Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың атқарған жұмысы туралы айлық есеп

-A A +A
Басқарманың атқарған жұмысы туралы айлық есеп
Облыстық құрылыс басқармасының 2015 жылы атқарған  жұмыстары туралы мәлімет
2015 жылы облыста білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, спорт, мемлекеттік органдар ғимараттары, тұрғын үй және инфрақұрылым жүйелерін дамыту және т.б. салаларында 233 нысанның құрылысы жоспарланған болатын. Алайда, соңғы нақтылаудан кейін 2 нысан (Түркістан қ–1, Шымкент қ.–1) құрылысының қаржысы қысқартылып, 231 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жыл соңына дейін 146 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Соңғы нақтылаудан кейін қосымша 10 нысанды  тапсыру жоспарланып,  облыс бойынша 156 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Оның ішінде салалар бойынша:
білім беру –  24,0 млрд. теңгеге 104 нысанның (85 мектеп, 14 бала-бақша, 5 қосымша құрылыс) құрылыс жұмыстары жүргізілді. 38 нысан 2016 жылға жоспарлы өтпелі, қалған 66 нысан құрылысы пайдалануға тапсырылды (Бәйдібек – 4, Қазығұрт – 12, Мақтарал – 11, Ордабасы – 3, Сайрам – 6, Сарыағаш – 18, Созақ – 5, Төлеби – 8, Түлкібас – 8, Шардара – 1, Арыс қ. – 3, Кентау қ. – 2, Түркістан қ. – 5, Шымкент қ. – 18); денсаулық сақтау – 2,9 млрд. теңгеге 26 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді, 2 нысан 2016 жылға жоспарлы өтпелі, 24 нысан пайдалануға тапсырылған (Бәйдібек–1, Мақтарал–1, Отырар – 1, Ордабасы – 1, Сайрам – 4, Сарыағаш – 4, Түлкібас–5, Арыс қ.–1, Шымкент қ.– 8); ауыл шаруашылығы – Бәйдібек пен Созақ аудандарында 2 су қоймасының құрылысы жүргізіліп, 2016 жылға өтпелі ретінде қаржыландырылуда; мемлекеттік органдар – 1,1 млрд. теңгеге облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда 14 кәсіпкерлік мектептері, Шымкент қаласында облыс әкімдігі ғимаратының және аталған ғимараттың телеком-муникациялық жүйесінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды; мәдениет саласында – 13 нысанның құрылыс жұмыстары  (925,7 млн. тг.) жүргізілуде. 8 нысан 2016 жылға өтпелі,  5 нысан құрылысы толық пайдалануға тапсырылды (Бәйдібек – 1, Қазығұрт – 1, Сарыағаш – 7, Шардара – 1, Арыс қ. – 1, Шымкент қ. – 2); спорт саласында – 3,08 млрд. теңгеге 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2 нысан 2016 жылға өтпелі. Қалған 8 нысан құрылысы пайдалануға берілді (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 1, Түлкібас – 1, Төлеби – 1, Шардара – 1, Арыс қ. – 1, Түркістан қ. – 1, Шымкент қ. – 3); әлеуметтік қамту – Түркістан қаласы Қазыбек би көшесінде орналасқан Түркістан психонервологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 110 орындық тұрғын корпусының (жалпы ауданы 1,19 га) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2016 жылы пайдалануға беру жоспарланған; мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы – Шымкент қаласы, Достық мөлтек ауданындағы автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының (жалпы ауданы 40000 м2) құрылысы жүргізілуде. Нысанды 2016 жылы пайдалануға беру жоспарланған; мұрағат – Шымкент қаласы, Нұрсат мөлтек ауданында 500 000 томдық мұрағат ғимараты (жалпы ауданы 0,28 га) пайдалануға тапсырылды. қоршаған ортаны қорғау – Мақтарал ауданы Мақталы ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы   (жалпы ауданы 10 га) 01.11.2015 ж. пайдалануға тапсырылды.
 
Апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу барысы  туралы
Апатты 48 мектептің орнына 2014, 2015 жылдары жаңа 32 мектептің құрылысы салынып, пайдалануға берілді, қалған 16 мектептің  10-ның (ҰҚ-2, ОБ-8) құрылысы басталып, жүргізілуде. Қалған, 6 (ҰҚ-5, ОБ-1 есебінен) мектептің    құрылысы  2016-2017 жылдарға  жоспарланып отыр. Үш ауысымдағы 25 мектептің бүгінге, 4 мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2016 жылдың 1 қаңтарына  21  үш ауысымды мектеп қалды. Қалған 21 мектептің 9 (ҰҚ-7, ОБ-2) мектебінің құрылысы жүргізілуде.  8 (ҰҚ-7, ОБ-1) мектептің құрылысын 2016 жылы бастауға ұсыныс жасалынды,оның 7 (ҰҚ-6, ОБ-1) мектебінің құрылысын салу бойынша қолдау тауып отыр. Ал, 1 мектеп (ҰҚ-1) Сайрам ауданындағы 300 оқушы орындық  №100 мектепке   ( үшауысымды мектеп, құжаттары министрлікке тапсырылған) қаржының тапшылығына байланысты  2016 жылдың жоспарына енбеуде. 4 (ҰҚ-2, ОБ-2) мектептің (ЖСҚ әзірленуде)  құрылысын   2016-2017 жылдары  бастау жоспарланған.
1.    Шымкент қаласы Қайнарбұлақ саяжайындағы 1200 оқушы орындық мектеп(ҰҚ), ЖСҚ дайындалуда.
2.    Жаңаталап ауылындағы Қасымұлы атындағы   600 оқушы орындық мектеп (ҰҚ), ЖСҚ дайын.
3.    Сарыағаш ауданындағы Тәжібаев атындағы 300 оқушы орындық мектеп (ОБ), ЖСҚ дайындалуда.
4.    Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы 600 оқушы орындық «Достық» мектебі (ОБ), ЖСҚ дайындалуда.
 
Тұрғын үй құрылысы
2015 жылы ОҚО бойынша барлығы 144 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді (6313 пәтер, 346,4 мың м2). Оның ішінде:
-78 тұрғын үй бюджет есебінен (7 үй – кредиттік үйлер; 2 үй – жас отбасыларға арналған үйлер; 69 үй – арендалық үйлер);
- 36 үй – «ҚИК» АҚ-ы арқылы;
- 30 үй – «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ы арқылы.
Жыл қорытындысы бойынша 79 тұрғын үй (4541 пәтер, 246,6 мың м2)  пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде:
- 7 – кредиттік үйлер (612 пәтер, 38,8 мың ш.м.),
- 36 – арендалық үйлер (2357 пәтер, 121,8 мың ш.м.),
- 36 – «ҚИК» АҚ-ы үйлері (1572 пәтер, 86,0 мың ш.м.).
Қазақстан Республикасы ҰЭМ және ОҚО әкімдігімен жасалған меморандумға сәйкес, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 2015 жылы ОҚО аумағында 405,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарланып,Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында ОҚО аумағында 424,0 мың ш.м.тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 123,1%-ға орындалды.
«ҚИК» ИҰ» АҚ-ы 15 тұрғын үйдің (1080 пәтер, 56,2 мың м2) құрылысы жүргізіліп, 2015 жылдың 19 маусымында барлық үйлер пайдалануға тапсырылды.
«ҚИК» ИҰ» АҚ-ы арқылы Шымкент қаласы Қайтпас мөлтек ауданында 5 қабатты 14 тұрғын үйлердің (420 пәтер, 24,6 мың м2, мердігер «Отау строй» ЖШС-і) құрылысы 25 желтоқсанда пайдалануға тапсырылды.
«ҚИК» ИҰ» АҚ-ы  арқылы Шымкент қаласы, 17-мөлтекауданда жер асты автотұрағымен төртқабатты 7 тұрғын үйлердің құрылысы (мердігер «Жилстройиндустрия» ЖШС-і, 72 екі бөлмелі пәтерлер, 5,2 мың м2) жүргізіліп,  2015 жылдың 12 қазанында пайдалануға тапсырылды.
Сонымен қатар, «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ы арқылы «Асар» мөлтек ауданында 5 қабатты 30 тұрғын үйлердің (900 пәтер, 50,5 мың м2, мердігер «Ақ Ордасы» ЖШС-і) құрылысы басталды. 2016 жылға өтпелі.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ҰК» АҚ-сы тарапынан жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты 4 тұрғын үйдің (Г1,Г2,Г3,Г4- 12,23 мың ш.м. немесе 216 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің мердігері «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС.
Тұрғын үй комбинаттары туралы
- ДСК «Современные Строительные Изделия» ЖШС-і арқылы Шымкент қаласы Астана даңғылында орналасқан «НұрлыТаң» тұрғын үй кешенінде 9 қабатты, 40 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің (160 пәтер, 15,4 мың м2) құрылысы басталды (ҰҚК-не арналған 4 үй). Магистралды инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған, ішкі құрылысына ЖСҚ дайындалуда.
- ДСК «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-і ӘІО-да 9 қабатты, 54 пәтерлі №№Г-1,Г-2,Г-3,Г-4 (216 пәтер, 12,23 мың м2) 4 тұрғын үйлердің  құрылысын НК «СПК Шымкент» арқылы ОБ қарастырылған 1,5 млрд. теңгеге құрылысын бастады. Магистралды инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған, ішкі құрылысына ЖСҚ дайындалуда.
- ДСК «Современные Строительные Изделия» ЖШС-і арқылы Шымкент қаласы Тұран м/а 9 қабатты тұрғын үй (54 пәтер, 3,03 мың м2) құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен 200,0 млн.тг. қаралды, жобалаушы – «АрхДизайн» ЖШС, мердігер «ССИ» ЖШС-і, 29.06.2015 жылғы №81 келісім-шарт. Магистралды және ішкі инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ әзірленген.
Инженерлік-инфрақұрылым құрылысы – ағымдағы жылы 7,2 млрд. теңгеге 14 нысанда жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 9 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 5 нысан 2016 жылға өтпелі (Мақтарал – 1, Отырар – 1, Төлеби – 1, Түлкібас – 2, Шардара – 1, Кентау қ. – 2, Шымкент қ. – 6).
 
Жобалау-сметалық құжаттарының іске асыру туралы
2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеттік даму бағдарламасына сәйкес, 11 бағдарлама бойынша  жалпы 87 нысанның жобасы іске асырылды.
Оның ішінде 46 жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 41 жоба 2016 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы жобаны аяқтауға бюджеттен қаржы сұрауға ұсынылатын болады.
 
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі