Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарма тарихы

-A A +A

Басқарма тарихы

Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасы 1932 жылы құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасы жер басқармасы 1933 жылдың 3 қаңтардағы №1 бұйрығының негізінде басқарманың құрылымы белгіленді:
  1. Басшылық
  2. Орындауды басқару мен тексеру секторы
  3. Жоспарлы-экономикалық сектор
  4. Ветеринарлық сектор
  5. Сауда және өткізу секторы
  6. Территориялық ұйымдастырушылық және мелиорациялық сектор
  7. Аудандық мал шаруашылық және отырықшылану секторы
  8. Еңбекті ұйымдастыру, кірісті бөлу және нұсқау секторы
  9. Кадрлық бөлім
  10. Есепке алу және статистика секторы
  11. Агроормандымелиоративтік сектор
  12. Арнайы сектор
  13. Мақталы сектор
  14. Жұмысты басқару
1933 жылыдың ақпан айында жалпы құрылысты, нұсқаулықты, аудандағы колхоздарға ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсетуді басқару үшін облыстық жер басқармасында құрылыс секторы құрылды.

1933 жылдың наурыз айында сектор облыстық жер бөлімінің жанындағы капиталдық құрылыс басқармасы болып қайта құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының 1933 жылдың 20 сәуірдегі №88 бұйрығына сәйкес жеміс-көкөніс секторы құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының 1935 жылдың 1 наурыздағы №257 бұйрығына сәйкес басқарманың жаңа құрылымы және бөлімдер мен басқармалар туралы уақытша ережелері бекітілді.

ҚАЗССР Наркомат жер шаруашылығының 1940 жылдың 20 ақпандағы №296 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық жер бөлімі қайта құрылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жер бөліміне кіретін басқармалар таратылып, оның орнына 2 территориялы-өндірістік басқарма құрылды.
  1. Солтүстік-шығыс территориялы-өндірістік басқармасы 8 ауданға қызмет етеді (Бостандық, Қаратас, Ленгір, Түлкібас, Джувалин, Шаян, Сайрам, Шымкент), және I6 МТС.
  2. Оңтүстік-Батыс территориялы-өндірістік басқармасы 9 ауданға қызмет етеді (Пахта-Арал, Қызыл-Құм, Келес, Сары-Ағаш, Арыс, Шәуілдір, Фрунзе, Түркістан, Созақ), және I5 МТС.
1945 жылдың 6 желтоқсандағы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының жарлығымен ҚазССР Наркомат теникалық мәдениеті қаланды.

ОҚО 1946 жылдың қаңтар айында Атқарушы комитеттің Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңес депутаттары еңбеккерлерінің техникалық мәдениет бөлімі қалыптасты.

1946 жылдың 9 сәуірдегі ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің депутаттар еңбеккерлері жанынан ауыл шаруашылығы бөлімі құрылды.

1947 жылдың 4 ақпандағы СССР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының жарлығы негізінде ауыл шаруашылығы органдарының қайта құрылуы жүзеге асырылды.

Қайта құрулар бөлек әрекет ететін 3 министрліктің: жер шаруашылығы, мал шаруашылығы және техникалық мәдениеттің орнына СССР біртұтас ауыл шаруашылығы Министрлігі мен одақтық және автономдық республикаларда ауыл шаруашылық министрліктерін құрумен байланысты болды.

1947 жылдың 23 ақпандағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес жер шаруашылығы, мал шаруашылығы және техникалық мәдениет бөлімдері ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасына , ал аудандарда – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне бірікті.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері өздерінің қазіреті бойынша аудандық атқарушы комитетінің және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Оңтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитетіне және ҚазССР ауыл шаруашылығы Министрлігіне бағынышты болды

1950 жылдың 5 сәуірдегі ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының жарлығымен және 1950 жылдың 31 мамырдағы АШМ Қаулысымен ауыл шаруашылығы органдарының жүйесіне кейбір өзгертулер енгізілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастырылуына 1953 жылдың 15 наурыздағы СССР Жоғарғы Кеңесінің жалпы министрліктерді қайта құру заңының негізінде едәуір өзгерістер енгізілген.

ОҚО-да келесі организациялар біріктірілді:
  1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
  2. Облыстық мақта шаруашылығының басқармасы
  3. Колхоздық құрылыс басқармасы
  4. Облыстық көші-қон бөлімі
  5. Облыстық су шаруашылығы
  6. Орман шаруашылығы
  7. Тұқымдардың сапалылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция
  8. Асыл тұқымды инспекция
  9. Сорттық басқарма
Біріктіру нәтижесінде ОҚО ауыл шаруашылығы мен дайындау басқармасы, ал аудандарда аудандық ауыл шаруашылығы мен дайындау бөлімдері пайда болды.

Басшылықтың ұйымдастырушылық қабілетін жақсарту мақсатында және 1957 жылдың 4 маусымдағы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің заңына сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, су шаруашылығы, мал шаруашылық совхоздары, мақта совхоздары, орман шаруашылығы мен ауылдық колхоздық құрылыс бөлімі ауыл шаруашылығы басқармасына бірікті.

ҚазССР АШМ 1957 жылдың 9 шілдедегі №1049-р шешімімен ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының құрамында 2 трест құрылды:

27 совхозға қызмет ететін Шымкенттік трест қаракөлдік шаруашылығы және 14 совхозға қызмет ететін Оңтүстік Қазақстандық трест мақталы совхозы.

1958 жылдың маусым айынан бастап ОҚО 14 ауданында және 1 Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы бойынша инспекциясы құрылды.

Ауыл шаруашылық органдарының функцияларының біраз бөлігі дербес басқармаға - су шаруашылығы басқармасының, ал 1960 жылы орман шаруашылығы басқармасының қарамағына өтті.

Өндіріс саласы және колхоздар мен совхоздарды басқаруды ұйымдастыру арасындағы алшақтығын жою үшін 1962 жылдың КПСС Орталық Комитетінің төралқасының наурыз айындағы шешімі негізінде ауыл шаруашылығы басқармасында қайта құрулар жүргізілді.

1962 жылыдың 28 наурызынан ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының жарлығына сәйкес 1962 жылдың 1 сәуірінен бастап Оңтүстік Қазақстанның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы таратылу және құрылу негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау басқармасы болып құрылды.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің пайда болуымен 1962 жылдың мамыр айынан бастап облыс Чимкент облысы атауына өзгертілді. Басқарма - Чимкенттік облыстық өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау басқармасы болып аталды.

1965 жылы желтоқсан айында Атқарушы комитеттің Шымкент облысы Кеңес депутаттары еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы басқармасы болып өзгертілді..

1977 жылы қазан айында Ауыл шаруашылығы басқармасы Атқарушы комитеттің Шымкент облысы Кеңес халық депутаттарының ауыл шаруашылығы басқармасы болып аталды.

1986 жылы Шымкенттік облыстық әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасына өзгертілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы болып 1992 жылы мамыр айында құрылды.

1992 жылдың қыркүйек айы мен 1994 жылдың қаңтарына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің «Шаруа» агроөнеркәсіп концерні басқармасы болып аталды.

1994 жылы қаңтардан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы болып қайта аталды.

ОҚО әкімінің 1995 жылғы 16 тамыздағы №402 қаулысымен ҚР «ҚР өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңына сәйкес облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасы туралы ережесі бекітілді. Бұдан әрі басқарма облыс ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органы болып табылды.

ОҚО әкімінің 1998 жылғы 04 наурыздағы №115 шешімімен облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылық басқармасы таратылды.

ОҚО әкімінің 1998 жылғы 04 наурыздағы №116 шешімімен облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылық департаменті құрылды.

ОҚО әкімінің 1999 жылғы 31 мамырдағы №156 шешімімен облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылық департаменті «ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылып, ережесі бекітілді. Департамент 2008 жылдың мамыр айына дейін облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылық департаменті болып аталды.

2008 жылы мамыр айынан бастап «Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.
 
1932-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығын басқарған басшылары
Жұмыс істеген кездері
Тегі, аты әкесінің аты, қызметі
1.
1932.03 - 1933.01
Павленко – Обл.колхозодағы басқарма меңгерушісі
2.
1933.01 - 1933.06
 Архипов - Облыстық жер басқарма меңгерушісі
3.
1933.06 - 1933.06
Ахметов - Облыстық жер басқарма меңгерушісі
4.
1933.09 - 1933.10
Овчаров – Облыстық жер басқарма меңгерушісі
5.
1933.11 - 1933.12
Нестеренко - Облыстық жер басқарма меңгерушісі
6.
1933.06 - 1934.03
Геринг - Облыстық жер басқарма меңгерушісі
7.
1934.03 - 1935.01
Бураев - Облыстық жер басқарма меңгерушісі
8.
1935.04 - 1936.01
Бураев - Облыстық жер басқармасы бастығы
9.
1936.01 - 1937.07
Букейханов - Облыстық жер басқармасы бастығы
10.
1936.03 - 1936.04
Алексеев - Облыстық жер басқармасы бастығы
11.
1936.10 - 1937.04
Богород - Облыстық жер басқармасы бастығы
12.
1937.07 - 1937.09
Юдахин - ОҚО жер басқармасының бастығы
13.
1937.09 - 1937.11
Иралин - ОҚО жер басқармасының бастығы
14.
1938.12 - 1939.12
Джанбурнин - ОҚО жер басқармасының бастығы
15.
1939.12 - 1940.08
Королев - ОҚО жер басқармасының бастығы
16.
1940.08 - 1941.10
Тальнов - ОҚО жер басқармасының бастығы
17.
1942.09 - 1943.02
Черняев - ОҚО жер басқармасының бастығы
18.
1944.03 - 1948.06
 Б. Адиходжаев - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
19.
1949.04 - 1949.09
М.Рустемов - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
20.
1950.07 - 1951.09
И. Зайцев - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
21.
1951.09 – 1952.10
Г. Иванцев- ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
22.
1952.10- 1953.12
Г.Нигмадилов – ОҚО ауыл шаруашылығының басқармасының бастығы
23.
1953.12 - 1955.11
П. Лугин - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
24.
1955.12 - 1958.06
Б. Адиходжаев - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
25.
1958.10 - 1960.03
Б. Кабжанов - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
26.
1960.06- 1962.04
К. Маматказин - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
27.
1962.04- 1965.03
К. Шаремко - ОҚО өндіріс және ауыл шаруашылығы тауарларын дайындау басқармасының бастығы
28.
1965.03- 1967.03
А. Кажансугиров - Шымкент облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
29.
1967.04- 1971.02
Т.Назарбеков - Шымкент облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
30.
1971.02- 1973.01
Ли-Тен-Хан - Шымкент облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
31.
1973.02- 1975.05
А. Сасбукаев - Шымкент облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
32.
1975.05- 1984.05
А. Сасбукаев - Атқарушы комитеттің Шымкенттік облыстық Кеңес депутаттары еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
33.
1984.05 – 1985.10
К. Сыздыков - Атқарушы комитеттің Шымкенттік облыстық Кеңес халық депутаттарының ауыл шаруашылығы басқармасының
34.
1985.12- 1986.01
Б. Шукурбаев - Атқарушы комитеттің Шымкенттік облыстық Кеңес халық депутаттарының ауыл шаруашылығы басқармасының
35.
1986.01- 1991.03
Г.Васильев - Шымкент облысы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
36.
1991.06- 1992.05
А. Каныбеков - ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
37.
1992.06- 1992.09
З.Турысбеков - ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
38.
1992.09- 1994.01
З.Турысбеков – “Шаруа” концерннің президенті
39.
1994.02- 1995.10
А.Макулбаев - ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
40.
1995.10 - 1998.06
И.Турсынкулов - ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
41.
1998.06 – 2004.05
И.Турсынкулов - ОҚО ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
42.
2004.05 - 2008.05
Қ.Алдабергенов - ОҚО әкімшілігінің ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
43.
2008.05 - 2009.05
Қ.Алдабергенов - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
44.
2009.05 - 2010.08
Қ.Ыдырысов - ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
45.
2010.08 о/у
Қ.Оспанбеков- ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
 
Жарияланған: 18.01.2016 - 18:15:06
Жаңартылған: 18.01.2016 - 18:17:09
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі