Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ақсу-Жабағылы

-A A +A

Ақсу-Жабағылы қорығы

1Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері.
Қорық 1926 жылы құрылған. Оның иелігінде бай өсімдік пен жануарлар дүниесі қамтылған. Мұнда жануарлар мен құстардың 55-тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген.
Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер -Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті табиғат қойнаулары.
Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бара-бар Жабағылы қорығы да ұлт мақтанышы болып табылады.

Анықтама

21920 жыл - профессор, гидробиолог А. Л. Бродскийдің бастауымен Ташкент университетінің ғалымдар тобы Батыс Тянь-Шань өніріндегі қазіргі корық орналасқан ауданда болып қайтты.
1922-1923 жылдар - Табиғат пен өнер, көне ескерткіштерді қорғау және мұражайлар ісі жөніндегі Түркістан комитетіне ғалымдар қорық ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Ботаниктер тобында болған М. Г. Попов, М. В. Культиасов, Е. П. Коровин, эколог Д. Н. Кашкаров, то-пырақтанушы Н. А. Димо Ақсумен Жабағылы өңдерінің бас жағы аралығындағы өңірдің бірегей екенін атап көрсетті.
1923 ж. - алғаш рет Қасқабұлак шатқалындағы петроглифтер - жартастағы бейнелер туралы Д. Н. Кашкаров жария етті.

1925 жыл (ақпан - мамыр) қорық аумағын белгілеу жұмыстары басталды. жылы 14 шілдеде - Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы Совнаркомының Ақсу-Жабағылы қорығын       ұйымдастыру туралы қаулысы қабылданды.1927        жылы   27   мамырда РСФСР Совнарком шешімі бекітілді.
1926 - 1935 жылдар - қорық директоры болып, Орыс география қоғамының толық мүшесі Борис Петрович Тризна жұмыс істеді.
1937 - 1954 жылдар - қорық директоры болып Н. X. Кармышева жұмыс істеді.
Директор болып ғалымдар -Е. А. Жирмунская, Б. С. Серікбаева, А. С. Одинцова істеді.
Қорықтың бастапқы аумағы -30545 га.
1937 жылы корық аумағы -69826 га.
Қорықтың қазіргі аумағы -75043 га.
Қорық Түлкібас және Төле би аудандарының жерінде. Бұдан басқа, қорыққа Бәйдібек ауданындағы Сырдария Қаратауының қойнауындағы палеонтологиялық жер телімдері енгізілген. («Қарабастау» жері СССР-дің алғашқы палеонтологиялық қорығы және 1973 жылы корғауға алынған «Әулие» жері.)
Ақсу-Жабағылы қорығының бірегейлігі мынада:
- Бұдан 140 млн. жыл бұрынғы дәуірінде   бұл жердегі өзен жағалауларында жақсы сақталған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары бар. Осындай орындар Жер шарында тек қана Шотландия, Үндістан, Грузия, Тәжікстаннан табылған. Бірақ Қаратау қорымы (Бәйдібек ауданындағы қорық бөлігі) барлық ашылғандар ішіндегі бірегейі және ең байы. Сондай-ақ Талас Алатауындағы іргелес жер телімінде жасы 400 млн. жыл болатын қорым бар.
- Теңіз деңгейінен 1000 метрден 4280 м биіктікке дейін жартылай шөлейттен бастап таулы тундра мен мұз-қарлы белдеудегі өсімдік түрлері корықтың тау бөлігін қамтиды.
Қорық өсімдіктердің жоғары эндемикалығымен сипатталады және Тянь-Шань кырқалары мен Ақсу-Жабағылыдан өзге еш жерде кездеспейді.
Қорықтағы бірегей палеонтологиялық олжалар әлемдегі ғылымды айтарлықтай толықтырып, бірқатар жұмбақ түйінін шешіп, Жер шарындағы тіршіліктің үздіксіз даму үрдісінің кілтін табуға, сондай-ақ белгілі дәуірден климаттық өзгеріс ерекшеліктерін айқындауға жол ашты. Талас Алатауындағы негізгі қорық аумағында бұдан 400 млн. жыл бұрынғы палеозой дәуірінде тасқа айналған жануарлардың жиынтығы бар.

Аксу өзенінің каньoны

1926 жылы Батыс Тянь-Шань тауының бөктерінде құрылған Қазақстанның ең ескі қорықтарығы Ақсу-жабағлы қорығының ең әдемі әсем табиғатының бірі Аксу каньоны болып табылады. АҚсу канионы Орта Азиядағы ең терең каниондардың бірі болып табылады. (оның тереңдігі 300 ден 500 м дейін, жоғарғы шеттері 800 м, ал ұзындығы – 30 шақырымды құрайды.) Канионға түсу өте қиын, өзеннің жағалауы тасты және одан сайын қиындата туседі. Күн көзіне жақсы жылынған тау өзендері мен жартастар ауаныңы ылғалдылығын сақтап, канионда кәдімгі оранжереялы климат түзеді және қорықтың басқа дерлерінде өсімдіктерден бөлек канионда қылқан жапрақтыларды, папоротниктерді кездестіруге болады

Жарияланған: 26.09.2015 - 10:52:41
Жаңартылған: 18.05.2016 - 10:51:56
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі