Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметінің регламенті

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «____» __________
№_______ қаулысына           қосымша      

 

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметінің  регламенті

1. Негізгі ұғымдар 

1. Осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) бюджеттік кредит - қаулыда белгілеген мөлшерде тұрғын үй алуға бюджеттік кредит түріндегі тұтынушыларды әлеуметік қолдау шарасы;
2) көтерме жәрдемақысы – қаулыда белгілеген мөлшерде бір реттік ақшалай төлем түріндегі тұтынушыларды әлеуметік қолдау шарасы;
3) мемлекеттік қызмет - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну (бұдан әрі - тұтынушылар);
4) сенім білдірілген өкіл (агент) - аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің атынан және тапсырысы бойынша тұтынушыларға берілетін бюджеттік қызметтерге қызмет көрсету бойынша міндеттерді атқаратын қаржылық агенттік.
5) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия - тұтынушыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихат депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдары және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құратын алқалы орган;
6) уәкілетті орган – ауылдық аумақтарды дамыту бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік органы;

2. Жалпы ережелер

2. Осы регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшысына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.
3. Мемлекеттік қызметті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары ұсынады.
4. Мемлекеттік қызмет нысаныавтоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңы 18-бабының 8-тармағының;
2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы);
3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің        2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде беріледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көтерме жәрдемақысы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап беру болып табылады.
7. Көтерме жәрдемақысын ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған. Бюджеттік кредитті ұсыну барысында тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүзеге асыратын сенім білдірілген өкіл (агент) қатысады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің талаптары

8. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан жерін, көрсету тәртібін және барысын Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпаратты тұтынушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz. веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органдарының стенділерінен алуға болады.
10. Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға тұтынушы өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең көп уақыты – отыз минуттан аспайды;
Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға тұтынушы өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты – он минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының құжаттарын тапсырған мезгілден бастап мынадай мерзімде ұсынылады:
1) күнтізбелік 39 күннің ішінде  көтерме жәрдемақы төленеді;
2) күнтізбелік 32 күннің ішінде осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім жасасу рәсімі жүзеге асырылады;
3) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес келісім жасалғаннан кейін 30 жұмыс күннің ішінде тұрғын үй алуға немесе салу үшін бюджеттік кредит беріледі;
4) әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды.
11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан сұраныс түскен мезгілден бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызметтің кезеңдері:
1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға өтініш тапсырады;
2) уәкілетті орган құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияға қарастыру үшін жолдайды;
3) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия түскен құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді ұсынады;
4) әкімдік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды және оны уәкілетті орган мен сенім білдірілген өкілге (агентке) жолдайды;
5) уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және тұтынушы Стандртқа 2-қосымшаға сәйкес келісім жасайды;
6) уәкілетті орган көтерме жәрдемақысын төлейді;
7) сенім білдірілген өкіл (агент) тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредитті рәсімдеуді жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды уәкілетті органның бір маманы және сенім білдірілген өкілдің (агент) бір маманы жүзеге асырады. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер
(өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

14. Мемлекеттік қызмет тұтынушының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінішті ұсынумен жеке хабарласқан кезінде ұсынылады.
Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
16. Ақпараттық қауіпсіздігіне талаптар қарастырылмаған.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатыстырылған:
1) уәкілетті органның маманы;
2) уәкілетті органның бастығы;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының маманы;
4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының басшысы;
5) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өкілі;
6) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бастығы.
18. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері.

20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы болып табылады.
Жауапты тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты болады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі