Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ашық отырыстың хаттамалары

-A A +A
 
 
Шымкент қ.                           
 
Төрағалық етуші:   
№ 9                     2016 жылғы 18 қараша
 
Оңтүстік Қазақстан
 облысының әкімі
Ж.Түймебаев  

 

1.  Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту барысы туралы

(Тұрбеков, Мамытбеков)

1. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (С.О.Тұрбеков) және аудан, қала әкімдері тарапынан облыста мал шаруашылығын дамыту барысында, оның ішінде: ветеринариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту мақсатында стратегиялық инвесторларды тарту, ет өнімдерінің экспортын ұлғайту, кластерлерді дамыту, жемшөппен қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары жеткіліксіз деп атап көрсетілсін.  

2. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (С.О.Тұрбеков), тиісінше, салалық басқармалармен, аудан, қала әкімдерімен бірлесе отырып:

1) мал шаруашылығы саласын дамыту барысына зерделеу жүргізу мақсатында, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін қамти отырып, жұмысшы топтарын құруды қамтамасыз етсін;

2) зерделеу қорытындылары бойынша ұсыныстарды 2016 жылғы       20  желтоқсанға дейін ұсынып, жан-жақты талқылап, нәтижесі бойынша нақты іс-жоспарын (іс-шара атауы, мерзімі, жауапты орындаушысы, орындалу сапасы, т.с.с.) жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етсін. 

 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша дайындалған облыс әкімдігінің қаулы жобасы аталған сын-ескертпелерді ескере отырып қабылдансын.

2. Оңтүстік Қазақстан облысында мәдениет саласын

дамыту барысы туралы

 (Ахметжанов, Исмаилов )

1. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Н.Қ.Ахметжановтың «Оңтүстік Қазақстан облысында мәдениет саласын дамыту туралы» баяндамасы толыққанды емес деп атап көрсетілсін.

2. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасы (Н.Қ.Ахметжанов), аудан, қала әкімдерімен, облыстық салалық басқармалармен, тиісінше, бірлесе отырып:

1) елді мекендердегі мәдениет ошақтарын тиімді әрі жүйелі пайдаланып, жаңа - рухани тұрғыдан мәдени нақты іс-шаралар өткізуді; 

2) ұрпақтар сабақтастығы бойынша тәрбиелік мәні бар, дәстүрлі мәдениетімізді, әдет-ғұрпымызды болашақ ұрпаққа жеткізу бойынша жүйелі әрі нақты жоспарлы жұмыстар жүргізуді;

3) облыстағы салалық басқармалардың, жастар ұйымдарының, және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерлерді, ғалымдарды қамти отырып, қолөнер, ән-күй, би және т.б. орталықтарды ашу жұмысын ұйымдастыруды;

4) мәдениет саласын дамыту мақсатында, барлық елді мекендерді қамти отырып, іс-шаралар жоспарын 2016 жылғы 20  желтоқсанға дейін әзірлеп, жан-жақты талқылап, нәтижесі бойынша нақты іс-жоспарын (іс-шара атауы, мерзімі, орындалуы, жауапты орындаушысы, орындалу сапасы, т.с.с.) жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етсін. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша дайындалған облыс әкімдігінің қаулы жобасы аталған сын-ескертпелерді ескере отырып   қабылдансын.

3. Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері

мен перспективалары туралы

 (Қарабаев, Әбдуәлиев)

1. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы (М.К.Қарабаев) және  аудан, қала әкімдері тарапынан туризм саласын дамыту барысында атқарған жұмыстары қанағаттандырарлықсыз деп атап көрсетілсін.

2. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы (М.К.Қарабаев) тиісінше, облыстық салалық басқармалармен, аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, туризм саласының облыс экономикасының дамуына қосатын үлкен мүмкіндіктерін ескере отырып, туристік өңірге айналу мақсатында,  нақты туризмді дамыту іс-шаралар жоспарын 2016 жылғы 20  желтоқсанға дейін әзірлеп (іс-шара атауы, мерзімі, орындалуы, жауапты орындаушысы, орындалу сапасы, т.с.с.) жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Аталған мәселе 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайта қаралсын.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша дайындалған облыс әкімдігінің қаулы жобасы аталған сын-ескертпелерді ескере отырып   қабылдансын.

4. Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы

(Жанәбіл)

1. Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының (Б.С.Жанәбіл) «облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында» жүргізген жұмыстары төмен деңгейде атқарылғандығы атап көрсетілсін.

2. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы (Б.С.Жанәбіл), аудан, қала әкімдерімен, облыстық салалық басқармалармен, тиісінше, бірлесе отырып:

1) жастар арасында идеологиялық жұмысты күшейту  жұмыстарын жандандырсын;

2) өзара іс-әрекеттерін жаңаша - рухани тұрғыдан жан-жақты талқылап, нәтижесі бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 2016 жылғы 20 желтоқсанға дейін қабылдауды қамтамасыз етсін.   

3. Аталған мәселе 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайта қаралсын.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша дайындалған облыс әкімдігінің қаулы жобасы аталған сын-ескертпелерді ескере отырып   қабылдансын.

5.   Оңтүстік Қазақстан облысында коммуналдық меншігінің сақталуы мен пайдалануына бақылау барысы туралы

(Мендебаев, Құлажанов)

1. Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы К.Н.Мендебаевтың «Оңтүстік Қазақстан облысында коммуналдық меншігінің сақталуы мен пайдалануына бақылау барысы туралы» баяндамасы назарға алынсын.

2. Коммуналдық меншіктің сақталуы мен пайдаланылуына бақылау барысы бойынша баяндамада аталған облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері тарапынан коммуналдық меншіктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізуі  қанағаттандырарлықсыз деп атап өтілсін.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.А.Әлімқұлов, облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметі, облыс әкімінің бас инспекторлары облыс бойынша коммуналдық меншіктің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жеткілікті деңгейде қадағаламағаны үшін тиісті аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына заң талаптарына сәйкес тәртіптік шара қолдану бойынша нақты ұсыныстар енгізсін.  

4. «Облыс бойынша коммуналдық меншіктің сақталуы мен пайдалануына бақылау барысы туралы» мәселе 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің мәжілісінде қайта қаралсын.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша дайындалған облыс әкімдігінің қаулы жобасы аталған сын-ескертпелерді ескере отырып толығымен қабылдансын.

 

 

    Облыс әкімі                                                  Ж.Түймебаев

 

Жарияланған: 02.12.2016 - 20:10:35
Жаңартылған: 05.12.2016 - 09:15:06
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі