Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Апталық ақпарат

-A A +A

ОҚО денсаулық сақтау басқармасында бекітілген жоспарға сәйкес 2015 жылдың 22 наурызынан 22 сәуірге  дейін облыс көлемінде «Денсаулық жолы акциясы» ұйымдастырып өткізілуде. Жұмыс тобында жоғары білікті мамандар:  фтизиатр, кардиолог, педиатр, эндокринолог, онколог, терапевт, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қызметкерлері халық арасында медициналық көмек,  кеңес, зерттеу, насихаттау іс-шараларын жүргізіп, ақпараттық әдістемелік құралдар тарқатуда. Жылжымалы медициналық комплекс және жылжымалы флюорография қызмет көрсетуде.

_____________

2015 жылдың 13 наурызында «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында, Шымкент қаласындағы «Самал» және «Қырғы» базарларында акция өткізілді.

Акция барысында, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қала тұрғындарын және қонақтарын, базар сатушылары мен келушілерін жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ақпараттандырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен көңіл бөлуге шақырып, ақпараттық танымдық материалдарын тарқатты.

_____________

2015 жылдың 13 ақпанында «Ана мен бала денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау» және «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында қаланың орталық көшелерінде және саябақтарында акция ұйымдастырылып өткізілді.

Акция барысында, қала тұрғындарын және қонақтарын, базар сатушылары мен келушілерін салауатты өмір салтын ұстануды және «Ана мен бала денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау» және «Қызылшаның алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, ақпараттық танымдық материалдары тарқатылды.

_____________

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2015 жыл наурыз айының 5-ші жұлдызында «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласындағы «Самал» және «Қырғы» базарларында акция өткізілді.

Акция барысында, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қала тұрғындарын және қонақтарын, базар сатушылары мен келушілерін салауатты өмір салтын ұстануды және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттандырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен көңіл бөлуге шықырып, ақпараттық танымдық материалдарын тарқатты.

_____________

2015 жылдың 4-5 ақпан күндері «Әлем» жастар денсаулық орталығында «(4ақпан) дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларымен күрес күні» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне ОСӨСҚО-ның мамандары, облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігерлері, жоғарғы оқу орындары және колледж студенттері қатысты.

_____________

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың қаңтар айының 30 күні «Ана мен бала денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау» айлығы және «Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларымен күрес күні (4 ақпан)» онкүндігі тақырыптарында, облыстық және қалалық медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты мамандарға арналған семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте облыстық балалар ауруханасы, облыстық жүйке аурулары диспансерінен тақырыпқа сәйкес шақырылған мамандар баяндама жасады.

_____________

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылы қаңтар айының 21 күні«Төтенше жағдайларды, тамақтан, табиғи және тұншықтырғыш улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбындадөңгелекүстелөткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан, ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен,жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығынан және ОҚО төтенше жағдайлар басқармасынанмамандарқатысты.

_____________

Облыстықсалауаттыөмір салтынқалыптастыруорталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 14-ші қарашакүні «Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні», «Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күрес күні» тақырыптарында,ОҚО Денсаулық сақтаубасқармасында және «Халыққа қызметкөрсету орталығы»РМКОҚО бойынша филиалында акция өткізілді.

Акциябарысындақалатұрғындарымен қонақтарынаоблыстық эндокринологиялық диспансерінің дәрігерлері,облыстық Қазақ-Түрік клиникасының дәрігерлері, Шымкент медицина колледжінің студенттері және де ОСӨСҚО-ның мамандары диабеттіңжәнеөкпенің созылмалы обструктивтіауруларының алдын алу бойынша кеңестер беріп,қанның құрамындағыглюкозаныңдеңгейі өлшеді. Сонымен қатарақпараттық-танымдықматериалдарытарқатылды.

Облыстық салауатты өмір салтынқалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 25-ші қазан күні «Сүт безінің және жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу», «Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні», «Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күрес күні», «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні(1 желтоқсан)», «Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні (15 қараша)», «Респираторлывирустық инфекциялардың, тұмаудың және пневмококкты инфекциясының алдын алу», және «Ана мен нәресте өлімін төмендету» бойынша іс-шаралар тақырыптарында, облыстық және қалалық медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты мамандарға арналған семинар-кеңес өткізілді.

Семинар – кеңестеоблыстық наркологиялық диспансерінен, облыстық эндокринологиялық диспансерінен, облыстық онкологиялықдиспансерінен, облыстық клиникалық ауруханасынан, №2 қалалық перзентханасынан, облыстық СПИД орталығынан, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан жәнеМСЭҚК-нің ОҚОбойынша департаментінен тақырыпқа сәйкес,шақырылғанмамандар баяндамажасады. Жалпы қамтылған адам саны - 64.

Облыстықсалауаттыөмір салтынқалыптастыруорталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 21-ші қарашакүні «Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні(15 қараша)» тақырыбында,ОҚО Денсаулық сақтаубасқармасында және «Халыққа қызметкөрсету орталығы»РМКОҚО бойынша филиалында, «Темекіні біржолата таста!» ұранымен, акция өткізілді.

Акция барысында облыстық наркологиялықдиспансерінің дәрігерлері, Шымкент медицина колледжінің студенттері және де ОСӨСҚО-ныңмамандарытемекі шегушіліктің алдын алу бойынша викториналық ойындар өткізіп, кеңестер берді. Сонымен қатар ақпараттық-танымдықматериалдарытарқатылды.

Облыстықсалауаттыөмір салтынқалыптастыруорталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 21-ші қараша күні ОҚМФА-да және «Майлыкент»колледжінде«Халықаралықтемекішегуденбас тарту күні (15 қараша)»тақырыбында, «Темекісіз болашақ»ұранымен акция өткізілді.

Акциябарысында «темекі шегушіліктің алдын алу» бойынша студенттерарасындавикториналық ойындар мен конкурсөткізілді.Жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар ақпараттық-танымдықматериалдарытарқатылды.

Осы күні облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыруорталығының мамандарыЕңбекші аудандық әкімдігімен, қалалық ішкі саясат бөлімімен, облыстық нароклогиялықдиспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп,темекі өнімдерінсатпайтындүкендер арасында акция өткізілді.

Акция барысында ақпараттық-танымдық материалдары және ынталандыру сыйлары берілді.

_____________

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылы қаңтар айының 23 күні қаланың орталық көшелерінде «Абайлаңыз, көк тайғақ!» тақырыбында ақпараттық кампания өткізілді.

Ақпараттық кампания барысында «Қыс кезінде өзіңді жарақаттанудан қалай сақтау керек?» тақырыптарында ақпараттық-танымдық материалдары тарқатылды.

_____________

Дүниежүзілік жүрек күніне арналған республикалық онкүндік аясында «Сау жүрекке жол таңда» ұранымен акциясы өтті

2013 жылы 30 қыркүйекте облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтелеком» АҚ, халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, Абай ауданының қалалық әкімдігі, Шымкент қаласындағы Орталық, Кең-баба және Қиял әлемі саябақтарында Дүниежүзілік жүрек күніне орай, «Сау жүрекке жол таңда» ұранымен акция өткізілді.

Акцияның мақсаты: қан айналымы жүйесі асқынуларынан туындайтын аурулар жөнінде қала тұрғындарының ақпараттануын жоғарылату, тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, қан қысымын анықтау, алдын алу шаралары бойынша мәлімет алу, қан айналымы жүйесі аурулары, одан туындайтын асқынуларды ерте анықтау.

Акция барысында облыстық кардиологиялық орталығының кардиолог дәрігерлері қала тұрғындарының қан қысымын өлшеп, жүрек-қан тамыр аурулары және оның асқынуларының алдын алу бойынша өз кеңестерін берді,әр адам өз денсаулығына өзі жауапкершілікпен көңіл бөлу керектігін жеткізу мақсатында насихаттау жұмыстары жүргізілді, ақпараттық-танымдық материалдары таратылды. Қамтылған адам саны – 235.

_____________

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 2013 ж. 10 қыркүйек күні сағат 16.00-18.00 аралығында Шымкент қалалық саябақтарында (Кең баба, Қиял әлемі, Орталық) акция ұйымдастырып, өткізді. Акцияға қалалық №11 орта мектебінің 11 сынып оқушылары, ЖДО-ның волонтерлері, облыстық психоневрологиялық диспансерінің дәрігерлері, ОҚО ІІД қызметкерлері мен ОСӨСҚО-ның мамандары қатысты.

Аталған акцияның мақсаты – әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары проблемаларының орын алуы жайында және аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу шаралары туралы қала тұрғындары мен қонақтарының ақпараттануын жоғарылату.

Акция барысында орын алған ақпараттық кампанияда ақпараттық таным материалдары үлестірілсе, аталған тақырыпқа сай викториналық сұрақтарға тұрғындар жауап бере отырып, дәрігер-психологтардың кеңесін алды.

Жалпы 620 адам қамтылды.

_____________

2013 жылдың 28 тамыз күні ОСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен «Оба және тырысқақ карантинді ауруларының алдын алу» тақырыбында ОҚО ДСБ, ҚР ДСМ МСЭҚК, ОҚО бойынша кедендік бақылау департаменті, ШҚЖАА, ШҚ «Обаға қарсы күрес» станциясы мамандарының қатысуымен пресс-конференция өткізілді. Пресс-конференцияда ең алдымен халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды, және алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту жайында айтылды.

_____________

ОСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен 2013 жылдың шілде айының 19 күні сағат 16.00-18.00 аралығында қала базарларында және қоғамдық автокөліктерде «Темекі шегушіліктің, маскүнемдіктің алдын алу және оны шектеу» мақсатында акция өткізілді. Акция барысында ақпараттық танымдық материалдар таратылып, белгіленбеген орындарда темекі шеккен тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылып өтті. Қамтылған адам саны – 146.

_____________

2013 жылдың 8-мамыр күні Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Артериялық гипертонияның алдын алу», «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыптарында қала базарларында және саябақтарында ОСӨСҚО, Облыстық кардиологиялық орталықтың, Шымкент қалалық орталық емхананың мамандарының, Шымкент медицина колледжі студенттерінің, БАҚ-ның қатысуымен акция болып өтті. Акция барысында қала тұрғындарының және қонақтарының артериялық қан қысымы өлшеніп, қан қысымы жоғары адамдарға кеңес беріліп, ЭКГ-ға түсірілді. Сонымен қатар Ордабасы алаңында «Жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында ОСӨСҚО мамандарының және жол полициясының қатысуымен реид ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы акцияда 1200, реид барысында 300-ге жуық адам қамтылды.

_____________

2013 жылдың 26-сәуір күні сағ. 11:30-да облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік темекімен күрес күні (31мамыр)», «Халықаралық отбасы күні (15мамыр)», «Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күні (17мамыр)» тақырыптарында облыстық наркологиялық диспансердің, облыстық кардиологиялық орталықтың, №1 облыстық перинаталдық орталықтың, ХҚТУ клиникасының қатысуымен қалалық және облыстық медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандарына арналған облыстық семинар-кеңес болып өтті. Семинарда аталған тақырыптарға сай шақырылған мамандар баяндама жасады. Қамтылған адам саны – 60.

Осы күні Отырар аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік темекімен күрес күні (31мамыр)», «Халықаралық отбасы күні (15мамыр)», «Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күні (17мамыр)» тақырыптарында аудандық медицина ұйымдарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандарына арналған көшпелі семинар-кеңес, сонымен қатар Отырар ауданы әкімінің АСӨСҚО-ны жаңа ғимаратпен қамтамасыз етуіне байланысты аудан әкімшілігінің, ОҚО ДСБ-ның, «Евгеника» МЕҰ-ның, «Angel NVA» ЖШС-ның өкілдерінің қатысуымен ғимараттың ашылуы салтанатты түрде болып өтті. Көшпелі семинар-кеңесте жергілікті медицина ұйымдарының мамандары баяндама жасады. Жалпы қамтылған адам саны – 120.

_____________

2013 жылдың 23-сәуірі күні сағат 11:30-да Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ОСӨСҚО-ның мәжіліс залында 2013 жылы 22-27 сәуір имундау апталығына байланысты «Өз әлеміңді қорға -вакцинация ал!» ұранымен «Иммундаудың маңыздылығы мен қауіпсіздігін насихаттау» тақырыбында ОҚО ДСБ-ның, ОҚО МСЭҚК-нің, №1 ШҚБЕ-ның және БАҚ-ның («Отырар» телеарнасы) қатысуымен пресс-конференция болып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған: 20.01.2016 - 12:50:36
Жаңартылған: 20.01.2016 - 13:00:45
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі