Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

100 Нақты қадам

-A A +A

І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

1-қадам.

2016 жылы, облыстың мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға жалпы конкурстар бойынша 334 мемлекеттік қызметші тағайындалды. Оның ішінде 205 жергілікті мемлекеттік органдарда, 129 аумақтық мемлекеттік органдарда.

2-қадам.

2016 жылдың басынан, мемлекеттік қызмет іріктеу кезінде жеке қасиеттерін бағалау жүзеге асырылуды. Біліктілік талаптарына сәйкес, осындай жеке қасиеттер бар болуы керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Басшылардан, олардан бөлек, стратегиялық ойлау мен көшбасшылық қасиеттер талап етіледі.

3-қадам.

Үш сатылы іріктеу жүйесін іске асыру мақсатында, 3492 адам ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өткен. Оның ішінде 1393 үміткер, яғни 39,9% тестілеудің шекті мәнін жоғары нәтиже алған.

Жеке қасиеттер бағалау бойынша тестлеуден 1604 үміткер өткен.

Өткізілген 1933 конкурстың 972-нде үміткерлер іріктеуден өтіп, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалды.

4-қадам.

Мемлекеттік қызметке жаңадан кіргендердің мемлекеттік қызмет жүйесіне оң қалыптасуы үшін 233 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімдері тағайындалды, олардың ішінде жергілікті атқарушы органдарда - 139, атқарушы органдарда - 94, 2-нің сынақ мерзімі қосымша 3 айға ұзартылған.

9-қадам.

2016 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді оқыту жоспары шеңберінде 1131 мемлекеттік қызметші оқыту курстарынан өткен. Оның ішінде, 733 – біліктілігін арттыру, 398 – қайта даярлау. Жыл аяғына дейін, тағы да 130 мемлекеттік қызметші оқыту семинарларынан өтеді.

10-қадам.

Меритократия қағидасының жүзеге асырылуы шеңберінде, 2016 жылы 1158 ішкі конкурс өткізілді, олардың ішінде 515 өтті деп танылған. Төменгі лауазымдардан жоғары лауазымдарға 253 мемлекеттік қызметші тағайындалған, оның ішінде 201 бір мемлекеттік органның ішіндегісі.

12-қадам.

2016 жылдың басынан, ҚР мемлекеттік қызметі туралы жаңа заңы Әдеп жөнінде уәкілі институт енгізілген. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әр түрлі сауалдармен Әдеп жөнінде уәкілге 91 мемлекеттік қызметші жүгінген.

13-қадам.

Жыл басынан бері 64 аумақтық департаменттер мен жергілікті мемлекеттік органдардың қызметі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингке қатысты 194 іс-шара өткізілген.

15-қадам.

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердін шын әлеуетін анықтау мақсатында 2017 жылы кешенді аттестациялау рәсімдерін өткізу жоспарлануда.

Осыған байланысты, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, 17 ғимаратта 50 орындық жаңа тест залы қарастырылған.

Жарияланған: 14.12.2016 - 09:50:22
Жаңартылған: 14.12.2016 - 09:52:32
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі