Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Аурулардың алдын алу туралы малиметтер

-A A +A

Қауіптің мінез-құлықтық факторларының алдын алу
ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Тамақсыз бірнеше апта, сусыз – бірнеше күн, ал ауасыз – бірнеше секунд қана өмір сүруге болады. Дәл осы ауаның экологиялық жағынан қатты ластанғанын ескерсек, өкпеге баратын ауаның қаншалықты кір екендігін елестетіп көріңізші... Ал шылым шегетін адамның өкпесіне тарайтын түтіннің әсері одан да сорақы екені хақ.
Шылым шегудің ағзаға тигізетін пайдасы жайлы қандай деректеріңіз бар? Бұл сұраққа бірде бір жағымды жауап таппайсыз. Ал керісінше, оның зияны туралы бірқатар дәлелдерді келтіруге болады.
Шылым, көпшілік ойлағандай, суықта жылытпайды, мидың жұмысына серпіліс әкелмейді. Керісінше, адамды ұзаққа созылатын тәуелділікке душар етеді. Әсер ету күші жағынан ішімдік пен есірткіден әлсіздеу болса да, тигізетін зияны асып артылады десек те қате болмас. Өйткені темекі түтіні адамның барлық мүшелеріне, әсіресе тыныс жолдарына қауіпті әсер етеді. Қазіргі таңда ауаның құрамында оттегінің кемуіне және көміртегінің артуына қатысты (оған темекі түтіні мен автомобиль газын қосыңыз) мәселені есепке алсақ, тыныс жолдарын зақымдайтын аурулардың артқандығы жайлы белгілі болды.
Соның ішінде созылмалы обструктивті өкпе аурулары – нақты бір ауру емес, бұл өкпеге келіп тұратын ауа ағымының шектелуіне алып келетін созылмалы өкпе аурулары үшін қолданылатын жалпылама термин. Бұл темекі шегушінің жай жөтелі емес, жеткілікті түрде диагноз қойылмайтын, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. СОӨА негізгі белгілері ентікпе немесе ауа жетіспеушілік сезімі, қақырықтың көп бөлінуі және созылмалы жөтел болып табылады.
Мәселенің түп төркініне үңілетін болсақ, темекі тартатын адамдардың қандай да бір шешілмеген ішкі сыры бар. Ол көп жағдайда стресстен туындайды. Шешімі табылмаған немесе ұзақ уақыт бойы адамды сары уайымға салдыратын мәселелердің нәтижесінде тәттілерді жеу, ішімдік ішу, темекі тарту сияқты жағымсыз әдеттерге жол беріледі. Бірақ шындығында, бұл іс-әрекет өмір шындығынан алыстауға және тәуелділіктің пайда болуына әкеп соқтырады.
Темекі шегетіндер көптеген қиындықтарға тап болады. Біріншіден, шылым шегуші темекіге деген тәуелділіктен өз бетінше арыла алмайды. Екіншіден, одан құтылу үшін көптеген қаржы жұмсау қажеттілігі артады. Үшіншіден, аз-аздан зақымдалған ағзаға біртіндеп көптеген аурулар «қоныстай» бастайды. Кейін олардың темекі шегетін ата-анадан балаға «көшетінін» тағы бір есептеп қойыңыз. Оның үстіне темекі түтіні шылым шегушінің ғана емес, оның жанындағы адамдардың да денсаулығына зиян тигізетінін қосыңыз. Сонда бір темекінің бір адамның емес, қоғамның денін құртатынына көз жеткізуге болады.
Қазіргі кезде хош иісті ауаны ыдыстарға енгізіп, қызықтырған адамдарға сату мәселесі де қолға алынды. Сондықтан темекі түтіні мен жұпар иісті, мықты денсаулықты және тұлғалық тәуелсіздікті таразылап өлшеп көріңізші. Қай жағы ауыр тартады? Қай жақта өмір сүрген ыңғайлы әрі пайдалы? Бір мезет ойланып, салауатты өмір салтына аяқ басыңыз. Сонда, сіз соңғы темекіңізді тастаған соң:
20 минуттан кейін
Қан қысымы мен тамырдың соғуы тұрақталып, қалыпқа келеді. Қан айналымы, аяқ пен қол температурасы жақсарады.
8 сағаттан кейін
Темекі шегуден бас тартқан соң, қандағы көміртегі тотығының деңгейі төмендеп, оттегі деңгейі айтарлықтай арта түседі.
24 сағаттан соң
Қандағы көміртегі тотығы толығымен қалпына келеді. Содан соң өкпеден жағымсыз әдетпен әуестенген уақыт бойы жиналған сілемей мен бөгде уытты заттектер шығарылып, тыныс алу әлде қайда оңайырақ болады. Темекі шегу кезінде зақымдалған жүйке талшықтары қайта қалпына келе бастайды.
Енді Сізге жеткен жеңісіңізден ләззат алып, өзіңізді құттықтауыңызға болады!
ІШІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.
Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек.
Қорғаныс факторлары:
  • Отбасындағы амандық, отбасы мүшелерінің берекелігі, өнегелі тәрбие, отбасындағы конфликттердің болмауы;
  • Жоғары интеллект деңгейі, физикалық және психикалық денсаулық, күйзелістерге деген төзімділік;
  • Молшылық, баспанамен қамтамасыздануы;
  • Үнемі медициналық бақылау;
  • Тұратын мекендегі қылмыстықтың төмен деңгейі;
  • Өзін-өзі жоғары бағалау, туындаған проблемаларды тиімді шешу қабілеті, қыспаққа шыдамдылығы, эмоциясын және өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстай білу;
  • Қоғамдық нормаларды сақтау.
 
Қауіп факторлары:
  • Индивидтің психикалық және физикалық денсаулық проблемалары;
  • Ішкіш ата-анадан туылған және олардан тәрбие алған балалар;
  • Ішімдікті үнемі пайдаланатындармен сөйлесуі және құрдастарының қыспағына қарсы тұра алмауы;
  • Жеке бас қасиеттері (төмен интеллект, өзін-өзі төмен бағалауы, көңіл-күйінің ауыспалылығы, өз-өзіне сенімсіздігі, әлеуметтік нормаларды, құндылықтар және жүріс-тұрыс т.б. ұстануды қаламауы);
  • Жыныстық қатынасқа ерте түсу;
  • Отбасында жиі болатын конфликттер, отбасындағы төмен табыс;
  • Мектептегі төмен үлгерімі, оқығысы келмеуі;
  • Туыстармен, құрдастармен сөйлесу кездегі проблемалары.
Адам өмірінде әртүрлі оқиғалар, жағдайлар болады, оларға әртүрлі уақытта қорғаныс және қауіп факторлары ықпал етуі мүмкін.
Ішімдіктің алдын алу спирттік сусынға деген негативтік қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Осындай өмір салтын ұстанған адамның ішімдікке құмартуы соқпайды.
Ішімдік туындауын алдын алу шаралар тоқтатады. Алдын алу жұмысы әңгімелесу, семинарлар өткізу, тыңдаушыға ішімдіктің салдары мен қауіптілігі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ықпал етудің басқа формаларымен түсіндіріп, жеткізу. Адам санасында ішімдіктің проблемаларды шешу құралы еместігі туралы түсінік қалыптасу керек. Спирттік сусындарды ішуші тұлғаларға психологиялық қолдау, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ішімдік тек бір адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға кесірін тигізеді. Қорытындылай келе айтпағымыз, сендіру және қорқытуға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ішімдіктен сақтанудың ең тиімді жолы.
НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Нашақорлық көптеген қайғылы оқиғалардың, адам өлімінің себепшісі. Ата-ана махаббаты және материалдық қамдану бала бақытының қалтқысыз болуына жеткіліксіз.
Балаңыздың жүріс-тұрысын бақылаңыз! Нашақорлық бірнеше сағатта пайда болмайды, ол бір ай, не болмаса бірнеше ай көлемінде немесе оны үнемі қолданудың алдында дамиды. Дәл осы кезден бастап сіз балаңыздың жүріс-тұрысындағы өзгерістерді байқауыңыз мүмкін. Балаңыз әлі де болса науқас болып үлгермегендіктен, онымен терең түрде ашық әңгімелесу жеткілікті болуы мүмкін. Егер де сіз осы сәттен айрылып қалсаңыз, есірткіні қолдану үлкен дертке айналады.
Егер балаңыз есірткімен қатынасы болса, есірткіні қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат арқылы сіз балаңызға дәл уақытында көмек көрсете аласыз.
Балаңыздың араласып жүрген ортасын білсеңіз де, оған үнемі бақылау жасап отырыңыз, оның есірткі қолданатындығын байқататын күмәнді белгілері:
  • Баланың тұйықтана түсуі (ата-анасымен қатынасы бұзылмаса да). Баланың «қыдырысы» көбейе түседі, үйден ерте кетіп, кеш келуі, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсауы немесе үйдегілермен уақытты өткізбеуі;
  • Бала кеш жатып, таңертең төсектен тұрғысы келмеуі;
  • Оқуға ынтасы, қызығушылығы, хоббиі жоғалып, сабақтарға бармауы байқалады;
  • Оқу үлгерімі төмендейді;
  • Қаржы мәселелері туындап, ақша сұрауды жиілете түседі (егер үйдегі құнды заттар, ақша жоғала бастаса, бұл өте ойланатын жағдай!);
  • Балаңызда жаңадан күмәнды жолдастар пайда болады (алғашында балаңыз жақсы киінген, жақсы болып көрінетін нашақормен кездеседі) немесе бұрынғы жолдастарының жүріс-тұрыстары күмән тудыра бастайды;
  • Балаңызбен сыбырласып сөйлесетін болады, оқшауланып, түсініксіз сөздер айтады;
  • Бала көңіл-күйі әп-сәтте өзгеріп отырады, дау-дамайда селқостық танытса, тыныш кездегі жағдайда ашушаңдық білдіретін болады;
  • Бала қолдарының тамырынан ине салған орындарды көруге болады.
Мамандардың айтуынша, ата-ана еш ұялмастан бала сөзіндегі және қимылындағы түсініксіз және мазалайтын жайттарды ашық түрде сұрауы керек. Ата-ана «Адамда құпия болады ғой..» және «бәрінде осылай болады емес пе» деген тұжырымдармен өзін алдамауы керек. Есірткі мектептерде, түнгі клубтарда және т.б. жерлерде сатылады, өкінішке орай балаңыздың есірткіге соқтығуы әбден мүмкін.
Егер балаңыздан кептірілген шөп, шприцттерді, ұнтақ затты, түрлі-түсті таблеткаларды байқасаңыз, балаңыздың сіздің алдыңызда ақталғанын тыңдамаңыз. Бәрі де айдан анық.
Айғай-шу, дау-дамайдың еш көмегі жоқ. Бұл қауіпке әділ қарап, шындап кірісу керек.
Нашақорлық көптеген қайғылы оқиғалардың, адам өлімінің себепшісі. Ата-ана махаббаты және материалдық қамдану бала бақытының қалтқысыз болуына жеткіліксіз.
Балаңыздың жүріс-тұрысын бақылаңыз! Нашақорлық бірнеше сағатта пайда болмайды, ол бір ай, не болмаса бірнеше ай көлемінде немесе оны үнемі қолданудың алдында дамиды. Дәл осы кезден бастап сіз балаңыздың жүріс-тұрысындағы өзгерістерді байқауыңыз мүмкін. Балаңыз әлі де болса науқас болып үлгермегендіктен, онымен терең түрде ашық әңгімелесу жеткілікті болуы мүмкін. Егер де сіз осы сәттен айрылып қалсаңыз, есірткіні қолдану үлкен дертке айналады.
Егер балаңыз есірткімен қатынасы болса, есірткіні қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат арқылы сіз балаңызға дәл уақытында көмек көрсете аласыз.
Балаңыздың араласып жүрген ортасын білсеңіз де, оған үнемі бақылау жасап отырыңыз, оның есірткі қолданатындығын байқататын күмәнді белгілері:
  • Баланың тұйықтана түсуі (ата-анасымен қатынасы бұзылмаса да). Баланың «қыдырысы» көбейе түседі, үйден ерте кетіп, кеш келуі, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсауы немесе үйдегілермен уақытты өткізбеуі;
  • Бала кеш жатып, таңертең төсектен тұрғысы келмеуі;
  • Оқуға ынтасы, қызығушылығы, хоббиі жоғалып, сабақтарға бармауы байқалады;
  • Оқу үлгерімі төмендейді;
  • Қаржы мәселелері туындап, ақша сұрауды жиілете түседі (егер үйдегі құнды заттар, ақша жоғала бастаса, бұл өте ойланатын жағдай!);
  • Балаңызда жаңадан күмәнды жолдастар пайда болады (алғашында балаңыз жақсы киінген, жақсы болып көрінетін нашақормен кездеседі) немесе бұрынғы жолдастарының жүріс-тұрыстары күмән тудыра бастайды;
  • Балаңызбен сыбырласып сөйлесетін болады, оқшауланып, түсініксіз сөздер айтады;
  • Бала көңіл-күйі әп-сәтте өзгеріп отырады, дау-дамайда селқостық танытса, тыныш кездегі жағдайда ашушаңдық білдіретін болады;
  • Бала қолдарының тамырынан ине салған орындарды көруге болады.
Мамандардың айтуынша, ата-ана еш ұялмастан бала сөзіндегі және қимылындағы түсініксіз және мазалайтын жайттарды ашық түрде сұрауы керек. Ата-ана «Адамда құпия болады ғой..» және «бәрінде осылай болады емес пе» деген тұжырымдармен өзін алдамауы керек. Есірткі мектептерде, түнгі клубтарда және т.б. жерлерде сатылады, өкінішке орай балаңыздың есірткіге соқтығуы әбден мүмкін.
Егер балаңыздан кептірілген шөп, шприцттерді, ұнтақ затты, түрлі-түсті таблеткаларды байқасаңыз, балаңыздың сіздің алдыңызда ақталғанын тыңдамаңыз. Бәрі де айдан анық.
Айғай-шу, дау-дамайдың еш көмегі жоқ. Бұл қауіпке әділ қарап, шындап кірісу керек.
СЕМІРУДІҢ АЛДЫН АЛУ
Семіру дүниежүзіндегі кең таралған созылмалы аурулар қатарына және жұқпалы емес індет масштабтарына жатады. ДДҰ жұртты дүрліктіреді: әр 10 жыл сайын дүниежүзінде семіру науқастары 10% өседі, ал қазіргі таңда оның кең таралуына байланысты «семіру пандемиясы» термині енгізілген екен.
Жылсайын артық тамақтану (артық салмақ және семіру) салдарынан 2,8 миллион ересек адамдар өмірімен қоштасады. Сонымен қатар, 44%-диабет, 23%-жүректің ишемиялық ауруы, 7-41% онкологиялық аурулар - артық салмақ және семіруден болады. Дене салмағының төмендеуіне қарағанда, артық салмақ пен семіруден өлім-жітім көрсеткіші көп. Мысалға, дене салмағының төмен көрсеткішіне қарағанда, әлемнің 65% халқы артық салмақты адамдар мен семіз адамдардан тұратын елдерде өмір сүреді, ал бұл елдерде өлім-жітім көп болады (бұған орта және жоғары табысты елдер қатары жатады). Жалпы әлемдік ересектер семіруінде он адам ішінде бір адам болған. 1980 жылдан бастап 2010 жылғы аралықта бүкілдүниежүзінде семіру екі есе артты. ДДҰ деректері бойынша 2014 жылда 18 жас және одан жоғары жастағы адамдар – артық салмақтан 39%, ал семіруден - 13% құрады.
1970 жылғы көрсеткіштерге қарағанда, бүгінгі таңдағы 10 есеге артып отырған балалар мен жасөспірімдердің семіруі аса алаңдатады. Кіші жастағы балалар тобының семіздер қатары өсіп келеді: 2013 жылы 5 жасқа дейінгі балалар саны 42 миллионға жеткен, олар артық салмақты және семіз балалар. Сондай-ақ осы кіші жастан бастап туындаған семіру-ересек жастағы адамдарға беріліп келеді, ал бұл семіру мен оның салдарынан ауыратындар қатарын көбейтеді. Сол себепті семіру мен артық салмақтың алдын алуда міндетті түрде балалармен жұмыс істелу куерек. Балалар коммерциялық жарнама ықпалына сенгіш келеді, дей тұрғанмен жас ерекшеліктеріне қарай олар дәрігерлер мен мұғалімдерінің айтқан ұсыныстарын қабылдап, орындай алады.
Семіру мәселесі бұрын жоғары табысты елдерге қатысты болса, бүгінгі күнде орта және төмен деңгейлі даму елдерде халық арасында артық салмақ пен семіру артып келеді. Даму үстіндегі елдерде 5 жасқа дейінгі балалардың артық салмағы мен семіруі 35 миллионға дейін жетсе, дамыған елдерде – 8 миллион.
Семіру қай кезде дамиды? Көп уақыт бойы энергияның кірісі оның шығысынан артып түсу кезінде семірудің 98% жағдайы дамиды.
Экономикадағы өзгерістер (коммерциялық жарнаманың арқасында) салдарынан азық-түлік - құрамында қоректілігі төмен, энергетикалық құндылығы жоғары болып келетін май және қанты бар танымал және арзан құнды болып отыр.
Тамақтанудың қазіргі құрылымы тамақтану өнімінің астық және биологиялық құндылығының төмендеуімен, жоғарырафинатталған және жоғары энергетикалық құндылығы бар өнімдерді пайдаланумен, тамақтануда консервіленген өнімдерді және жылдам еритін қоспаларды мөлшерден тым көп тұтынумен, тұтынатын тамақ мөлшерінің нақты төмендеген энергошығындарға сәйкессіздігімен сипатталады.
Осы аталған өзгерістер Қазақстанға да ықпалын тигізбей өтпеді. Қазақ тамақтану академиясының 2014 жылы өткізген зерттеулері: 55,5% - әйелдер, 49,2% - еркектер, 14,7% - балалар қауымының артық салмақ пен семіруін анықтады.
Астана қаласының нысаналы топтарының скринингтік тексерулерінің деректері бойынша 2014 жыл көрсеткішімен салыстырғанда 2015 жылғы 6 ай көлемінде артық салмақ пен семірудің таралуы артып түсті:
  • дененің артық салмағы 19,14% және 20, 09%, сәйкесінше;
  • 11,98% семіру 15,07% қарсы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, адамдардың артық салмақ пен семірудің алдын алуда оларға көмектесу үшін түсіндірме жұмысының көп қажет етілетіндігі мен салауатты өмір салтына бет бұрғызу керектігін айта кеткен жөн
Жұқпалы аурулардың алдын алу
ЖЕДЕЛ ІШЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
ЖІА – ішек-қарын жолы моторикасының бұзылуы, диарея, интоксикация, кейде сусыздандырумен болатын инфекциялық аурулардың полиэтиологиялық тобы.
Тамақтық инфекцияларды болдырмау үшін ЖІА алдын алу бойынша халыққа тиімді санитариялық ақпараттандыру жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық ұйымының сарапшылары он «алтын» қағиданы құрастырды.
1. Қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау. Кейбір жемістер мен көкөністер шикі түрінде желінеді, ал басқа бір тағамдарды алдын ала өңдеуден өтпейінше, жеу қауіпті. Мысалға, үнемі пастерленген сүт сатып алыңыз, шикі сүт алмаңыз. Шикі түрінде қолданылатын өнімдерді мұқият түрде тазалап жуу керек.
2. Тағамды дұрыс дайындаңыз. Көптеген шикі өнімдер: ет, шикі сүт патогендік микроорганизмдермен себілген болады. Өнімді пысырып, әзірлеуде (булау, қыздыру) бактериялар жойылады, ас өнімінің барлық бөлігі 70° С температураға дейін жетуі тиіс. Мұздатылған ет, балық және құс еті міндетті түрде ерітіліп барып, әзірленуі керек.
3. Әзірленген асты суытпай жеңіз. Пісірілген ас бөлме температурасында салқындатылса, оның құрамында микробтар көбейе бастайды. Осылайша ас көбірек тұрып қалса, одан улану қаупі зор. Өзіңізді уланудан сақтағыңыз келсе, асты дайын болғаннан кейін бірден жеңіз.
4. Тағам өнімдерін дұрыс сақтаңыздар. Сіз ас әзірлеп, оның қалған бөлігін сақтағыңыз келсе, ол ыстық күйде (60° С жуық немесе жоғары) не болмаса суық күйде ( 10° С жуық немесе төмен) сақталуы керек. Егер сіз асты 4-5 сағаттан артық сақтағыңыз келсе, осылай істегеніңіз дұрыс болар.
Балаларға арналған асты көбінесе сақтап, керегі жоқ. Аспен уланудың көптеген жағдайда кездесетін ортақ бір қателігі-бұл тоңазытқышта көп мөлшерде жылы асты сақтау.Тоңазытқышта ас суып үлгермейді де, астың жылы жерінде микробтар тез көбейеді.
5. Ертерек пісірілген асты мұқиятты түрде қыздырып, жылыту керек. Осылайша тамақта көбейетін микроорганизмдерден сақтануға болады.
6. Шикі және дайын ас арасындағы байланыстан аулақ болыңыз. Дұрыс пісірілген ас шикі тағам өнімімен қатар тұрып, ластануы мүмкін. Мысалға, тағам туралатын тақтайшаны немесе пышақты шикі және қайнаған (қуырылған) құс етін әзірлеу үшін қолднуға болмайды. Бұндай тәжірибе арқылы адам улануы әбден мүмкін.
7. Қолыңызды жиі жуыңыз. Ас әзірлеудің алдында және ас дайындығының әр үзілісінде де қолыңызды жуыңыз (шикі балық, ет немесе құс етін бұзғанда міндетті түрде қолыңызды жуыңыз), сондай-ақ тамақтану алдында, серуеннен кейін, жануарлармен ойнағаннан кейін де қолыңызды сабындап жуыңыз. Қолыңыз кесіліп, жарақаттанған болса, ас әзірлемес бұрын қолыңызға пластырь жабыстырыңыз.
8. Ас бөлмені тазалықта ұстаңыз. Ас тез ластанатындықтан, оны әзірлеуге қолданатын ыдыс таза болуы керек. Әрбір қоқым, түйіршікке назар аударыңыз, олар микробқа жол ашушы болуы мүмкін. Ыдыс сүлгілерін күнделікті ауыстырып отыру керек. Еден сүртетін орамалдарды да жуып отыру керек.
9. Тағамды жәндіктерден, жануарлардан және кеміргіштерден қорғай алатын жерде сақтау керек. Жануарлар патогендік микробтарды тасымалдаушылар, ал микробтар арқылы улану қаупі зор. Тағам өнімдерін қорғау үшін жабық ыдыстарда (контейнерлерде) сақтаңыз.
10. Таза суды қолданыңыз. Таза су ішуге де, тағам әзірлеуге де бірдей қажет. Егер судың тазалығына күмәніңіз болса, оны тағамға қосар алдында қайнатып алыңыз.
Жедел ішек инфекциясы ауруының белгілерін (дене қызуы, жүрек айнып құсу, іштің өтуі, ауысынуы) өз бойыңыздан байқасаңыз, кідірместен медициналық көмекке жүгініңіз!
ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТІҢ АЛДЫН АЛУ
Вирустық гепатиттер – бұл біріншіден адам бауырын зақымдайтын, оның қабынуын тудыратын ауру. Бұл ауру жұқпалы аурулар қатарына жатады, өзара айырмашылығы бар, әртүрлі вирустар арқылы туындайды.
Бүгінгі күнде вирустық гепатиттердің А, В, С, Д, Е танымал түрлері бар.
Ағзаға патогендік жасушаларды түсірмеуге көмектесетін, гепатиттің барлық түріне қатысты ережелер бар, оларға тоқталатын болсақ:
1. Қауіптің басты факторы – қайнатылмаған су. Оны ішуге болмайды, термиялық өңдеуден өтпейтін болса, қайнатылмаған сумен көкөністер мен жемістерді жууға болмайды. А типтегі гепатиттен сақтанудың кепілі – 100°C жылытылған таза су.
2. Ортақ қауіпсіздік ережесі – бөтен адамдардан биологиялық сұйықтық алып, қатынасқа түспеу. С және В гепатиттерін жұқтырмау үшін сілекейге, ашық жарақатқа және т.б. бөтен адам қанының құйылып кеткен кезінде сақ болған жөн. Қан микроскопиялық мөлшерде тіс щеткасында, қайшы ұшында, ұстарада және т.б. гигиеналық заттарда болуы мүмкін. Сондықтан бұл заттарды жеке қолданған дұрыс.
3. Барлық медициналық мекемелерде жұқтырудың алдын алу шаралары жүргізілуі тиіс. 10 жыл бұрын эндоскопияны жасасаңыз немесе тіс дәрігеріне қаралған болсаңыз, қаралу керек.
4. Екінші қайтара инелер мен шприцтерді қолданбаңыз, тату немесе пирсинг жасайтын кезде құралдардың дәріленіп тазаланғандығына назар аударыңыз. Есіңізде ұстаңыз – гепатит ашық кеңістікте ұзақ жүреді. ЖИТС вирусына қарағанда гепатит кез-келген үстіңгі қабатта бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін.
В типтегі гепатит негізі жыныстық қатынас арқылы, осылайша С типтегі гепатит те беріледі. Сондықтан интимдік қатынастың кез-келген түріне түскенде максималды түрде сақтану жолын қолданыңыз.
5. Вирустық инфекция анадан балаға босану кезінде, жүктілік пен лактация кезінде беріледі. Медициналық жіті қарауда, белгілі бір препараттарды қолдануын және гигиена нормаларын сақтау арқылы сәбиді жұқпадан қорғап қалуға болады. Жұқтыру жолдары белгісіз болуы мүмкін болғандықтан ең тиімдіс і- вакцинация жүргізу.
ЖРВИ және тұмау кезіндегі инфекцияның ордасы – бұл адам, вирус сулы ауа арқылы адам мен адам қатынасқа түскен кезде жұғады. Науқас адамдар басқа адамдарға жұқтырмаулары керек болса, ал сау адамдар өздері сақтанулары керек.
Инфекция жұқтырған адам жағынан болатын ЖРВИ ең тиімді алдын алу жолдары:
1. ЖРВИ ауыратын адам үйде ауыруы керек!
Дей тұрғанмен, бұл қағида үнемі қадағаланбайды.
Жұмысқа, оқуға, факультативтерге аурудан жазылған соң ғана оралу керек.
 2. Маска кию.
Егер үйде отырып, емделу мүмкіндігі болмаса, қоршаған ортаны жұқтырудан сақтау үшін, маска киген дұрыс болады. Вирустар көп мөлшерде қақырық пен шырышта болады. Науқас адам сөйлегенде, түшкіріп жөтелгенде шырыштың тамшылары бірнеше метрге дейін жетіп, жақын тұрған адамға жұғуы, тұрмыстық заттарға қонуы мүмкін.
Масканың басты мақсаты – осы вирус тамшыларын қалай да болса, қоршаған ортаға түсуін шектеу.
Масканы әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отыру керек, өйткені масқада вирустар көптеп жиналады. Аурып жүрген кезде қол алысу, құшақтасу, сүйісуге, яғни басқалармен қатынасқа түсуге болмайды. Сау адамдарға масқа киюдің қажеті жоқ. Ол сау адамның вирус жұқтыруынан сақтамайды.
 ЖРВИ ауруының кезеңі басталғанда үйде, ұжымдарда алдын алу шараларын жүргізу керек. Алдын алу шаралары ауадағы вирустарды азайтуға, оларды бәсеңдетуге арналған.
ЖРВИ болдырмаудың негізгі алдын алу шаралары: желдету. Ауа алмастыру ауадағы вирустарды азайтады, оларды жұқтырып, ауырып қалу мүмкіндігін төмендетеді. Егер үйде науқас адам болса, бөлмені үнемі желдету қажет; кварцтау. Ультракүлгін сәулелер вирустарды өлтіреді; қолды жиі жуу; дезинфекциялаушы препараттарды қолдану арқылы бөлмеге дымқыл шүберекпен тазалық жүргізу; дезинфекциялаушы препараттарды қолдану арқылы ортақ қолданыстағы заттарды жуып, шаю (әсіресе ойыншықтарды); таза ауада серуендеу ; спецификалық иммунитет құру (тұмауға қарсы вакцинация). С, А және В топтағы дәрумендерді қабылдау; фитотерапия: таңқурай, жөке гүлі, итмұрын, бал тұнбасы және қайнатпасы.
 Алайда Сіз сырқаттанып қалсаңыз, үйде қалып, дәрігер шақыруыңыз керек. Дәрігер келгенше, таңқурай, жөке гүлі, итмұрын, бал тұнбасы және қайнатпасын ішуіңізге болады. Барлық емдік дәрі-дәрмектерді тек дәрігер нұсқауымен ғана қабылдау керек!
Халық даналығы айтқандай, тұмау төсекте сарыла жатуды ұнатады. Медицина болса, осы оймен толық келіседі. Асқынуды болдырмау үшін ауырып жүрген күндерді қатаң түрде төсекте жатып, дәрігер нұсқаулығын орындау керек.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
«Туберкулез» термині tuberculum («бұдырмақ») латын сөзінен туындайды, өйткені қабыну ошақтары-туберкулездік гранулемалар бұдырмаққа ұқсас келеді. Бұл ауруды Mycobacterium tuberculosis complex түрдегі микобактерия, яғни тікелей mycobacteria tuberculosis (МБТ) және оның жақын туыстары тудырады. Ең басты зақымдау ошағы – тынысалу жолдары (бронх, өкпе), кей кезде бұл микробактериялар лимфатикалық, нервтік және несеп-жыныстық жүйеде, қимыл-тірек аппаратында, теріде және де барлық ағзада толығымен (милиардық формасы) қабынуды тудырады.
Туберкулездің алдын алудың әлеуметтік бағыттылығы бар, бұл мемлекет масштабында экономикалық және санитариялық іс-шараларды өткізумен негізделеді. Бұл іс-шаралар: халық өмірінің тұрмыстық-тұрғын үй жағдайларын жақсарту; еңбек жағдайын оңтайландыру, өкпенің кәсіби ауруынан сақтандыру; атмосфералық ауаны, су қоймаларды жерді ластаумен күресу, көгалдандыру, қоршаған ортаны сауықтыру, өнеркәсіптік гигиенаның санитариялық талаптарын сақтау; тамақтану сапасын арттыру; ішімдік, есірткі, темекі шегу, токсикоманиямен күресу; дене шынықтыру және спортты, салауатты өмір салтын дамыту; шипажайлық-курорттық мекемелер мен балалар сауықтыру орындарын молайту; жануарлар және құстардың өнеркәсіптік өндіріс орындарында әлеуметтік және санитариялық-ветеринарлық іс-шараларды өткізу.
Туберкулездің алдын алуда ересектердің жаппай флюорографиялық тексерулерден өтуі тиімді жол болып саналады. Жылсайынғы тексеру адамдардың туберкулезбен науқастығын уақытында анықтауға көмектеседі. Туберкулездің алдын алуда флюорографиялық тексеру аурудың ерте кезеңдерінде емделуге мүмкіндік береді. Әр елдегі денсаулық сақтау органдарының материалдық техникамен жабдықталуына, нақты жағдайларына байланысты туберкулездің алдын алу мақсатында біртұтас немесе іріктемелі тексерулер өтеді. Іріктемелі тексерулердің бақылауында жұқтыру қаупі жоғары және туберкулездің салдарлық топтағы тұлғалары болуы керек.
АИТВ/ЖИТС АЛДЫН АЛУ
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) иммундық жүйені зақымдайды және бақылау жүйесін әлсіретеді, адамдарды инфекциялардан және обырдың кейбір түрлерінен сақтайды.
АИТВ жұқтыру қаупін қауіп факторларының әрекет етуін шектеу арқылы төмендетуге болады. АИТВ алдын алудың негізгі жолдары:
1. Ерлер мен әйелдер мүшеқаптарын (презерватив) қолдану. қынаптық және анальды сексуалдық қатынас кезінде ерлер мен әйелдер мүшеқаптарын дұрыс әрі үнемі қолдану жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, АИТВ қоса, таралудан сақтауы мүмкін. Еркектердің мүшеқаптары 85% жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, АИТВ берілуден қорғайды.
2. АИТВ және ЖЖБИ тестілеу қызметтері. Қандай-да бір қауіп факторларына ұшыраған адамдар АИТВ және ЖЖБИ тестілеуден өту керек, тестілеу арқылы өз жағдайларын біліп, кешіктірмей алдын алу шараларын өткізу мен ем қабылау керектігін білетін болады. ДДҰ жұптардың да тестілеуден өту керектігін айтады.
3. Инъекция қолданатын нашақорлар үшін зияндықты азайту. Инъекция қолданатын нашақорлар АИТВ жұқпасын болдырмау үшін залалсыздандырылған инъекциялық жабдықты, инелерді және шприцтерді қолдану арқылы сақтық шараларын ұстануларына болады. АИТВ алдын алу және емдеудің толық пакеті: инелер мен шприцттерді тарату бағдарламалары; нақты деректер негізінде психикалық белсенді құралдарға деген тәуелділікті емдеу және нашақорды қолданушылар үшін толықтырушы ем қабылдау; АИТВ қатысты тестілеу және кеңестер; АИТВ күтім жасау және емдеу; мүшеқаптарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету; ЖЖБИ, туберкулез және вирустық гепатитті бақылауда ұстау.
4. Анасынан балаға АИТВ жұқпасын жұқтыруды болдырмау. Толғақ, жүктілік, босану немесе емшекпен емізу кезінде АИТВ бар анадан балаға АИТВ жұғуы инфекцияның тікелей берілуі немесе анадан балаға инфекцияның жұғуы (АБИЖ) деп аталады.
Анадан балаға қандай-да бір араласусыз АИТВ жұғуы 15-45% жуық көрсеткішті көрсетеді. ДДҰ АИТВ жұқпасын жұқтыруды тоқтатудың бірнеше түрін ұсынады, жүктілік, босану кезінде және босанғаннан кейін де ана мен балаға АРВ ұсынылады.
 ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ЖЖБИ 30 астам әртүрлі бактериялар, вирустар және паразиттер қоздырады, қынаптық, анальды және ауызбен жасауды қоса, сексуалдық қатынас кезінде таралады.
Кейбір ЖЖБИ әр сексуалдық тері қатынас кезінде берілуі мүмкін. Сондай-ақ, ЖЖБИ тудыратын микроорганизмдер қан құю және тіндерді ауыстырып қондыру кезінде таралуы мүмкін. Көптеген ЖЖБИ, хламидиоз, гонорея, гепатит В, АИТВ, АПВ, ЖГВ-2 және сифилис аурулары анадан балаға жүктілік пен босану кезінде берілуі мүмкін.
Жүріс-тұрысты өзгертуге бағытталған кеңестер мен шаралар ЖЖБИ (АИТВ қоса) алдын алу мен жоспарланбаған жүктілікті болдырмаудан тұрады: сексуалдық мәселелер бойынша жан-жақты ақпараттандыру, ЖЖБИ және АИТВ қатысты тестілеуге дейінгі және одан кейінгі кеңестер; қауіпсіз секс/қауіпті төмендетуге кеңестер, презервативтер қолдануды ұсыну; халықтың негізгі және әлсіз топтары: жасөспірімдер, секс-индустриясының қызметкерлері, еркектермен сексуалды қатынастағы еркектер немесе есірткіні инемен салатын тұлғаларға арналған шаралар.
Кеңестер беру адамдардың ЖЖБИ белгілерін білулерін жақсартады және олардың медициналық көмекке жүгінуіне және де сексуалдық серіктеріне айтып ұсынуға ықпалын тигізеді. Өкінішке орай, қоғамның білімсіздігі, денсаулық сақтау орындарының қызметкерлерінің дайындықсыздығы және ЖЖБИ кеңінен таралу стигматизациясы осы шараларды кеңінен әрі тиімді қолдануға кедергісін тигізеді.
ЖЖБИ, АИТВ сақтанудың ең тиімді тәсілі презервативтерді тұрақты әрі дұрыс қолдану. Еркектерге арналған презервативтерге қарағанда, әйелдерге арналған презервативтер ұлттық бағдарламалармен қарастырылмаған.
Жұқпалы емес аурулардың алдын алу
ҚАНАЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні аясында қаланың барлық емдеу мекемелерінде қыркүйек айында іс-шаралар өткізіледі. Бұл іс-шаралар адамдардың өз денсаулықтарының қаншалықты маңызды екенін түсінулері үшін жүргізіледі, ал медицина ұйымдары болса, адам денсаулығының одан сайын мықты болуы үшін не істеу керектігі туралы шешімін тапты. Қазіргі қоғамның басты мәселесі - инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін жоғарылататын гипертония болып келеді. Бақылауға алныбайтын гипертония соқырлыққа, аритмия және жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Әлемнің әрбір үшінші адамы гипертониямен ауырады. Жас ұлғайған сайын 20 жастан 40 жасқа дейін он адам ішінен бір адамға, 50-60 жас шамасында он адам ішінен бес адамға дейін гипертониямен науқастану артып отырады. Қазақстанда артериялық гипертония дамуы белең алуда. Халыққа артериялық гипертонияның асқыну салдары туралы ақпарат беру үшін, ауруды болдырмау үшін осы аурудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізу керек. Адамдардың гипертония туралы білместігі, оның қауіптілігін дұрыс бағаламауға, дәрігерлерге ерте кезеңнен бастап қаралмауға әкеледі. Кез-келген ауру бастапқы ерте кезеңінде жазылып кететіндігі бәрімізге мәлім. Осы бастапқы кезеңде ешқандай белгілер байқалмайды, тек АҚ деңгейі ғана көтеріледі. Өкінішке орай, жылдан жылға жастар мен жасөспірімдер арасында сырқаттанушылық жағдайы өрбуде. Темекі тарту, семіру, қозғалысы аз өмір салты, ішімдікке салыну, стресс сияқты қауіп факторлары гипертония ауруын тудырады. Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған іс-шаралар медициналық ұйымдар басшылары тарапынан қолдау тауып, халқымыздың ынтасын арттырды. Осындай шаралар өтуінің арқасында көптеген адамдар өздерінде жоғары артериялық қысым бар екенін біліп, әрі қарай емделу үшін дәрігерлерге қаралатын болады.
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Обыр ауруы бүкіл дүниежүзінде болатын өлім-жітімнің (13%) негізгі себептерінің бірі болып келеді, бұл ауру Қазақстанда да орын алады. ДДҰ деректері бойынша 2005 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта медицинаның араласуынсыз обыр ауруынан 84 млн. адам өлуі мүмкін, ал 2020 жылға дейін бүкіл дүниежүзінде қатерлі ісікпен сырқаттанушылық және одан өлім-жітім көрсеткіш і 1,5-2 есеге артуы мүмкін.
Адамның өмір сүруінің ұзақтығы және халықтың дәулеттілігінің өсуімен, қатерлі ісіктерді анықтаушылықтың артуымен, ерте диагностикалауды енгізумен осындай аурудың өрбу тенденциясы Қазақстан Республикасы үшін де маңызды. Қатерлі ісіктен туындайтын сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткішінің артуын қоршаған ортаның бұзылуы, денсаулыққа зиянды әдеттердің кеңінен таралуы, адам өмірінің салтында елеулі өзгерістердің болуы айқындайды.
Обыр – бұл адам ағзасының кез-келген бөлігін зақымдайтын 100 астам аурудың жалпы белгісі. Обырдың өзіне тән белгілері – бұл аномальды жасушалардың пайда болуы, олардың жақын орналасқан органдарға өтуі және басқа органдарға таралуы (бұл үрдіс метастаз деп аталады). Обыр ауруымен кез-келген адам: жас сәби, әйел, еркек, жас пен кәрі, кедей мен бай адам да ауруы мүмкін. Бұл ауру дүниежүзінде кең таралған, өлім-жітім көрсеткіші көп аурулардың бірі. Гепатит В, адам папилломасы вирусын тудыратын инфекцияларға қарсы иммунизация мен салауатты өмір салтының арқасында обырдан өлімінің 30% жағдайын тоқтатуға болады. Танымал канцерогендер, темекі түтінінен аулақ болу арқылы обырдан өлімінің 40% жағдайын тоқтатуға болады. Аурудың басқа жағдайларын ерте анықтап, емдеп жазуға болады. Обырдың ең соңғы кезеңдерінде де паллиативтік күтім арқылы емделуші жағдайын жақсартуға болады.
Скринингтік бағдарламалар өткізу арқылы көптеген онкологиялық аурулар (еркектік без, тік ішек және жиек ішек, бауыр, асқазан, өңеш, жатыр мойны, тері, сүт бездерінің ісіктері) ерте кезеңде диагностикалануы мүмкін. Скринингтердің нәтижелілігі үшін халықтың осындай бағдарламаларға белсенді түрде қатысуы керек: дәрігерлердің ұсыныстарын орындап, тексерілуден өтулері керек.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ
Қант диабеті – ағзада инсулин жетіспеушілігімен сипатталатын созылмалы ауру, оның салдарынан қанда глюкоза деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар, көмірсу, май, ақуыз, минералдық және су-тұз заталамасулары бұзылады.
Қант диабеті дамуының қауіп факторлары: тұқым қуалаушылық. Қант диабетінің 1 және 2 типтерінің негізгі факторы; дұрыс тамақтанбау, семіру. 80% семірумен науқас адамдарда қант диабеті бар. Белсенді дене қозғалысы мен дұрыс тамақтану артық салмақтан арылуға көмектеседі. Нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі төмендейді; ұйқы безінің ауруы. Органның гормоналды қызмет етуі бұзылады, қант диабетін тудыруы мүмкін; нервтік стресс. Көптеген ауруларды, қант диабетін де нервтік стресс тудыруы мүмкін. Адам өзін қалыпты ұстап, бақылай білуі керек. Стресс артериялық қысымның да жоғарылауына әкеледі. вирустық инфекциялар. Қызамық, шешек, эпидемиялық гепатит және басқа аурулар диабет туындау қаупін арттырады.
Қант диабетімен ауыратындардың 80-90%-ы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Бұл ауру типі жас ұлғайған сайын пайда бола бастайды. Дей тұрғанмен, соңғы онжылдықта бұл ауру жастар арасында да артып келеді. Ұйқы безі ағзаға жеткілікті гормонды шығармайды да, қандағы глюкоза жоғарылап кетеді.
ҚД алдын алудың келесі шаралары:
  • 45 жастағы және одан жоғарылар, тұқым қуалаушылыққа тән тұлғалар үнемі қандағы глюкозаны тексертулері керек.
  • Дұрыс тамақтану. Салмақты диетотерапиямен түсіру (ИМТ=18,5-25) маңызды. Тамақтануда гликемиялық индексі төмен тағам өнімдерін пайдалану керек.
  • Дене белсенділігі. Шапшаң қозғалыстағы жаяу жүру, серуендеу, дене шынықтыру жаттығулары, би билеу, жүзу. Бұның бәрін үнемі істеп, жүктемені барған сайын арттырып отыру керек. Күніне 30 минуттан кем емес айналысу керек.
СОӨА, БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ АЛДЫН АЛУ
Бұл ауру көптеген ауруларды біріктіреді, халықтың осы ауруға дұрыс, жауапты қарау керектігін арттыру мақсатында ол туралы халыққа толық айтып беруді жөн көрдік.
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)- өкпе ауруы болып саналады, бұл жағдайда адам тыныстауы нашарлайды. Бұл адамның көп жылдар бойы темекі тартуымен өкпені зақымдауы.
СОӨА-бұл көбінесе екі аурудың бірге үйлесуі:
  1. Созылмалы бронхит. Созылмалы бронхит кезінде тынысалу жолдары қабыну үстінде болады да көп мөлшерде шырыш бөлінеді. Бронх қабырғалары қалыңдау салдарынан тынысалу жолдары тарылуы мүмкін, ал адамның тынысалуы осы жағдайда күрделене түседі.
  2. Эмфизема. Өкпе эмфиземасы кезінде альвеола қабырғалары зақымданып, өзінің созылғыш қасиеті жоғалады. Нәтижесінде жұтылған ауа мен қан арасындағы газдардың (оттегі және көмірқышқыл газы) алмасуы үшін өкпеге пайдалы кеңістік азаяды. Қанға оттектің жетіспеушілігі демікпеге әкеледі, адам ауа жетіспеушілігін сезіне бастайды.
Уақыт өткен сайын СОӨА күрделене түседі, оны тоқтату оңайға түспейді. Бірақ өкпедегі альвеолалар бұзылу процессін баяулатудың шараларын қолдануға болады.
СОӨА көп жағдайда темекі тартумен байланысты. Бәсең пассивті түрде де темекі шегу өте зиянды. Көп уақыт бойы химиялық буды, шаңды жұту СОӨА себептеріне жатады. Негізі өкпенің тіндерін бұзу процессіне, аурудың алғашқы белгілері анықталғанға дейін көп уақыт талап етіледі, сол себепті СОӨА 60 жастан жоғары адамдар арасында өте жиі кездеседі. Егер адам өкпенің жұқпалы ауруларымен көп ауырса, оның СОӨА науқастануы мүмкін.
СОӨА-ның негізгі белгілері
  • Ұзақ (созылмалы) жөтел.
  • Жөтел кезінде пайда болатын қақырық.
  • Физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентікпе.
Уақыт өте келе СОӨА дами түсіп, адам біраз қимыл жасаса да, демікпе пайда болып отырады. Науқас адамның өз бетінше жаттығулар жасап, ас қабылдауы қиынға түсе бастайды. Осы кезде тыныстау біраз энергияны шығаруды талап етеді. СОӨА ауыратындар әлсіз болып, салмақтарын азайтады.
Адамда СОӨА бар не жоқ екенін білу үшін пульмонологтың қаралуына келу керек. Дәрігер сыртқы тыныстауды бағалау үшін спирометрия тестілерін өткізеді. Спирометрия қорытындысы өкпенің қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетеді. Басқа проблемаларды болдырмау үшін дәрігер кеуде жасушасының рентгенін түсіруді және басқа тестілерді өтуді ұсынуы мүмкін. Бұл өкпе зақымдануын бәсеңдетуге ықпалын тигізеді.
СОӨА өрши түсуін бәсеңдетудің ең тиімді жолы-бұл темекі тартуды тастау! Бұл істеуге болатынның ішіндегі ең маңыздысы және ең қажеттісі. Ұзақ уақыт бойы темекі тарту және СОӨА деңгейіне байланыссыз, өкпенің бұзылуы әлдеқайда баяулай түсуі мүмкін. Емдеуші дәрігер ем жазады, сол арқылы ауру белгілері жеңілденеді және өзін-өзі сезіну жақсарады, ал бұл өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмектер тынысалуды жеңілдетіп, демікпені азайтады. Өкпені тітіркендіретін әртүрлі химиялық заттардан (түтін, ластанған ауа, пайдаланылған газдар) аулақ болу керек. Сонымен қатар, ұстаманы суық немесе құрғақ ауа тудыруы мүмкін; үйде ауа желдеткіш пен ауа сүзгісін пайдаланған дұрыс, үнемі дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу, дұрыс тамақтану керек.
Бұл ауру жылдам даму үстінде болатындықтан, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Аурудан сауығу болжамы келесі параметрлермен: қоздырғыш факторларды жою мүмкіндігі, науқастың емделуге шынайы берілгендігі, әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен сипатталады. Ең басты шарт – уақытында дәрігерге қаралу.
ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙДІҢ АЛДЫН АЛУ
Адамның қоршаған ортасы, адам немен қатынасқа түссе, соның барлығы адам бойында эмоциялар мен уайымдауды тудырады. Айналада болып жатқан құбылыстар, қатынасқа түсетін адамдар, келіп түсетін ақпараттар, басқа да факторлар адам санасына әсер етеді, мазалап қобалжытады. Жеке тұлғаның психоэмоционалдық күйі жоғарыда айтылғанның негізінде құралады.
Жеке тұлғаның психоэмоционалдық күйі адамның өзін өзі тануында, өзіндік ерекшеліктерін түсінуінде, келешекті жоспарлау және әрекет етуінде аса маңызды. Адамдардың қарым-қатынас жасауда қимылының ишараты, ымдауы, эмоциясы, сөйлеуі адамның ішкі жан-дүниесінің жағдайын бейнелейді.
Адамның барлық эмоционалдық күйлерінің ішінде негізгі төрт түрі бар, олар күштілігі және ұзақтығымен ерекшеленеді: аффект – бұл қысқауақытты, эмоционалдық жарылысты сипаттайтын жылдам болатын эмоционалдық реакция; құштарлық – бұл жеке тұлғаны сипаттайтын тұрақталған терең, ұзақуақыттық сезім. Құштарлық адамның барлық ойын, қимылын бағыттаушы, ол қандай-да бір ұмтылыс, мүдделер, әрекеттермен байланысты келеді. Көңіл-күй бірнеше сезімдердің қосындысынан тұрады. Көңіл-күй – бұл сәл ғана байқалатын эмоционалдық жағдай, ол өзін адамның жүріс-тұрысында, қимылында бейнелейді. Стресс – уайымдау, ол қауіп кезінде, ми және дене жүктемелерінің көп болу кезінде, жылдам және жауапты шешімдер қабылдауда пайда болады.
Адам өзінің эмоционалдық көңіл-күйін қадағаламаса, аффектілері мен стрестерін тоқтатуға шамасы келмесе, осының бәрі оның тиімді еңбектенуіне, отбасы және жұмыста қарым-қатынас құруына, алға қойған мақсаттарына жетуге, денсаулығына кедергісін тигізеді.
Адам өмірі көптеген оқиғаларға толы келеді, бұл оқиғалар оның өмірінде нақты бір рөл атқарады. Әр адамның өзінің алдына қойған мақсаттары бар. Осы мақсаттарды орындау үрдісінде әртүрлі әрекеттер жасалады, ал бұл әрекеттер адамға белгілі эмоционалдық күй кештіреді. Адам үнемі психоэмоционалды күйде жүреді, ал қандай күйде, қаншалықты жүретіндігі оның қандай эмоциялар алуына байланысты. Сонымен қатар, адам бір көңіл-күйде көп уақыт бойы жүре алмайды, өмірінің әр кезеңінде ол барлық психоэмоционалдық күйде болып үлгереді.
Адамның психикалық және физикалық денсаулығы көбінесе оның алатын эмоцияларына байланысты, қоршаған ортаға бағыныссыз барлық ісінің нәтижесі тек жағымды әсер қалдыратындай, әр адам өзін өзі дамытумен айналысуына, өзін өзі қуантуына болады. Бақытты және дені сау болашаққа апаратын екі негізгі кілт – бұл өзін өзі дамыту және білім. Өйткені өмірде ең бастысы- бұл жақсы үмітпен дұрыс жол таңдау.
 

 

Жарияланған: 29.09.2015 - 17:37:46
Жаңартылған: 18.05.2016 - 10:41:40
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі