Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының он бесінші қадамы

-A A +A

«100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның он бесінші қадамы 2017 жылы іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады.

Аттестациялау рәсімдерін өткізу мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің шын әлеуетін анықтау мақсатын бағытталған аса маңызды шара.

Төмендегілерді  қоспағанда, аттестацияны  «Б»  корпусының  қызметшілері  өтеді:

1) аттестациядан өткізу уақытында, зейнеткерлік жасына дейін екі жыл немесе одан аз уақыт қалған  «Б» корпусының қызметкерлері.

2) жүктілігі және тууына  байланысты  демалыстағы, сондай-ақ балаға күтім жасау  бойынша демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;

3) жүкті әйелдер, үш  жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он  төрт  жасқа дейінгі (он сегiз жасқа толмаған мүгедек бала) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз  тәрбиелеп отырған  басқа да тұлғалар;

4) аттестаттация кезінде, алты айдан кем мемлекеттік қызмет өтілі бар әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға алғаш рет тағайындалған тұлғалар;

5) «А»  корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервінде тұрған, «Б» корпусының қызметшілері.

Аттестациядан өткізу кестелерін мемлекеттік органдар 2017  жылдың  5  қантарына  дейін, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен келісе отырып, бекітеді.

Мемлекеттік қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру, іс-сапарларға жіберу, тағылымдамалар, сондай-ақ біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жіберу, аттестациядан өткізу кестесін ескере отырып жүзеге асырылады. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің ішкі конкурстарға қатысулары, сондай-ақ олардың ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындаулары, тиісті аттестаттау комиссиясының шешімі қабылданған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Бұл талап, уақытша бос лауазымдарға тағайындалған тұлғаларға қолданылмайды.

Аттестаттация кезінде оқу демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста, ұзақ сапарда немесе науқастануына байланысты, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарға іс-сапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілер, жұмысқа шыққаннан соң алты ай мерзімде 2017 жылдың соңына дейін аттестациядан өтеді.

Жарияланған: 27.12.2016 - 12:45:22
Жаңартылған: 27.12.2016 - 12:46:25
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Uncaught exception thrown in shutdown function.

PDOException: SQLSTATE[HY000]: General error: 2014 Cannot execute queries while other unbuffered queries are active. Consider using PDOStatement::fetchAll(). Alternatively, if your code is only ever going to run against mysql, you may enable query buffering by setting the PDO::MYSQL_ATTR_USE_BUFFERED_QUERY attribute.: DELETE FROM {semaphore} WHERE (value = :db_condition_placeholder_0) ; Array ( [:db_condition_placeholder_0] => 3380689775973f35948e0f9.40639045 ) in lock_release_all() (line 269 of /var/www/akimat-uko.kz/public/includes/lock.inc).