Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2016 жылы 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар

-A A +A

СПОРТ

(2016 жылы  1 тоқсанда атқарылған жұмыстар)

Облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

2016 жылдың 1 тоқсанында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында  облыс спортшылары 2 күміс және 2 қола медальге ие болды.

Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында  облыс спортшылары 1 күміс медаль жеңіп алды.

2016 жылдың 1 тоқсанында  облыста 5 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 176 – спорт шеберіне үміткер  дайындалды.

2016 жылдың 1 тоқсанында облыста 86 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. 13 облыстық, 58 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен  9 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары,  1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1спорттағы дарынды балаларға арналған интернат және 1 акционерлік қоғам.

2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысымызда  5178 спорт нысандары тіркелген.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2016 жылдың 1 тоқсанында  1027 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 122107 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде  635 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 80398 адам қамтылған.

2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 640815 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 22,5 %  жетіп отыр.

Жарияланған: 12.04.2016 - 12:50:32
Жаңартылған: 18.05.2016 - 11:35:15
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі