Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Онлайн конференция

-A A +A
Кему бойынша іріктеуСұрақтар
20Сұрақ: Бұқаралық ақпарат құралдары солтүстік аймақтарда оңтүстіктер үшін тегін жоғары білім алу мүмкіндігі бар екендігі көп жазды. Сол туралы түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: 2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында «Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты – жастардың ішкі миграциясын қалыптастыру, оңтүстік аймақтардағы жастарды Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуды қамтамасыз ету. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен жастар жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі. 2016 жылға солтүстік аймақтардағы (Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстары) 22 жоғары оқу орынына 3162 республикалық грант, 30 колледждерге 1000 грант бөлінген болатын. Ағымдағы жылғы 23-31 шілде аралығында 22 жоғар оқу орындарының өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚМУ «А» оқу корпусында талапкерлерден құжат қабылдау жүргізіп, нәтижесінде 1-ші таңдау құқығы бойынша 3742 талапкер құжат тапсырса, барлық 4 таңдау құқығы бойынша 8 897 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде техникалық мамандықтарға (грант саны – 1717) – 4175 (бір орынға – 2,4), педагогикалық мамандықтарға (грант саны – 1000) – 2491 (бір орынға – 2,4), ауылшаруашылығы мамандықтарына (грант саны – 345) – 1207 (бір орынға – 3,4), медицина мамандығына (грант саны – 100) – 1024 (бір орынға – 10,2). Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін шығарылатын болады.
16Сұрақ: Салеметсизбе! мен 3 жыл уакыт мемлекеттик мекемеде азаматтык кызмет (келисим шарт) аткардым, 1 жыл болды мемлекеттик кызметке ауыстым. 3 жылдык енбек отилим (стаж) мемлекеттик есептелинедиме?
Жауап: Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №298 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды. Осы қағиданың 3 тармағы 8 тармақшасында мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт кіретіндігі көрсетілген. Ал, осы қағиданың 3 тармағы 9 тармақшасында егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт кіретіндігі көрсетілген. Сондай-ақ, осы қағиданың 5 тармағында лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды. Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты, Сіздің мемлекеттік мекемедегі келісім шарт негізінде 3 жыл атқарған еңбек өтіліңіздегі жалпы еңбек өтіліне кіреді. Яғни Сіз мемлекеттік қызметке тағайындалған күннен бастап, Сіздің еңбек өтіліңіз 1 жыл болып есептелінеді
21Сұрақ: Жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында қандай шаралар жүргізілуде?
Жауап: Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында 2016 жыл басында кәсіпкерлерге облыс әкімдігінің «Кәсіпкерлік мектебімен» екі жақты жоспар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдың бірінші тоқсанында 23 460 жас кәсіпкер түрлі бағыт бойынша жұмыстар атқаруда. Облыстық кәсіпкерлік мектебі мен жастар ресурстық орталықтары арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде аудан, қалаларда «Өркен старт-ап» жобасы аясында 108 кездесу ұйымдастырылып, 6 573 жас қатысса, 525 жас арнайы курстан өткізілді.
17Сұрақ: Мен келесі жыл университетті бітіремін, өзім үздік қатарындамын. Өзім университетті бітірген соң, мемлекеттік қызметке орналасқым келеді. Үздік бітірген түлектерге жұмысқа орналасу бойынша мемлекет тарапынан қандай мүмкіндіктер бар?
Жауап: Қазір елімізде мемлекеттік қызметте сатылай өсу дәстүрі қолға алынған, яғни «Меритократия» қағидасы бойынша білікті мамандарды тауып оларға қолдау көрсету. Жыл сайын облыстағы жоғары оқу орындарын үздік бітіріп, мемлекеттік қызметке ынтасы бар жас түлектерден жоғары оқу орындар тізімін жасап, облыстық жастар мәселелері жөніндегі басқармасына «Алтын қор» кадрлар резервіне енгізу үшін жолданылады. Атап айтқанда, биылғы жылы «Алтын қор» кадрлар резервін қалыптастыру кезінде 70 жас түлек енген. Аталған студенттерге ОҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында «Алтын қор» кадрлық резервін жасақтау мақсатында маусым айында оқу орындарының үздік бітірушілеріне арналған 3 күндік оқыту семинары өткізіліп, қатысушылар арнайы сертификат иеленді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші реформасы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» жөнінде нақты тапсырма жүктегені белгілі. Осыған орай мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында, нақты айтқанда 17-19 маусымда Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы «Бастау» демалыс аймағында аудан, қала әкімдіктерінің және облыстық басқармалардың жас мемлекеттік қызметшілері, ЖОО-ны үздік бітіруші түлектерінің «Алтын қор» кадрлық резерві, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің, жалпы 200-ге жуық жастың қатысуымен «Жастар – Отанға саяси лагері» ұйымдастырылды. Үш күнге созылған семинарда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздің әлеуметтік дамуы, діни тұрақтығы мен конфессияаралық татулығы тақырыбында тренингтер өткізді. Арнайы семинардан өткен студент жастар мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтармен қысқа мерзімде оқып үйреніп, облыс аумағында бос тұрған ікімшілік орындарға құжаттарын тапсырып, арнайы комиссиядан іріктеуден өтеді. Қазіргі таңда, «Жастар практикасы – 2020 бағдарламасы» бойынша Жас мамандар аудан, қалалар мен ауыл әкімдіктеріне және облыстық басқармаларға жұмысқа жолданып, меритократия қағидасы негізінде сатылай өсіруге ынталандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасымен бірлесіп, 2016 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіруші түлектерге облыстық прокуратурада ашық есік күні ұйымдастырылып, жеке қабылдаулары болып өтті.
9Сұрақ: УваЖаемый, Бейбут бакирович! мы жители д. 62, 64, 57, 51, 18 мкр-на г.шымкент. вынуждены обратиться к вам, т.к. Тоо "ас бай и компания" занимаясь ремонтными работами возле дет.сада. "ердаулет" нанесли ущерб. тяжелые грузовики проезжали через наш двор и поломали игровые элементы, ирригационные лотки и прилежащий к нему мостик, хотя есть другой асфальтированный путь , по которому можно было проехать. при обращении восстановить ущерб мастер по имени Талгат оскорблял нецензурными выражениями. инженер абильдаев нуржан и алпамыс при присутствии участкового обязались восстановить ущерб. но обещание не выполнили. нас обманули. из-за неисправности ирригационнного лотка во дворе может возникнуть потоп при дождливой погоде. просим вас принять соответствующие меры по отношенпию к тоо "ас бай и компания" компания, которая для совершения одного дела наносит вред окружающим не должна работать в нашем обществе. с/у домком : байтыкова кенже
Жауап: По обрашению в блог акима ЮКО жителя 18 микрорайона города Шымкент Байтыковой К. было создана комиссия и проведено обследование дворовой территории. По результатам обследования специалистом аппарата акима Енбекшинского района, главным инженером ТОО «Ақ Нұр-Строй» и заявителем комиссионно составлен акт. Главный инженер ТОО «Ақ Нұр-Строй» дал расписку о том что востановительные работы будут проведены до 20.08.2016 года.
18Сұрақ: Қазір оқуды бітіріп, жұмыссыз жүрген жастар көп, осы бағытта басқарма тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
Жауап: Кез келген жас диплом алған кейін жұмысқа орналасу ниеті бар болса, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында, ен алдымен жергілікті жұмыспен қамту орталықтарға жұмыссыз ретінде тіркеліп, бос жұмыс орындарының ішінен мамандығына сәйкес жұмысты таңдайды немесе қажеттілікке қарай қайта даярлау курстарға барады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасынан болек, облысымызда «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламалары іске асырылуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 694 жас маман жұмысқа орналауы жоспарланып, бүгінгі күнге 396 жас маман жұмысқа орналастырылды. 2016 жылдың 1 тамызға «Жастар практикасына» 4 572 жас жұмыспен қамтылды. «Жастар практикасын» мерзімінен бұрын аяқтаған 1 834 адамның 1 331-і (72,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, 1 141 жас (оның ішінде 569 ауыл жастары) уақытша ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 1350 жасты жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 406 жас жұмысқа тартылды. Олардың еңбек жалақысы орташа 30 000 – 35 000 теңгені құрады. 2016 жылы студентттік құрылыс жасақтарына 500 студентті тарту жоспарланып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылыс мамандығында білім алатын 360 студент кұрылыс жұмыстарына қамтылса, аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік құрылыс нысандарында 140 жұмыссыз жастар тартылды. Орташа айлық жалақылары 55-60 мың теңгені құрады.
19Сұрақ: Қазіргі таңдағы жастар еліктегіш, сезімге берілгіш келеді. Әртүрлі жағдайларға тап болады, бірі қаржы тапшалығынан қиналса, екіншілері достарымен, ата-аналарымен түсінісе алмай жатады, әлеуметтік желідегі түрлі түсініксіз желілердің жетегінде болады. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?
Жауап: Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау да кіреді. Өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидатының, зиянды әдеттерден бас тартудың, салауатты өмір салтын ұстанудың бұрынғыша маңыздылығы жоғары. Бүгінгі күнге облысымызда 5 193 спорт нысандары (оның ішінде 4051- ауылдық жерлерде) халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, жалпы білім беретін 1022 мектепте 743 спорт зал оқушыларға қызмет көрсетсе, оның ішінде 583 спорт залдары жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді, яғни облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сабақтан тыс уақыттарда кешкі сағат 19:00-22:00 дейін ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жағдайлар жасалынған. Студенттер арасында ұйымдастырылатын «Ұлттық студенттік лигасы» ойындарында біздің студент жастарымыз жоғары орындарынан көрініп, қатарынан екі жыл 2014 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2015 жылы Қазақстан инжинерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті бас жүлдені жеңіп алды. Осы студенттік лига ойындарының биылғы ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен 6 мамыр күні сағат Шымкент қаласындағы Абай саябағында өткізілді. Одан өзге жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында «Street Workout» спорттық ойыны соңғы екі жылда белсенді жұмыс жасауда. Бүгінгі күні «Басқа жол» деген атаумен көше жастарының басын қосып салауатты өмір салтына жастарды кеңінен тартып жүрген бұл ұйым Шымкент қаласы мен жақын маңдағы ауылдардағы 2 мыңнан аса жастар спорт түрлерімен шұғылдануда. Осы мақсатта басқарма тарапынан жастар арасында көше спорттын дамыту және маргиналды жастарды осы спорт түріне тарту мақсатында арнайы «ШымкентФест» және «Street Workout» жобалары әзірленіп, арнайы қаржы бөлінді.
22Сұрақ: мен 5 балалы анамын,уш ем егиз кызым бар ,баспанамыз жок,жалдамалы уйде турамыз,куйеум жалдамалы жумысшы ,уш ем кыздарымнын денсаулыгы жок,озимнинде денсаулыгым жок ,емделуге каражат жок ,сиздерден комек сураймыз ,биздин уйге келип жагдайымызды корип ,танысып кетуинизди сураймын ,уш ем кыздарыма рахит басында суы бар деген диагноз койылган ,озимнин басымда опых деген диогноз бар ,менин турып жаткан мекен жайым сарыагаш каласы, майлыкожа кошеси 61/3 уй ,акимшиликтегилер кургак уаде берип ,орындаган жок ,бизге баспана беремиз деп уаде берген еди ,сиздерден отиниш осы маселени шешип карастырып берсениздер ,акимнин алдына да кире алмай жатырмыз ,охрониктери алдына киргизбейди
Жауап: 2015 жылдың 20 мамыр күні Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесінің тұрғыны А.Мамбетова дүниеге үшем әкелген. Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, демеушілер есебінен қоларба, жамылғыштар, ойыншықтар, жөргектер, сәбилерге қажетті т.б материалдық көмек және теледидар ұсынылған. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласында болған ауызашарда демеушілер есебінен 300,0 мың теңгедей қаржылай көмек және 2 қой берілген. А.Мамбетованың жалдап тұрған пәтер қаржысының 1 жылдығын демеушілер есебінен төленген. Сарыағаш қаласы, «Самал-3» мөлтек ауданынан тұрғын үй салуға 0,8 га жер учаскесі және үйге қажетті 2 тонна цемент, 2 машина шағал, 2 машина тас және 3000 кірпіш берілген. Сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде А.Мамбетова №1047 үй кезегінде тұр.
23Сұрақ: Сәлеметсіздерме .Мен сарыағаш қаласының тұрғынымын.есімім мамбетова айнұр .мен 5 баланың анасымын , үш ем қыздарым бар ,олардың да денсаулығы болмай жатыр.біз патер жалдап тұратын едік.пәтердің ақшасын төлей алмай,қайын атамыздың 3 бөлмелі тар үйіне көшіп өттік. қазір осы үйде 15 адам болып тұрып жатырмыз.үйімізге аудан ақсақалдары және қала әкімінің өзі келіп жағдайымызды көріп кеткен еді.осы жағдайымызды көріп, үй салып береміз деп уаде беріп кеткен еді.сол уәде бергендеріне 1 жыл болды,әлі ешқандай көмек берер емес .1 құркүйекке дейін бізді жаңа пәтерге орналастырамыз деп еді.қаламызға жаңа әкім келді,соның алдына кіре алар емеспіз.сіздерден тексерулеріңізді сұраймын
Жауап: 2015 жылдың 20 мамыр күні Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесінің тұрғыны А.Мамбетова дүниеге үшем әкелген. Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, демеушілер есебінен қоларба, жамылғыштар, ойыншықтар, жөргектер, сәбилерге қажетті т.б материалдық көмек және теледидар ұсынылған. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласында болған ауызашарда демеушілер есебінен 300,0 мың теңгедей қаржылай көмек және 2 қой берілген. А.Мамбетованың жалдап тұрған пәтер қаржысының 1 жылдығын демеушілер есебінен төленген. Сарыағаш қаласы, «Самал-3» мөлтек ауданынан тұрғын үй салуға 0,8 га жер учаскесі және үйге қажетті 2 тонна цемент, 2 машина шағал, 2 машина тас және 3000 кірпіш берілген. Сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде А.Мамбетова №1047 үй кезегінде тұр.
42Сұрақ: Доброе время суток! Уважаемый Аким, я конечно рад что у нас в Шымкенте делают такую качественную дорогу, а именно по Тауке Хана, но у меня такая проблема, ехал домой с работы 03.11.2016 в 19:30 и заехал в яму которые строители оставили вокруг колодцев, и погнул диски и испортил абсолютно новую резину (покрышку), и ходовую часть авто, потому что глубина не маленькая там, во время дождя эти дыры залились водой и их не видно вообще. И таких как я наверное не мало людей, кто мне восстановит ущерб, это не маленькая сумма и не крупная прям, но всё же обидно, что из за халатности строителей и безразличия властей, нужно будет покупать новую резину, энную сумму денег которую можно было потратить на детей и семью ? Не ужели нельзя поставить дорожные знаки, или заделывать их сразу! Или контролировать строителей этой дороги, да и всех дорог по городу, такое отношение может привести к серьёзному ДТП, и негативному отношению к акимату города, и области. Как будто Вам всем всё равно, вы же сами ездиете по этим улицам города!
Жауап:
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі