамтылған адамдардың саны 282001 асып отыр.

БАҚ-ғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 

Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда діни тақырыпта арнайы 10 бағдарламалар ашылып, жұмыстарын жалғастыруда.  Жыл басынан бері облыстағы 7 телеарналарда діни тақырыптарда 562 көрсетілімдер мен сюжеттер, «Қазақстан-Шымкент» радиосында 44 хабарлар шығарылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері дін саласына қатысты 1100-ге жуық мақалалар жарық көрді.

Діни экстремизм, терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің  www.centerе-uko.kz интернет сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында жыл басынан  310 іс-шара, 95 ғибратты сөздер, 50 мақалалар, 2 ИГИЛ туралы бейнероликтер және «Біз Құранды білеміз бе?» бағдарламасының 31 бөлімі  енгізілді.

Жарияланған: 30.09.2015 - 16:04:15
Жаңартылған: 28.10.2016 - 11:04:38
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі