Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың атқарған жұмысы туралы есебі

-A A +A

ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының 2016 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Елбасы жыл-сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға аса басымдылық беріп, мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетуде. Атап айтар болсақ 2016 жылы салаға 26 млрд.тг бөлініп, 2012 ж салыстырғанда қолдау көлемі 2 есеге жуық артты, биылғы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 32,0 млрд.тг құрап отыр.

Мемлекеттік қолдау мен облыс әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдарда облыстың аграрлық саласының дамуында үлкен оңды серпілістерге қол жеткізіп отырмыз.

2016 ж. ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 445,0 млрд.тг құрап (2012 ж салыстырғанда 1,7 есеге артқан), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 % артып, нақты көлем индексі 104,9 % жетті.

Егіс көлемі 13,0 мың га ұлғайып, 778,8 мың га жетті (2015 ж 775,8 мың га).

Өндірілген өнімдер бойынша Республикада мақтаның - 100 %, жүзімнің - 68,5 %,бақшаның – 61,0 %, жеміс-жидектің 38 %, мақсарының 36 %, көкөністің 25 %, жүгерінің 23 %, сүттің 13,5 %, еттің 12,3 % Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде.

Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық және алдағы уақытта Республика халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін Орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді.

2016 жылы терең қопсыту технологиясы 86,0 мың га енгізілді.

Мақта дақылынан орташа өнімділік облыста 26 - 27 ц/га болып, терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда 35 - 40 ц/га өнім алуда.

Тамшылатып суғару әдісінің жалпы көлемі 51,0 мың га, жылыжайлар көлемі 1123 га жетті. Осы жылыжайлар есебінен өткен жылы 150 мың тн көкөніс өнімі өндірілді.

Мал шаруашылығы

Облыста ІҚМ саны – 815,7 мың, қой ешкі – 3 млн. 707,0 мың, жылқы – 224,4 мың, түйе– 22,6 мың, құс басы – 2 млн. 402,0 мың басты құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда өндірілген ет көлемі (тірідей салмақта) 3,6 %-ға (209,8 мың тн.), сүт 1,6%- ға (714,2 мың тн.), жұмыртқа 4,5 %-ға (306,9 млн. дана) артты. 2012 ж. салыстырғанда ет өндіру 20 %, сүт өндіру 8 %, жұмыртқа өндіру 11 % артты.

Өңірде Үкімет тарапынан қабылдаған бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда.

«Сыбаға» бағдарламасымен 26,1 мың бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 76,5 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 20,2 % жетті (республика бойынша 29,9%).

«Алтын асық» бағдарламасымен 50,3 мың бас уақ мал сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 253,1 мың бас аналық қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 14,7% жетті (республика бойынша -14,8 %). «Құлан» бағдарламасы аясында 4,3 мың бас жылқы алынды.

 

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен табыс көлемін арттыруға тікелей әсер ететіндігі сөзсіз.

2016 ж қорытындысымен 17,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 242 кооперативтер құрылды. Оның ішінде 20 бірлік сүт саласы бойынша, 35 бірлік ет өнімдері саласы бойынша, 35 бірлік өсімдік шаруашылығы саласы бойынша, 15 бірлікжылыжай шаруашылықтары бойынша және 91 бірлік дәстүрлі кооперативтер құрылды.

 

Алдағы 5 жылға басымдықтар мен ағымдағы жылға міндеттер.

Елбасымыз, ауыл шаруашылығы саласына аса көңіл бөліп соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуды экономиканың негізгі драйверіне айналдыру жөнінде нақты міндеттер қойып отыр.

Олар:

- субсидияларды бөлуде біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу;

- жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау;

- өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;

- еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету;

- жерді пайдалану тиімділігін арттыру. Суармалы егісті 40%-ға кеңейту;

- өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейту.

Бұл бағыттар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде, 2021 жылға дейін.

- Ауылшаруашылығы жалпы өнім көлемін 1,4 есеге арттыру;

- Еңбек өнімділігін 50% өсуін қамтамасыз ету;

- Агроөнеркәсіп кешені экспортының көлемін облыс экспортының 35 % жеткізу;

- 90 мыңнан астам жеке фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 600-ден астам кооперативтер құру;

- 118,8 мың суармалы жерлерді қалпына келтіру, жаңадан қосу жоспарлануда.

 

2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар есебі

Ауыл шаруашылығы саласы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыты.

Қаңтар - наурыз айларына ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 64,4 млрд.тг,құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд. тг. артты. Нақты көлем индексі 102,2 %.

Республика бойынша ауыл шаруашылығында ОҚО үлесі 18,2 % құрайды (1-ші орын).

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 298,0 млн.тг құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 есеге, Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 млрд.тг құрап, 2,5 есеге артты.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2016ж. – 788,8 мың га)салыстырғанда, 3,5 мың га артып, 792,3 мың га жеткізіледі.

Егістікті әртаптандыру бойынша 2016 жылмен салыстырғанда мал азықтық дақылдардың көлемі 7,2 мың га-ға (230,0 мың га), дәндік жүгері 7,0 мың га-ға (47,2 мың га) артса, сәйкесінше мақта дақылы 4,6 мың га (105,0 мың га), бидай 10,4 мың га (165,1 мың га) қысқаратын болады.

2016-2017 ж.ж. егіс құрылымы

р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі 

(мың га)

Түсімі (ц/га)

Алынатын өнім 

(мың тонна)

2016 ж.

2017 ж.

+,-

2016 ж.

2017 ж.

+,-

2016 ж.

2017 ж.

+,-

1

Дәнді - дақыл барлығы

261,3

258,6

-2,7

24,3

26,0

1,7

633,4

672,0

38,6

о.і масақты дәнді дақыл

214,5

206,1

-8,4

20,2

22,3

2,1

434,0

442,0

8,0

Одан бидай

175,5

165,1

-10,4

21,1

22,5

1,4

369,8

370,0

0,2

Арпа

39,0

41,0

2,0

16,5

17,5

1,0

64,2

72,0

7,8

Дәндік жүгері

40,9

47,2

6,3

43,4

45,0

1,6

177,1

212,4

35,3

2

күріш

3,1

3,0

-0,1

57,5

58,6

1,1

17,6

17,6

0,0

3

Мақта

109,6

105

-4,6

26,2

26,6

0,4

286,4

287,5

1,1

4

Мақсары

74

75,1

1,1

9,5

9,7

0,2

70,4

71,3

0,9

5

күнбағыс

6,5

7

0,5

14,9

15,0

0,1

9,6

11,5

1,9

6

Картоп

15,3

15,5

0,2

175,2

177,0

1,8

267,7

273,8

6,1

7

Көкөніс

40,4

40,6

0,2

205,4

265,0

59,6

944,2

1092,0

147,8

8

Бақша

59,1

60

0,9

214,7

216,0

1,3

1264,4

1296,0

31,6

9

Мал азықтық

222,8

230

7,2

 

 

 

 

 

 

 

 

788,8

792,3

3,5

 

 

 

 

 

 

 

Интенсивті бау шаруашылығын дамыту қарқынды қолға алынуда. Ағымдағы жылы 1,5 мың га интенсивті баулар отырғызылып, жалпы көлем 3,5 мың га жеткізіледі. Интенсивті баулардың тиімділігі дәстүрлі баулардан орташа гектарынан 4-5 тн.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 285 га. ендіріліп, жалпы көлемі 51,3 мың га. жетті(Республикалық үлестің 72 %).

Жылыжайлар қосымша 19 га салынып, жалпы 1142 га. жетті (Республикалық үлестің 80 %).

Мал шаруашылығында мал басы: Ірі қара малдың саны 5,8 %-ға (1003,3 мың), қой мен ешкі 1,0 %-ға (4504,9 мың), жылқы 19,5 %-ға (278,3 мың), түйе 6,5 %-ға (25,7 мың),құс 6,8 %-ға (2506,2 мың) артты.

Өндірілген өнім: Ет (тірідей салмақта) 2,9 %-ға (52,8 мың тонна), сүт 1,6 %- ға (141,2 мың тонна), жұмыртқа 7,3 %-ға (72,3 млн. дана) артты.

«Сыбаға» бағдарламасымен 2096 бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге39,9 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 10,5 % жетті. (республика бойынша 13,0 %)

«Алтын асық» бағдарламасымен 31,4 мың бас қой сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 113,3 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 6,6 % жетті (республика бойынша -6,2%). «Құлан» бағдарламасы аясында 258 басжылқы алынды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге облыста 363 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл кооперативтерде 40 мыңға жуық (39591) үй шаруашылығы, фермерлік қожалықтар біріктірілген.

Анықтама үшін. Оның ішінде:

3-тен 10 мүшеге дейін – 130 кооператив;

10-на 20 мүшеге дейін – 47 кооператив;

20-дан 50 мүшеге дейін – 68 кооператив;

50-ден 100 мүшеге дейін 36 кооператив;

100 ден – 500 мүшеге дейін – 60 кооператив;

500-ден жоғары 22 кооператив.

 

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы барлық аудан, қалаларда көшпелі семинарлар өткізілді.

Көшпелі семинарлардың қортындысымен кооперативтерді құрудың жаңа бағыттары мен моделдері айқындалды.

Бірінші – үй шаруашылықтары, фермерлік, шаруа қожалықтарында өндірілген өнімді өткізу кооперативтері. Бұл үлгі шеңберінде сүт қабылдау пунктерін, мал сою пунктерін, мал бордақылау алаңдарын, көкөніс-жеміс өнімдерін дайындау пунктерін, отбасылық жылыжайларды құру жоспарлануда (АШМ-нің индикаторына сәйкес).

Екінші – якорлы жобалардың базасында өнімдерді өндіру кооперативтерін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 
Жарияланған: 19.05.2017 - 11:40:50
Жаңартылған: 25.05.2017 - 16:30:23
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі