Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2015 жылдың мамыр-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары

-A A +A

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің отырысында

МАҚҰЛДАНҒАН

(2015 жылғы « 6 » мамырдағы

№ 20 хаттама)

 

2015 жылдың мамыр-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары

 

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Болжамды шығыстар

Қабылданған шаралар

 

1

2

3

4

5

6

7

  1. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ  БЕС РЕФОРМА

1.1. Кəсіби мемлекеттік аппарат құру

7.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу

 

Жаңғырту 

жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына жылдардың қосылуы бойынша мемлекеттік қызмет өтілінің лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеуге арналған коэффиценттерін жоғарылатуды және сыйақылар беруді жоспарға енгізу жөнінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2015 жылдың 5 маусымында №03/2636 санды хат жолданды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың еңбекақы есептеу коэффицентіне талдау жүргізіліп,  нәтижесінде жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілінің өсуі, мемлекеттік қызметкерлердің әр жыл сайынғы қызмет өтілі, біліктілігі, тәжірибесі ескерілмей, керісінше әр өскен жылдар арасындағы қызмет өтіліндегі коэффиценттер жоғарылаудың орнына төмендеп отырғандығы анықталды.  

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлерге жүктелетін тапсырма көлемінің ауқымдылығына байланысты және білікті кадрларды жұмыс орнында сақтап қалу мақсатында, оларға жоспарлы түрде еңбекақыларынан бөлек атқаратын қызметіне атаулы күндері сыйлықақы төлеу қажет деп есептейміз.

Осыған байланысты,  ҚР Үкіметінің 2001 жылғы    29 тамыздағы   №1127 қаулысының 15 тармағына  «Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттiк және жергілікті атқарушы органдардың басшылары - бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi» деп өзгертуді, сонымен қоса, жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне лауазымдық міндеттерін, функцияларын сапалы атқарғаны үшін, орталықтандырылған, облыс әкімдігінің тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауда қызметкерлердің материалдық мүдделілігін, белсенділігін арттыру үшін және мемлекеттік мереке күндеріне қосымша ақшалай төлемдер (экономикалық шығыстар  сыныптамасына 112 ерекшелігіне) жоспарлау жөнінде ұсыныс ҚР Ұлттық экономика министрлігіне

жолданды.

8.

Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру.

 

Жаңғырту 

жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы мамыр

МҚІСҚА,ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

 

талап етілмейді

Ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттер атқару кезінде оларға жекешелендіру құқығынсыз берілген пәтерлерді 25 жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметкер зейнеткерлікке шыққаннан  кейін тұратын баспанасы болмаған жағдайда тұрақты пайдалануға беру мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс,  2015 жылдың                 5 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне №03/2636 санды хатпен жолданды.

1.3. Әртараптараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу

35.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.

 

Заң жобасының тұжырымдамасы және оны ВАК отырысына  шығару

 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2015 жылғы шілде

 

 

 

 

2015 жылғы тамыз

ҰЭМ, АШМ, Әділетмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсаты мен оларды нарықтық айналымға енгізу жөнінде, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірленіп, облыс әкімдігінің                        07.08.2015 жылғы № 11/3911 хатымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне  жолданды.

 

36.

Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.

Заң жобасының тұжырымдамасы және оны ВАК отырысына  шығару

 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2015 жылғы шілде

 

 

 

 

2015 жылғы тамыз

ҰЭМ, ИДМ, АШМ, Қорғанысмині, Қаржымині, Әділетмині, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

Облысымызда жалпы түгендеуге жататын ауыл шаруашылығы алқаптары 6781,1 мың га, оның ішінде егістік - 1008,3 мың га (суармалысы - 466,0 мың га), көп жылдық екпелер - 26,2 мың га, жайылымдық - 5659,3 мың га, шабындық - 87,6 мың га құрайды.

Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан                         335,1 мың га (оның ішінде егістік 140,5 мың га тәлімі егістік 102,2 мың га, суармалысы 38,5 мың га, жайылымдық 194,6мың га) ауыл шаруашылық жерлері анықталды.

Аудан, қала әкімдіктері тарапынан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 401, 402 баптарына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерінің (жалға берілген) келісім-шарттарын біржақты бұзып, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

47.

Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2015 жылғы шілде

ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

Құрылысы жүріп жатқан нысандар 1,2,3 дәрежелі жауапкершілікке ие, сонымен қатар әлеуметтік маңыздылық пен адамдардың қауіпсіздігіне кепіл болып табылатынын ескере келе, сараптама функцияларын жеке меншік салаға өткізу тиімсіз әрі орынсыз.

Аталған функцияларды жеке меншік салаға өткізу сараптама сапасыздығына өз кезегінде құрылыстың сапасыздығына алып келеді.

Мемлекеттік сараптама жұмысын жеңілдету үшін облыста қосымша бірнеше филиалдар ашып сарапшылардың штаттық санын арттыруды ұсынамыз.

 

76.

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

 

БҒМ,

Ы. Алтынсарин атындағы ҰАҚ,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

 

талап етілмейді

12 жылдық білім беру моделіне кезең-кезеңмен көшу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламаларына апробация жүргізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 мектеп белгіленген.

Осыған байланысты жоғарыда аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің әдіскерлері біліктілігін арттыру курсынан өтуде. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша эксперименттің жұмысы үшін педагогтардың 20% еңбек ақысына қажетті  қосымша қаржы жергілікті бюджеттен бөлу ағымдағы жылдың қыркүйегінен жоспарланған.

Оңтүстік Қазақстан облысында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша 19 мектептің 10-11 сыныптары сынақтан өтуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіп бір балаға шаққандағы шығын көлемін азайтуды ұсынамыз.

Себебі, 2015 жылға республикалық трансферттен бөлінген  қаржы 5,9 млрд. теңге болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 2,7 млрд.теңге, яғни республикадан 2 есе көп қаржы бөлінуде.

 

77.

Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату

 

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

ОҚО «Жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-ны еліміздің 10 алдыңғы қатарлы колледждері қатарына енгізіліп, «Кәсіпхор» Холдингі КАҚ-ы мен келісім-шартқа тұрып, әлемдік деңгейде маман даярлау үшін Белорусь Республикасының кәсіптік білім беру стандарты негізінде  эксперименттік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын даярлауда. Бұл стандарттың ерекшелігі жалпы білім беретін пәндер және гуманитарлық, экономикалық, әлеуметтік пәндер қысқартылып, тек мамандығына байланысты пәндерді қамтуды ұсынамыз.

78.

Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жобалардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жобалардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту және коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік жоғарғы оқу орындарының халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау жобаларын әзірлеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзырына жатады.

79.

Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен жоо-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.

 

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ағылшын тілі  2013-2014 оқу жылында  1 - сыныпқа, 2014-2015 оқу жылында 2 - сыныпқа, 2015-2016 оқу жылында    3 - сыныпқа, 2016-2017 оқу жылында 4 - сыныпқа енгізіледі делінген.

Қазіргі кезде үш тілде оқыту бойынша эксперимент мектептерін көптеп  енгізу ұсынылады. Сондықтан алдымен кадр мәселесіне, соның ішінде ағылшын тілі мұғалімдерінің сапалық құрамына ерекше назар аударуымыз қажет. Айта кетерлігі, арнайы орта білімі бар педагогтар тек бастауыш сыныптарда ғана сабақ береді. Әзірге  мектептерде ағылшын тілі маманы жеткілікті. Дегенмен, болашақта жоғары білімді мамандарды көбірек тарту керек.

80.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы

маусым

 

 

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҰКП (келісім бойынша), МӨЗ, кәсіби  дәрігерлер қауымдастығы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары және БСМК ұйымдарының басшылары

талап етілмейді

Облыста 9 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс жүргізуде, оның ішінде  6-ы     2015 жылы өтті. Облыста медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығына 2015-2017 жылдары кезең-кезеңмен 75 медициналық ұйымды   (37 аурухана, 34 емхана, 4 басқалар) өткізу жоспарлануда. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейтеді және бастапқы медициналық санитарлық көмекті жақсартады.

81.

Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы

маусым

 

 

 

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша), МӨЗ, ҰМХ АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының. әкімдері

талап етілмейді

Жекеменшік медицинаны дамыту бойынша 31 жекеменшік медициналық ұйым мемлекеттік тапсырыс орындауда. 2016 жылы бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін және көпбейінді медициналық ұйымдарында корпорациялық басқару қағидаларына медициналық ұйымдардың басшыларын оқыту жоспарлануда.

 

84.

Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2015 жылғы шілде-тамыз

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын ендіру бойынша қабылданған шаралар туралы:

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, шартты әлеуметтік көмекті облыстың Төлеби, Сарыағаш аудандары мен Арыс қалаларында пилоттық жоба ретінде енгізу туралы шешім қабылданды.

Облыс бойынша 2015 жылдың екінші жартыжылдығында «Өрлеу» жобасымен пилоттық өңірлерде 186 отбасы, оның ішінде 1027 адамды қамту жоспарланып отыр.  Осыған орай, шартты ақшалай көмекті төлеуге қажетті қаржы 22,0 млн.теңгені құрап отыр. Оның ішінде Арыс қаласында шартты ақшалай көмекке қажеттілік қаржы 6782,1 мың теңгені 317 адамға, Төлеби мен Сарыағаш аудандарында тиісінше 5947,4 мың теңге 282 адамға және 9265,6 мың теңгені 428 адамға құрады.

2015 жылдың 1 қыркүйегіне шартты ақшалай көмек тағайындаудың  нәтижесі:

2015 жылдың 1-ші қыркүйегіне шартты ақшалай көмек облыс бойынша 77 отбасындағы  507 адамға 14634,2 мың теңгеге тағайындалып, шартты ақшалай көмектің орташа мөлшері 4810,7 теңгені құрап отыр. Оның ішінде Арыс қаласында 270 адамға  6705,3 мың теңге, Төлеби ауданында 198 адамға 6494,6  мың теңге, Сарыағаш  ауданында 39 адамға 1434,3  мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Отбасының белсенділігін арттыру құрылған әлеуметтік келісімшарттардың негізінде 145 еңбекке жарамды азаматтардың 85 –сы ақылы қоғамдық, тұрақты және уақытша жұмыстарына жолданды, 60-сы  объективті себептермен жұмысты талап етпейтін азаматтар-жалдамалы жұмысшылар  немесе 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегілер  санатына жатады.

1.4. Болашағы біртұтас ұлт

88.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

МСМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Жұмыспен қамту картасы бойынша 2015-2017 жылдарға өңірлік еңбек нарығында еңбек ресурстарынынң көздері мен күтілетін қосымша сұранысты салыстыру арқылы еңбек ресурстарының теңгерімі айқындалды. 2017 жылы салыстыру нәтижесінде еңбек нарығында қызметкерлердің негізгі санаттары бойынша еңбек ресурстарына тапшылықты (2864 адам) немесе артықшылықты (23199 адам) белгілеуге мүмкіндік болып отыр. Анықталған 2864 мамандарға тапшылықтың 33,0%, өнеркәсіпте білікті жұмысшылар, 25,0% білікті орташа мамандар, 15,0% ауылшаруашылығы мамандары, 14,5% қызмет көрсету, сауда  саласының қызметкерлері  12,0% еңбек рыногының сұранысына сәйкес жаңа технологиямен жабдықталатын қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері мен слесарьлар сұранысқа ие болуда. Мамандарға тапшылықытың -35,0% өнеркәсіп, 28,0% ауыл шаруашлығы, 16,0% қызмет көрсету, 13,0% құрылыс, 8,0% білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет салаларында болып отыр. Анықталған кадрларға қажеттілік облыстық білім басқармасына ұсыну арқылы, мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде пайдалануына мүмкіндіктер тууда.

Ұлт жоспарын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспар әзірленіп, аталған медиа-жоспарға сәйкес БАҚ-да тұрақты материалдар циклы ұйымдастырылуда. Қазіргі таңға дейін медиа-жоспарға сәйкес аудан, қала әкімдері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар төрағаларының, облыстық басқарма мен департамент басшыларының, облыстық соттың судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен арнайы сұхбаттар ұйымдастырылды. Аталған бағытта, қазіргі таңда, БАҚ-да 192 пікірлер мен мақалалар, электронды БАҚ-тарда 126 сюжеттер мен сұхбаттар, ақпараттық сайттарда және әлеуметтік желілерде 68 материал жарық көрді.

90.

Бес институттық реформаны, сондай-ақ, бақ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

МСМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Бес институттық реформаны, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныстар 26.06.2015 ж. №08/3051 және 04.09.2015 ж. №08/4334 шығыс хаттарымен жолданылған.

Ұлт жоспарын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспар әзірлеп, түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ақпарат 07.09.2015ж. №08/4350 шығыс хатымен жолданылған.

Аталған медиа-жоспарға сәйкес БАҚ-да тұрақты материалдар циклы ұйымдастырылуда. Қазіргі таңға дейін медиа-жоспарға сәйкес аудан, қала әкімдері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар төрағаларының, облыстық басқарма мен департамент басшыларының, облыстық соттың судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен арнайы сұхбаттар ұйымдастырылды. Аталған бағытта қазіргі таңда баспа БАҚ-дарда 192 пікірлер мен мақалалар, электронды БАҚ-тарда 126 сюжеттер мен сұхбаттар, ақпараттық сайттарда және әлеуметтік желілерде 68 материал жарық көрді.

1.5. Есеп беруге міндетті және транспарентті мемлекет

91.

Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылатын болады. Мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

 

 

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Қазіргі таңда, жергілікті атқарушы органдардың қызметі, ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі»  арқылы бағаланады.

 

92.

Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту. Салалық бағдарламалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жойылады. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішіндеу.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Қазіргі таңда, аумақтардың даму бағдарламасының негізгі индикаторлары, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген, көрсеткіштердің базалық тізімі шеңберінде әзірленеді. Базалық тізбедегі көрсеткіштер экономиканың барлық салаларын, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету және инфрақұрылымды дамытуды қамтиды. Осыған орай, қазіргі таңда аумақтардың даму бағдарламасы үшін, көрсеткіштердің оңтайлы нұсқасы әзірленген деп есептейміз.

94.

«Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Заң жобасының тұжырымдамасы және оны ВАК отырысына шығару

 

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2015 жылғы шілде

 

 

2015 жылғы тамыз

ИДМ, МСМ, МҚІСҚА, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобаларына ұсыныстар 30.07.2015ж. №08/3751 шығыс хатымен жолданған.

Барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстары құрылған. Сондай-ақ интернет ресурстарда барлық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ресми блог-платформасы құрылып, қазіргі таңда пайдаланушылардың сұрақ, арыз-шағымдары уақытылы қаралып жауабы жолдануда.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдардың мәліметтері өз интернет ресурстарының ашық порталында орналастырылып, тұрақты жаңартылуда. Аталған порталда статистикалық деректер, мекемелердің орналасуы, мекенжай туралы, байланыс телефондары, жауапты қызметкерлер туралы ақпарат, салық декларациялары және т.б. мәліметтер орналастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі жанындағы «Оңтүстік» Ақпарат орталығында» барлық мемлекеттік органдардың басшыларының және облыстық баспа, электронды БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифингтер ұйымдастырылып, халыққа кеңінен насихатталуда.

95.

Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық жоо-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен бақ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, БҒМ, МСМ, ИДМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

ЖОО ректорлар оқу жылының соңында институт кеңейтілген Ғылыми кеңесінде атқарылған жұмыстарына есеп береді. Сонымен қатар ҚР ЖОО тәуелсіз рейтингтерін өткізетін орынға (ҚР аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі, ҚР ЖОО институционалды және бағдарламалық деңгейі және т.б.) өз қызметтерінің нәтижелерін жолдайды. Білім беру, жастарды тәрбиелеу және ғылыми ізденістердің сапасын жоғарылату бағыттарында өткізілген іс-шаралар БАҚ шығарылымдарында (облыс деңгейіндегі газет, журналдар және телеарналарда) жариялайды. Бұл тәжірибе алдағы уақытта да қолға алынатын болады.

97.

Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ

талап етілмейді

Жергілікті атқарушы органдардың қандай функциялары алдағы уақытта бәсекелестік ортаға (аутсорсинг, мемлекеттік тапсырыс, қызмет алушылар есебінен, өзін өзі реттеу) берілуі мүмкіндігі бойынша:

1) Білім беру бойынша мынадай функцияны:

- деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды мемлекеттік тапсырыс беру арқылы.

2) Денсаулық сақтау бойынша:

- халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру мемлекеттік тапсырыс беру арқылы;

- ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлері құрамын (басшылардан өзге) кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізуді (біліктілік санатын бере отырып) кәсіби қоғамдық бірлестіктер арқылы өзін-өзі реттеуге;

3) Әлеуметтік қорғау бойынша:

- еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды аутсорсинге беру арқылы;

- оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастыруды мемлекеттік тапсырыс беру арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз.

98.

Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ

талап етілмейді

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 «Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жергілікті (облыстық және аудандық деңгейлердегі) бюджеттерді қалыптастыру, қарау және бекіту халықтың атынан сайланған мәслихат депутаттарының (облыстық, аудандық, қалалық) қатысу тәртібімен жүзеге асырылады.

2012 жылдан бастап, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының «жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» басымдығы аясында елді мекендердегі бірінші кезекте іске асыруды қажет ететін жобаларды іріктеу жергілікті тұрғындардың қатысуымен арнайы жиындар өткізу арқылы іске асыру тәжірибесі жүзеге асырылып келеді. Аталған мақсатқа қаржылар  2012-2013 жылдарда республикалық бюджет есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер ретінде бағытталса, ал 2014 жылдан бастап жалпы сипаттағы трансферттер түрінде жергілікті бюджеттерге жеткізілді.

Аталған тәжірибені ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыруды жергілікті тұрғындардан құралған кеңес мүшелерінің қатысу тәртібі арқылы іске асыруды ұсынамыз.

99.

Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстар

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ

талап етілмейді

Әкімдердің жанындағы қоғамдық кеңестердің функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ облыстық, аудандық және ауылдық деңгейлерде қалыптастыру тәртібі бойынша:

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Телерадио хабарлар тарату туралы» ҚР заңдарына өзгерістерді енгізе отырып, облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара іс-қимыл  және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құзырын күшейту мақсатында келесі мемлекеттік қызмет түрлерін беруді:

  • Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу бойынша заңдылықтарын қарау және шешімдер қабылдау;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою бойынша талаптарын күшейту мақсатында мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiштерін қарап, келісу;
  •  Кабелдік операторлардың қызметін қарау және шешімдер қабылдауды ұсынамыз.

Ал, облыстық, аудандық деңгейлерде әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестерді облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде қалыптастыру тәртібі бойынша келесіні ұсынамыз:

ҚР 2001 жылғы  23 қаңтардағы N148   «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыс, аудан, қала әкімдіктері тарапынан қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі жасақталады. Тізім аудан, қала әкімдігінің қаулысымен құрылып аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттың сессиясына ұсынылып бекітіледі.

II. АҒЫМДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

2.1. Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

1.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау

ҰЭМ-ге ақпарат

ай сайын

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ

талап етілмейді

Облыста  бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен арнайы штаб құрылып (2015 жылғы 20 тамыздағы №250 қаулысы), іс-шара жоспары жасалып, жұмыс жүргізілуде. Облыстық штаб шеңберінде төрт жұмысшы топ жұмыс жасауда (жанар-жағармай материалдары, азық-түлік тауарлары, фармацевтикалық өнімдер және құрылыс заттары).

Осы тектес штабтар облыстың барлық аудан және қалаларында құрылған. Бағаны тұрақтандыру үшін жүйелі түрде іс-шара жоспары бекітілген.

Облыс халқынан түскен арыздарына жедел байланыс жасау үшін арнайы колл центр желісі және баға мониторингі жұмыстарын күшейту мақсатында мобилдік топтар құрылды.

Облыс аумағының 68 ірі базарлар және 1561 ірі және орта супермаркеттермен дүкендерге 1250 жаупты қызметкерлері жұмылдырылып күнделікті жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде.

Облыстағы ірі базар, сауда орталықтары, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындар, дәрі-дәрмек сату желілері және жанар-жағармай операторлары басшыларымен мәжілістер өткізіліп, негізсіз бағаны өсірмеу жөнінде 458 меморандумдарға қол қойылып, облыстың дистрибьторлық копмпанияларымен арнайы жиналыс ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторинг жасау ерекше бақылауға алынып, күн сайын екі рет жүргізілуде, бағалардың өзгеруі бойынша күніне екі рет Қазақстан Респуликасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат ұсынылуда.

            Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорында жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда, аталған қорда бірінші қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлар қамтылған, олар: ұн, картоп, пияз, сәбіз, құмшекер, күріш, макорон өнімдері және күнбағыс майы. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының тауарлары облыстың сауда орындарындағы азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуіне ықпалын тигізуде. 

2.2 Оң экономикалық өсуді сақтау және шынайы секторды қолдау

10.

Қазақстан Республикасында 2015-2017 жылдарға арналған арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарын (жол картасын) әзірлеу

 

 

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

2015 жылғы шілде

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша), «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша),  «БХК» ЖШС (келісім бойынша), «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл,  Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қаларының әкімдіктері,  «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), «Kazenergy» ЗТБ (келісім бойынша)

талап етілмейді

 

 

2015-2017 жылдарға арналған арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жоспарының (жол картасын) жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Инвестицияларжәне даму министрлігі Инвестиция комитетіне 2015 жылдың 18 шілдесінде №04/1871 хатпен жолданды.

2.3 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

41

.

Дайындаушы ұйымдар төлеген АӨК саласында ҚҚС-ты субсидиялауды енгізу

 

 

 

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2015 жылғы маусым

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

 

 

 

 

 

 

 

ҚР АШМ-ның 30.03 2015 жылғы «АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген, қосылған құн салығы сомасын субсидиялау туралы» №9-3/271 бұйрығына сәйкес, ОҚО-на Республикалық бюджеттен 2017 жылға-44,4 млн., 2017 жылға-96,68 млн., 2018 жылға-143,7 млн., теңге болжамды қаржы қарастырылған. 

43.

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2015 жылғы маусым

АШМ, ЭМ, облыстардың әкімдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2014ж. 779,0 мың га) салыстырғанда, 22,4 мың га артып, 801,4 мың га құрайды.

Егістікті әртараптандыру бойынша мал азықтық дақылдардың көлемі     35,7 мың га-ға (247,4 мың га), арпа 9,8 мың га-ға (53,1мың га), жүгері 1,4 мың га (39,4 мың га), жеміс-жидек пен жүзім 6,0 мың га-ға (31,0 мың га) артса, сәйкесінше мақта дақылы 13,0 мың га (114,5 мың га), бидай 17,4 мың га      (136,1 мың га), бақша 9,0 мың га (48,6 мың га) қысқартылады.

Бөлінген 38,7 мың тонна жанар-жағар майдың 26,0 мың тоннасы алынды.

Жаздық дақылдардың тұқымымен тауар өндірушілер толық қамтамасыз етілген. Жеңілдетілген бағамен бөлінген 80,7 мың тонна тыңайтқыштың  бүгінгі күнге 52,0  мың тоннасы таратылды.

 Межеленген 495,6 мың га жаздық дақылдардың  96% (474,2 мың га) егілді. Оның ішінде жоңышқа 50,0 мың га (103%), дәндік жүгері 44,3 мың га       (113%), мақта 103,3 мың га (90%), көкөніс 32,6 мың га (90%), картоп 12,8 мың га (92%), бақша 56,1 мың га (115%) егілді.

2.4 Көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту

49.

Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инжинерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

 

мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығы

2015 жылғы 15 маусымға дейін

ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

Облыс тарапынан туристік объектілердің көліктік қолжетімдігін және инженерлік-инфрақұрылымына сараптама жұмыстары жүргізіліп, республикалық бюджет есебінен қаржы талап етілетін 8 жоба 2015 жылдың 3 шілдесінде №09/1715 хатымен                    ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылды.

2.5 Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асыру

52.

Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде 2015 жылғы 1-жартыжылдықта іске қосылатын Индустрияландыру картасының жобаларын іске қосуды презентациялау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2015 жылғы шілде

ИДМ, АШМ, ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Байтерек» ҰБХ » АҚ, (келісім бойынша) «ҚазАгро» ҰБХІ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

64 млн. теңге

бөлінген қаражат шеңберінде

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір 2015 жылғы 2 шілдеде өткізілді. Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстанда трактор зауыты - «Kaz Kioti» компаниясының алғашқы линиясы іске қосылды және Республикада тұңғыш болып жүзеге асқан «Оңтүстік» индустриалдық аймағының презентациясы жасалды.

       Жылына 5000 трактор шығаратын,  7 млрд.теңге

инвестиция тартылған, 400 жұмыс орны ашуға мүмкіндік беріп отырған жоба Индустриаландыру картасы шеңберінде іске қосылды. Жоба Корея Республикасының инвесторларымен бірге жүзеге асып отыр. Оңтүстік Қазақстандық «Kioti» тракторлары отандық шаруалардың техникалық мүмкіндіктерін біршама арттыра түспек. Сондай-ақ, кәсіпорынның бірден-бір ерекшелігі – зауытта жеке тапсырыспен трактор сипаттамасын өзгертуге мүмкіндік беретін конструкторлық бюро орналасқан. 

Сонымен қатар, ҚР Президентіне республикада алғаш бой көтерген «Оңтүстік» индустриялық аймағының қызметі көрсетілді. 

2.6 Шағын және орта бизнесті дамыту

56.

Микрокредит беруді регламенттеу арқылы моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині,  АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,

 ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

      Бұл бағытта қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында көзделген. 2015 жылы аталған бағыт бойынша  республикалық бюджеттен 500,0 млн. теңге бөлінген. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілетін микронесиелендіру бойынша ережесі бүгінгі күнге қабылданбаған, облыс әкімдігімен орталық органдардың арасындағы үш жақты несие келісімі түзілмеген. Бұл өз кезегінде, қаражаттың игерілуіне мүмкіндік бермей отыр. Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін тиісті қағидаларды бекітуді ұсынамыз.

58.

Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде исламдық қаржыландыру өнімдеріне берілетін қаржы құралдарын таратудың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, Әділетмині, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

ҚР Үкіметінің қаулысы бүгінгі күнге бекітілмеген. Қаулы жобасы ҚР Ұлттық Экономика министрлігі тарапынан келісуге жолданбаған.

59.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан өңдеу өнеркәсібіндегі шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ай сайын

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚДБ» АҚ (келісім бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

бөлінген қаражат шеңберінде

2014 жылы бірінші транш аясында өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаржыландыруға 100,0 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңартылған несиелердің есебінен 12,1 млрд. теңге берілген. Қаржыландырылған жобалардың саны 36 (3 орын, Астана – 51, Алматы – 41 жоба).

Бүгінгі таңда, екінші транш аясында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы сомасы 5,71 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылған.

Екінші транш аясында жалпы Республика бойынша 50 млрд. теңгеден игерілгені 45,43 млрд. тг. немесе 90,9%, оның 12,6% Оңтүстік Қазақстан облысына тиеді (2 – ші орын).

Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының екінші деңгейлі банктермен 5,8 млрд. теңгеге 21 жоба қосымша мақұлданды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 2,6 млрд. теңгеге 6 жоба қаралуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үшінші транш аясында                  50 млрд. теңгеден 8,04 млрд. теңгеге 28 жоба қаржыландырылған.

Бүгінгі таңда, республика бойынша үшінші транш аясында 38,69 млрд. теңге игерілген, яғни 77%, оның 21% Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі (1 – ші орын).

Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының екінші деңгейлі  банктерімен 9,1 млрд. теңгеге 31 жоба қосымша мақұлданған. Қазіргі кезде, 3,3 млрд. теңгеге 8 жоба қаралуда.

2.7 Теңгерімделген өңірлік даму

60.

Жаңа басымдықтарды ескере отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

2015 жылғы маусым

ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Оңтүстік макроаймақтың өңірлік даму басымдылықтарына және перспективтік экономикалық мамандандырылуына туризм саласын дамытуды қосуды ұсынамыз.

 

61.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2015 жылғы мамыр

ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Облыстық және аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың іске асыру функцияларын оңтайландыру есебінен басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің өкілеттіктерін кезең-кезеңмен кеңейту бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің құзырына ауыл округ аумағындағы барлық жерлерге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және қадағалау құқығын беруді ұсынамыз. (Жер кодексінің  19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу).

2.8 Әлеуметтік жаңғырту және халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту

65.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әлеуметтік келісім шарттар негізінде негізделген ақшалай көмек көрсету бойынша өңірлік пилоттық жобаларды ұйымдастыру және енгізу

ДСӘДМ-ге ақпарат

2015 жылғы шілдеден бастап, есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне қарай ай сайын

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын ендіру бойынша қабылданған шаралар туралы:

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, шартты әлеуметтік көмекті облыстың Төлеби, Сарыағаш аудандары мен Арыс қалаларында пилоттық жоба ретінде енгізу туралы шешім қабылданды.

Облыс бойынша 2015 жылдың екінші жартыжылдығында «Өрлеу» жобасымен пилоттық өңірлерде 186 отбасы, оның ішінде 1027 адамды қамту жоспарланып отыр.  Осыған орай, шартты ақшалай көмекті төлеуге қажетті қаржы 22,0 млн.теңгені құрап отыр. Оның ішінде Арыс қаласында шартты ақшалай көмекке қажеттілік қаржы 6782,1 мың теңгені 317 адамға, Төлеби мен Сарыағаш аудандарында тиісінше 5947,4 мың теңге 282 адамға және 9265,6 мың теңгені 428 адамға құрады.

2015 жылдың 1 қыркүйегіне шартты ақшалай көмек тағайындаудың  нәтижесі:

2015 жылдың 1-ші қыркүйегіне шартты ақшалай көмек облыс бойынша 77 отбасындағы  507 адамға 14634,2 мың теңгеге тағайындалып, шартты ақшалай көмектің орташа мөлшері 4810,7 теңгені құрап отыр. Оның ішінде Арыс қаласында 270 адамға  6705,3 мың теңге, Төлеби ауданында 198 адамға 6494,6  мың теңге, Сарыағаш  ауданында 39 адамға 1434,3  мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Отбасының белсенділігін арттыру құрылған әлеуметтік келісімшарттардың негізінде 145 еңбекке жарамды азаматтардың 85 –сы ақылы қоғамдық, тұрақты және уақытша жұмыстарына жолданды, 60-сы  объективті себептермен жұмысты талап етпейтін азаматтар-жалдамалы жұмысшылар  немесе 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегілер  санатына жатады.

77.

Сот-наркологиялық сараптама жүргізу бойынша функцияларды жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы шілде

Әділетмині, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджет трансферттерінен түсуі есебінен

29.09.2014 жылғы  № 239-V  ҚР Заңының «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне  мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы»  2 бабының, 1 пункт, 8 п/пункттеріне сәйкес «ҚР ӘМ сот сараптамасының өкілеттігіне сонымен қатар сот, сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалары кіреді».  Осыған байланысты 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап сот-наркологиялық сараптамасы  ҚР ӘМ құзырына өткізілді. Қазіргі таңда, 3 сарапшы нарколог дәрігерлер облыстық наркологиялық диспансерінің жалға берілген бөлмелерінде өз қызметтерін атқаруда.

2.9 Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету

78.

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2015 жылғы маусым

 

 

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰБХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талап етілмейді

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша келесіні ұсынамыз:

а) мемлекеттік монополияны қысқарту мақсатында ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 134 бабында көзделген мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерінің тізбесін қайта қарауды;

б) ұлттық компанияларды және олардың мүліктерін тиімді басқару мақсатында, олардың «еншілес» және «тәуелді» кәсіпорындарды құруын шектеуді ұсынамыз.

в) ҚР 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі алынып тасталған. Аталған норманы қайта қалпына келтіріп, өзгеріс енгізу қажет.

                 

 

* ұсынылып отырған шараларды іске асыруға арналған шығыстар 2016-2018 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде бюджеттің кіріс мүмкіндігіне негізделе отырып қаралады.

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ДСӘДМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

МҚІСҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

БП

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ҰБ

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

ҰКП

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҰБХ

ұлттық басқарушы холдингтер

ҰК

ұлттық компания

ҰХ

ұлттық холдингтер

ПӘТК

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдамалық кешені

АҚ

акционерлік қоғам

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

«Даму» КДҚ» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«ҚМЖӘО» АҚ

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы

ТШО

«Теңізшевройл» ЖШС

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ХҚДБ

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі

АДБ

Азия Даму Банкі

ЕҚДБ

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ЕДБ

екінші деңгейдегі банктер

ҚҚС

қосылған құн салығы

АӨК

агроөнеркәсіптік кешен

ЖЭК

жаңартылатын энергия көздері

ТКШ

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық

ВАК

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

НҚА

нормативтік-құқықтық акт

ШОБ

шағын және орта бизнес

ИИДМБ

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

МСҚБ

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

ТЭН

техникалық-экономикалық негіздеме

ХҚҰ

халықаралық қаржы ұйымдары

ЕАЭС

Евразиялық экономикалық одақ

ШЫҰ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

ХҚО

халыққа қызмет көрсету орталығы

МО

мемлекеттік органдар

ФАО БҰҰ

Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлiк және ауыл шаруашылығы құрылымы

МӨЗ

мұнай өңдеу зауыты

АТЭХА

Атом энергетикасы жөнiндегi халықаралық агенттiк

ЗТМО

зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық

ҚСК

құқықтық саясат жөніндегі кеңес

ҮАК

үкіметаралық келісімдер

КЭС

күн электр станциясы

ЖЭС

жел электр станциясы

ЖҒТК

жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия

БКЖ

Болашақ кеңейту жобасы

ТЭЕЗ

техникалық-экономикалық есептік зерттеу

 

Жарияланған: 13.11.2015 - 10:05:28
Жаңартылған: 07.04.2016 - 16:20:18
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі