Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың 2015 жылда атқарған жұмыстары туралы есеп

-A A +A
Қоғамдық – саяси ахуал
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен ақпараттандыру, түсіндіру мақсатында 2624 кездесулер өткізіліп, 626 мыңнан астам халық қамтылды. Жолдауды қолдау бойынша жыл басынан облыстық, қалалық, аудандық жергілікті баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 6548 мақалалар жарық көрді. Осыған қоса, 12 мың тақырыптық әдістемелік кітапшалар таратылып, аудан, қалаларда 438 тақырыптық баннерлер орналастырылды.
Сонымен қатар, Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен ақпараттандыру, түсіндіру мақсатында 892 кездесу өткізіліп, 187 253 мыңнан астам халық қамтылды.
«Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы нәтижелі жұмыс атқаруда. Аталған форум аясында 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын түсіндіру және талдау бойынша «Жаңа Жолдау – жаһандық жаңа жағдайға жауап», «Білімді, тәрбиелі, текті жастар – мемлекет тірегі» және «Бірлігіміз – басымыздағы бағымыз» тақырыптарында форум мәжілістері  өткізілді. 
Облысты этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас татулық пен ынтымақтастыққа негізделген.
Жергілікті басқару органдарының азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жүйелі және мақсатты жұмыстары өңіріміздегі тұрақтылықтың сақталуы мен нығаюына оң ықпал етуде.
Облыстағы қоғамдық бірлестіктердің саны – 1100, оның ішінде тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 484 (395-і қалаларда, 89-ы ауылдық жерлерде). 
Облыстағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қолдау мақсатында облыс бойынша барлығы  576.8 млн. теңге қаржы қаралып, 120 жобаны үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыруда.
Облыста саяси партиялардың 6 облыстық филиалы жұмыс жасайды.
Облыстың жекелеген қала, аудандарындағы наразылық тудыруы мүмкін әлеуметтік мәселелердің тізбесі және оларды шешу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалған. Жоспарға сәйкес тоқсан сайын облыс әкімі мен орынбасарының төрағалығымен оларды шешу жөнінде арнайы жиналыстар өткізіліп, нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.
Дін саласы бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс көлеміндегі телеарналар мен  радиоларда арнайы 14 бағдарламалар жұмыстарын жүргізуде.
2015  жылы дін саласы бойынша жергілікті телеарналарда діни тақырыптарда 624 бағдарламалар мен сюжеттер, «Қазақстан-Шымкент» радиосында 120   бағдарлама шығарылды.
Бұдан бөлек 6 фильм, 23 бейнеролик, 1 мультфильм шығарылып, жергілікті телеарналардан көрсетілімі  ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, дін тақырыбында жергілікті басылымдарда 1325 мақала жарық көрді, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде  дін саласы бойынша 19 тақырыптан тұратын 44 мыңнан аса дана әдістемелік құралдар мен кітапшалар, 12 тақырыптан тұратын  9 мың плакаттар шығарылды.
Қазақстандар үшін өткен 2015 жыл мерейлі мерекелер жылы болды. Тарихымызды түгендеу мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығын түрлі ғылыми және мәдени іс-шаралармен атап өттік. Ата-бабаларымыздың рухына бас иіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын жоғары дәрежеде аталып өтті.
Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, 5 ғылыми - тәжірибелік конференция, облыстық мұражайлар арасында 30 көрме, 20 семинар, 35 дөңгелек үстел және тағы басқа 300-ге жуық көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай, 4 ғылыми - тәжірибелік конференция, облыстық мұражайлар арасында 25 көрме, 10 тақырыптық экскурсия, 25 семинар, 50 дөңгелек үстел, 12 конференция және тағы басқа көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында іс-шарасы ұйымдастырылып, 4 ғылыми-тәжірибелік конференция, 15 семинар, облыстық мұражайлар арасында 40 көрме, 45 дөңгелек үстел, 200-ге жуық көпшілік іс-шаралар өткізілсе, бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы 620 материал жарық көрді.
 «ОTAU TV» Ұлттық цифрлық телехабар тарату желісі 228 663 отбасыға құрылып,  республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерді иеленді.
Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы республикалық БАҚ-да 3206 материалдар, облыстық БАҚ-да 8770  материалдар жарық көрді.
 
Жарияланған: 24.03.2016 - 16:10:45
Жаңартылған: 24.03.2016 - 16:13:16
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі