Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың атқарған жұмысы туралы есеп

-A A +A

Облыстық ішкі саясат басқармасының

2017 жылы атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының негізігі атқаратын жұмыстарының бағыттары:

  • Елбасының Жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау;
  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүзеге асыру;
  • Қоғамдық саяси ахуал мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау;
  • Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл орнату. 

 

Басқарма құрылымы 19 штаттан яғни, бір басқарма басшысынан, екі басқарма басшысының салалық орынбасарларынан және бес бөлімнен тұрады.             

Олар:

-  Әкімшілік бөлімі;

- Идеологиялық жұмыстарды насихаттау және ұйымдастыру бөлімі;

- Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

- Қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі;

- Саяси-ахуалды талдау және болжау бөлімі.

 

Облыстық бюджеттен ішкі саясат басқармасына 2017 жылға                      1196 098,0 мың теңге қаржы қаралған.

2016 жылы 933 838,0 мың теңге қаржы қаралса, 2017 жылы 262 260,0 мың теңге қаржыға, яғни 21,9 % артқан.

 

         Бағдарлама атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.

210 896,0

284 447,0

252 839,0

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер.

649 571,0

845 240,0

902 283,0

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде (сурдоаударма) қызметтер.

34 061,0

25 030,0

16 068,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары қызметтерге

39 310,0

0

              0

Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер. (Ақпараттық талдау орталығы)

0

35 955,0

35 714,0

Бағынысты мекеменің күрделі шығыстары (Ақпараттық талдау орталығы)

0

5 374,0

              0

Барлығы

933 838,0

1 196 046,0

   1 206 904,0

 

Жалпы 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 99,8 % игерілді. Қалған 1888,1 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына қарасты                      4 мекеме жұмыс жасайды.

 

Атауы

Қызметкерлер  саны

Таралымы

МСА бөлінген қаржы,

млн.теңге

«Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі

22

0

 

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

53

44 780

114,0

«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

43

18 470

106,0

«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

34

13 563

50,0

 

 

Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүзеге асыру

 

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 226.

Оның ішінде 157-і газет, 37-і журнал, 13-і телеарна, 4-уі радио, 15-і интернет сайт.

Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламаларын, мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының облыста орындалуы, облыс жетістіктерін насихаттау және преспективаларын түсіндіру мақсатында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге облыстық бюджеттен 2017 жылы 770305,0 мың теңге (2016 жылы 782 млн. 419 мың теңге) қаралып, оған республикалық және облыстық 89 БАҚ тартылды.

Оның ішінде, 54 баспа басылымдар (21 республикалық, 33 облыстық),                 8 телеарна (3 республикалық, 5 облыстық), 27 ақпараттық сайт                             (16 республикалық, 11 облыстық) тартылды.

 

Анықтама: 2016 жылы облыстық бюджеттен 782 млн. 419 мың теңге қаралып, 70 БАҚ тартылған. Оның ішінде, 37 басылым (18 республикалық, 19 облыстық), 9 телеарна                            (4 республикалық, 5 облыстық), 1  радио мен 14 интернет ресурстар.

 

 

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттарына сәйкес  ақпарат тарату мақсатында 2017 жылы 19 медиа жоспар бекітіліп, жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

  • Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы;
  • «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бойынша;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарлмасын ақпараттық сүйемелдеу, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарларға сәйкес іс-шараларға ақпараттық қолдаулар көрсетіліп, БАҚ-та материалдар циклі ұйымдастырылды.

Оның ішінде:

  • Елбасы Жолдауы бойынша жарияланған материалдар саны 2016 жылмен (10 145 материал) салыстырғанда 2017 жылы (14 793 материал)                   4 мыңнан астамға, мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2,5 мыңнан астамға (2016 жыл - 8521, 2017 жыл - 11080), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 1,2 мыңнан астамға                 (2016 жыл - 6 927, 2017 жыл - 8 132) көбейіп, БАҚ-пен жұмыс күшейтілді.

 

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

жалпы

Респ. БАҚ

Обл. БАҚ

жалпы

Респ. БАҚ

Обл. БАҚ

Елбасы Жолдауы

10 145

3519

6626

14 793

3848

9945

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

 

 

 

16573

3508

13065

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар

8 521

3043

5478

11 080

3387

7693

Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша

6 927

2294

4633

8 132

3926

4206

 

Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №274 қаулысымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау, электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау мақсатында «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

 

«Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесіне сәйкес                22 қызметкер (директор-1 бірлік, директордың орынбасары – 2 бірлік, бас бухгалтер –1 бірлік, заңгер – 1 бірлік, ақпарат бөлімі – 5 бірлік, әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімі – 5 бірлік, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау бөлім – 3 бірлік, өңірлік коммуникациялар қызметін ұйымдастыру бөлімі – 4 бірлік) жұмыс істеуде.

Мекеменің атқаратын қызметінің мәні мен мақсаттарына:

 - облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау;

- электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау;

- бұқаралық ақпарат құралдарына контент-талдау;

- бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға ықпал ету.

БАҚ-да жарияланған материалдарға сараптама, контент-талдау жасау және БАҚ туралы заңнамалардың орындалуына мониторинг жұмыстарын жүргізу.

БАҚ-қа шыққан материалдарға күнделікті:

  • БАҚ жарық көрген жағымды және сыни материалдарға;
  • 48  негізгі тақырыптық бағыттар бойынша контент-талдаулар;
  • 17 мемлекеттік және 31 салалық бағдарламаның жүзеге асырылуына;
  • қолданыстағы БАҚ қатысты 13 Заңның талаптарының орындалуына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Мониторинг нәтижесінде анықталған сыни материалдар бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен тиісті мекемеге хат жолданып, сәйкесінше жұмыстар атқарылады.

Бүгінгі таңда БАҚ-да облысқа қатысты 2017 жылдың басынан жалпы саны – 27 193 материал жарияланған. Оның ішінде жағымды материалдар – 20 233, бейтарап - 6604 , жағымсыз – 356 құрайды.

 Ал, 2016 жылы 8032 материал (жағымды материалдар – 4452, бейтарап - 3238, жағымсыз – 342) жарияланған. Бұл облысқа қатысты жағымды ақпарат ағыны 2016 жылға (4452) қарағанда 2017 жылы (20 233) 4 есеге артқандығын көрсетеді.

Сонымен қатар 2016-2017 жылғы сыни материалдардың               80 пайызы (286) аудан, қалаларға, 20 пайызы (70) басқармаларға тиісті.

 

Жыл

Жарияланған мақала саны

Жағымды

%

Бейтарап

%

Жағымсыз

%

2017 ж

27 193

 

20 233

74,4

6 604

29,3

356

1,3

2016 ж

8 032

 

4 452

55,4

3 238

40,3

342

4,3

 

 

Жалпы жарияланған материалдардың ішінде жағымды материалдар үлесі 2016 жылы 55,4 % болса, 2017 жылы 74,4%-ға артқан. Ал, жағымсыз материалдар үлесі 2016 жылы 4,3% болса,              2017 жылы 1,3%-ға кеміген.

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңына сәйкес 2016 жылы облыстағы 6 БАҚ-қа (5 газет, 1 ақпараттық портал), 2017 жылы 12 БАҚ-қа (12 газет) қатысты заң бұзушылықтар анықталып, шаралар қаралып, уәкілетті органның шешімімен жалпы                 18 БАҚ жабылды.

          

 

Идеологиялық жұмыстарды насихаттау және ұйымдастыру бағыттары:

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша:

Елбасы Жолдауын насихаттау түсіндіру мақсатында 5 облыстық, 164 аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топтар  құрылды.

Оған қоса, облыстағы 181 ауылдық округтегі 836 елдімекенде әрбір көшеге бекітілген 10 425 жауапты азаматтар тартылды.

2017 жылы облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топтар 4 823 кездесу өткізіп,  оған 789 876  адам қамтылды.

Құрылған облыстық, аудан, қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша 10 000 дана әдістемелік құралдар шығарылып, таратылды.

Жолдауды насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 14 793 мыңға жуық материал жарық көрген. Оның  электронды БАҚ-да - 6378, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында - 8415 жарияланған.

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесі, Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі, Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік Қазақстан облысы Азаматтық Альянс» Заңды тұлғалардың қауымдастығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары тартылып, облыстық ақпараттық насихаттық топтардың құрамына енгізіліп,  аталған ұйымдардың қатысуымен облыс аумағындағы мекемелерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, зауыттарда, кәсіпорындарда, ауылдық округтер мен тағы басқа ұйымдарда кездесулер өткізіліп, насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың орталық көшелерінде және халық көп шоғырланған орындарда 743 билборд, 58 керме, 35 скроллер,                      18 лайтбокс, 822 плакат ілінді.

Елбасының Жолдауын насихатталуы бойынша салыстырмалы талдау (2016-2017 жж.)

Көрсеткіш атауы

2016

2017

Айырмасы

Кездесу саны

4 364

4 823

+ 459

Халық қамту саны

657 763

789 876

+ 132 113

БАҚ-та жарияланған материал саны

10 145

14 793

+ 4 678

Билборд саны

612

743

+ 131

Керме саны

43

58

+ 15

Скроллер саны

15

35

+ 20

Лайтбокс саны

8

18

+ 10

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдануына, насихатталуына және соңғы үлгідегі эталондық стандартқа сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы мониторинг жасау, талаптарға сәйкестендіру жұмыстары бойынша:

Облыс әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №16 қауылысына сәйкес облыс әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия құрамына өзегерістер енгізіліп, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес ОҚО жергілікті полиция қызметі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО департаментінің келісімімен «Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына мониторинг жүргізу» бойынша аталмыш мекемелердің салалық мамандарының қатысуымен облыстың 11 аудан, 4 қаласына жылына 2 рет арнайы іс-сапар ұйымдастырылуда.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша комиссия мәжілістері өткізіледі.

Сонымен қатар, облыс аумағындағы ҚР Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы бойынша аудан, қалаларда арнайы семинарлар өткізіп, әдістемелік көмек тұрақты түрде көрсетілуде.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің                          25 жылдығына орай облыста жалпы 1785 іс-шара өткізіліп, 150 000 жуық адам қамтылды.

 

Идеологиялық іс-шаралар бойынша:

- «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық байқауы;

- «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай, Мәңгі желбіре көк туым» мәдени іс-шарасы;

- Облыс тұрғындары арасында ел ынтымағын, бірлігін, тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеу іс-шаралары, «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы;

- Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жылдығына орай, «Мәңгілік елдің Елордасы!» тақырыбында таныстырылымдық көрме кешені ұйымдастырылды.

 

Анықтама: «Мерейлі отбасы-2017» ұлттық байқауы.

«Мерейлі отбасы-2017» ұлттық байқауы бойынша 2017 жылғы 15 мамырға дейін 1 кезең бойынша аудан және қалалық әкімдіктерге жалпы  322 отбасыдан өтінім түскен. Облыстық комиссияның шешімі бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне аудан, қалалардан 30 үміткер отбасылар қатысты.

Облыстық кезең жеңімпаздары атанған екі отбасы Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың комиссиясына құжаттары жолданды.

Республикалық комиссияның шешімі бойынша облыстан Шымкент қаласының үлгілі Каналбай Сейілбекұлының отбасы Астана қаласында қыркүйек айында өткен республикалық байқауға қатысты. Байқауда ҚР Мемлекеттік Хатшысы Г.Әбдіқалықованың алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай, Мәңгі желбіре көк туым» мәдени іс-шарасы.

2017 жылғы 3 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған Шымкент қаласында «Мәңгі желбіре көк туым» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздеріміздің 25 жыл толуына байланысты «25 жыл, 25 көше» мерекелік шеруімен бастау алып, қаладағы «Бәйдібек би» ескерткішінен қаладағы Т.Рысқұлов, Қазыбек би сынды 25 негізгі көше арқылы «Тәуелсіздік саябағына» дейін жалғасты. Шеруге 20 мотоциклші мен 30 велосипедші және тақырыпқа сай безендірілген 2 автобус, 4х8 көлемінде мемлекеттік ту ұстаған 30 спортшы қатысты. Ал автобусқа еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері сынды түрлі саланың үздіктері отырғызылды.

Мерекелік іс-шарада ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этно-мәдени орталық өкілдері, полиция қызметкерлері, әскери мектептің оқушылары және жастардан тұратын хор бірлесіп Мемлекеттік Гимнді орындалды.

Облыс тұрғындары арасында ел ынтымағын, бірлігін, тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеу.

«Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы жылына кемінде 2 рет өткізіледі.

2017 жылғы 16 маусым күні Шымкент қаласы, «Мұса» салтанат сарайында өтті. «Ардагерлер – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында өтті.

2017 жылғы 14 қараша күні Шымкент қаласы, «Royal Rose» салтанат сарайында «Рухани жаңғыру: Береке басы - бірлік» тақырыбында кезекті форум өтті.

Аталған форум Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыптық мақаласының аясында өтті. Елімізде, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында да идеология саласында қоғамдық сананы жаңғырту бағытында түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы сөз қоғалды. Жиынға қатысушылар өскелең ұрпаққа өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін беріп, ұсыныс пікілерімен бөлісті.

 Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жылдығына орай, «Мәңгілік елдің Елордасы!» тақырыбында таныстырылымдық көрме кешені

2017 жылғы 5-30 шілде күндері облыстық «Көркем сурет галереясында» Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жылдығына орай, «Мәңгілік елдің Елордасы!» тақырыбында таныстырылымдық көрме кешені өтті.

Көрмеде Тәуелсіздік жылдарында Астананың құрылуы, Астана қаласының заманауи тұрғыда салынған көп қабатты ғимараттардың фотосуреттерін Шымкент қаласының тұрғындарына көрсетті.

 

Басқармасы қызметінің кезекті бағыты – азаматтық қоғам институттарымен жұмыс орнату бойынша.

Облыстағы қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 1 201. Оның ішінде саяси партиялардың филиалдары – 6,  этномәдени орталықтар – 51, кәсіподақ ұйымдары – 104, үкіметтік емес ұйымдардың саны - 558.

Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркеліп, жұмыс жүргізуде.

 Саяси партия филиалдарының белсендісі «Нұр Отан» партиясы. Қалғандары Орталық аппаратының тапсырмасын орындаумен ғана айналысады. Оппозициялық бағыттағылары жоқ.

Саяси партиялардың облыстық филиалдарының өкілдері облыс әкімінің жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумына және Қоғамдық кеңестердің мүшелігіне енген.       

Құрамында 39 мүшесі бар облыстық, 322 мүшесі бар аудандық, қалалық Қоғамдық кеңестер жұмыс атқаруда.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 17 лот бойынша, жұмыстар жүргізілсе, 2017 жылы конкурс 23 лот бойынша жарияланып, тиісті жұмыстар атқарылды. 

2017 жылы жаңадан «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету, Оңтүстік Қазақстан облысында медиа кеңістікте оң имиджін қалыптастыру, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, оның зиянды жақтарынан туындайтын суицид және басқа да қатерлерден сақтандыру жолдарын насихаттау, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және Рухани жаңғыру мақсаттарын жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру, Оңтүстік Қазақстанның медиа кеңістікте оң имиджін қалыптастыру, өңірдің басты брендтерін насихаттау, мемлекеттік органдардың имиджін арттыру, ресми веб-сайттардың рөлі бойынша, жалпы 23 тақырып бойынша жұмыстар атқарылды.

Облыста үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне методикалық-практикалық көмек көрсету, байқауларға қатысуға құжаттарды дайындау, интернетті тегін пайдалануға жағдай жасау, үлкен көлемде жинақталған мәліметтермен танысу және анықтамалық көмек, кеңес беруге арналған 1 облыстық және 15 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталықтар жұмыс жасайды. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен байланысты арттыру және олар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында облыстық ресурстық орталықта арнайы сайт ашылған. 

2017 жылы облыстық және 15 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталықтардың жұмысына қаржылай қолдау көрсетілді.

Облыста жыл сайын облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге ҮЕҰ тарапынан ұсынылған әлеуметтік жобалардың қатарынан өзектілері таңдалып, марапатталады.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрлігі ҮЕҰ арналған мәліметтер базасын қалыптастыруына  байланысты, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде жыл сайын әр жылдың сәуір айының 1-не дейін Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам  министрлігіне атқарған қызметі жөнінде мәлімет ұсынады.

  2016 жылы облыстағы 134 үкіметтік емес ұйым мәлімет ұсынса, 2017 жылы 144 үкіметтік емес ұйым мәлімет ұсынды.

Анықтама: Конкурс  тақырыптары (23) екі бағытта жасақталған:

Біріншіден,  үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға  тарту;

Екіншіден, облыстық «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының әлеуетін пайдалану арқылы аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың теріс бағытта кетпеуін алдын алу;

Арнайы жасақталған тізімдегі  сыни көзқарастағы 31 азаматпен жекелеген жұмыс жүргізу (демалыс және т.б. Іс-шаралар ұйымдастыру  арқылы) ;

Тұрғындардың заңды жете білмеу салдарынан келеңсіз оқиғалардың (рұқсатсыз митинг ұйымдастыру, өзін-өзі өртеу) алдын алу мақсатында бойынша жұмыстар жүргізу;

 Жергілікті деңгейде аумақтарды басқаруға азаматтардың қатысу мүмкіндігін түсіндіру.

- Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар тартылады.

- Сыни көзқарастағы азаматтық сектор өкілдерімен конструктивті байланыс орнатылады.

  • Тұрғындардың заңды жете білмеуі салдарынан келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілінің қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру тетіктері, қағидаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

 

 Келесі бағыт – облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағыты.

Бүгінгі күнге облыста әлеуметтік мәселелер төңірегінде орын алып отырған проблемалық жағдайлар қатарында 21 мәселе «Ыстық нүктелер» бар.

Анықтама:

Шымкент қаласы бойынша (12 мәселе)

1. Абай ауданының «Самал-3» шағынауданын электр жарығымен  қамтамасыз ету мәселесі:

2. Шымкент қаласы «Азат» шағын ауданының электр жарығы мәселесі:

3. Шымкент қаласы,  Қаратау ауданының «Достық» шағын ауданында тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесі:

4. Шымкент қаласы, «Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы» аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты  жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару:

5. Шымкент қаласы, Қазығұрт шағын ауданындағы заңсыз салынған 43 үй мәселесі:

6. Шымкент қаласы, «Көкбұлақ» және «Жұлдыз» тұрғын алабтары  аумағынан өтетін мұнай құбырының қорғау аймағына енетін жер телімдері мәселесі:

7. «Сәуле» шағын ауданындағы әскери бөлімшенің жерімен беттесе орналасқан үйлер мәселесі:

8. Шымкент қаласы,  қала базарларын белгіленген нормаларға сәйкестендіру мәселесі:

9. Шымкент  қаласы, «Ютекс» АҚ 211 жұмысшыға 16,4 млн.теңге қарызы бар:

10. Шымкент  қаласы, «Меланж» АҚ 167 жұмысшыға 28,5 млн. теңге қарызы бар:

11. Шымкент  қаласы, «Компания ZALI» ЖШС 722 жұмысшыға 92,366 млн. теңге қарызы бар:

12. Шымкент  қаласы, «КүзетХиммонтаж» ЖШС 21 жұмысшыға 5,72 млн. теңге қарызы бар.

Төлеби ауданы бойынша (1 мәселе)

Төлеби ауданында,  «Достық» ӨК базарын заманауи форматқа көшіру немесе қайта құрылымдау мәселесі

Сайрам ауданы  бойынша (2 мәселе)

1. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында жер учаскелерін  үлестіру мәселелеріне байланысты тұрғындар тарапынан наразылық туындау мүмкіндігі:

2. Сайрам ауданы, «Кахар» мал базарын Қарабұлақ елді мекенінің сыртына шығару мәселесі:

Ордабасы ауданы бойынша (1 мәселе)

Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде мұнай құбырын қорғау аймағының кеңеюіне байланысты тұрғын үйлердің жер учаскелерін мәжбүрлеп қайтару мәселесі:

Сарыағаш ауданы бойынша (3 мәселе)

1. Сарыағаш ауданы, Дарбаза елдімекеніндегі  «DUOS битум GROUP» ЖШС-нің битум өндіретін цехтан шығатын түтіннің иісіне тұрғындардың наразылығы:

2. Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылдық округі, Достық елді мекеніндегі шекара бойында қалып қойған (100 метрлік шекара белдеуі бойында) 10 үй мәселесі:

3. Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық округі Сырдария өзенінің бойымен өтетін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық шекараға қатысты тұрғындар тарапынан туындаған мәселе:

Қазығұрт ауданы бойынша (2 мәселе)

1. Қазығұрт ауданы,  Алтынтөбе ауыл округіндегі «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіптік корпорациясы меншігіндегі 1000 га жер телімі мәселесі:

2. Қазығұрт ауданы,  «Қарабау элиталы тұқым шаруашылығы» ЖШС-нің мүшелеріне егін шаруашылық жерлерін пай үлеске бөліп беру мәселесі:

Жалпы 21 мәселенің, 4-і жалақы қарызы, 10-ы жер мәселесі,                                  2-і инфрақұрылыммен қамту мәселесі, 5-і әлеуметтік мәселелер болып отыр.

Олардың қатарында: Шымкент қаласы - 12, Төлеби ауданы - 1, Сайрам ауданы - 2, Ордабасы ауданы - 1, Сарыағаш ауданы - 3, Қазығұрт ауданы - 2 мәселе бар.

 «Ыстық нүктелерді» шешу бойынша арнайы мәжілістер өткізіліп,  нақты тапсырмалар белгіленіп, олардың орындалуы бақылауға алынған.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Ыстық нүктелер» тізіміндегі                      23 мәселе оң шешімін тауып, тізімнен алынды және 5 проблемалық мәселелер анықталып, тізімге енгізілді.

 

Анықтама: Шымкент қаласы бойынша оң шешімін тапқан мәселелер:

1. «Қайнар бұлақ» шағын ауданында сапалы электр жарығы, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері;

2. «Қайнар бұлақ» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі;

3. «Қайтпас-1» шағын ауданы ауыз су, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері;

4. «Астана» даңғылының («Көктем» көшесі) жол құрылысына қарастырылған жерді меншік иелерінен мемлекет мұқтажына алу мәселесі;

5. «Самал-3» шағын ауданының мектебінің жер мәселесі;

6. «Мәртөбе» тұрғын алабындағы қоқыс полигонын жабу мәселесі;

7. «Сәуле» және «Қазығұрт» шағынаудандары  аумағынан өтетін

«Шымкент-Павлодар» магистралды мұнай құбыры  мәселесі;

8. Қосылған елді мекендерде ауыл шаруашылық мақсаттағы  жерлердің тұрғын үй (ИЖС) салуға берілген жер телімдеріне сараптама жасау, құрылыс жұмыстарын тоқтату мәселесі;

9. «Азат» шағын ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерге заңсыз салынған тұрғын үйлер мәселесі;

10. «Құрсай» шағынауданын электр жарығы  және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі;

11. «Тұран» шағын ауданының инфрақұрылымын қайта құрылымдау мәселесі;

12. Тоғыс, Базарқақпа, Жұлдыз тұрғын алаптарында орналасқан үйлердің кәріз жүйелері мәселелері;

13. «Асар-2» шағын ауданын электр жарығы мен және ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі;

14. «Ынтымақ – 2» шағын ауданын табиғи газ және электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі;

15. «Базарқақпа, Тұрдыабад және Абдулабад  тұрғын алабтарындағы ауыз су жүйелеріне  ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі;

16. Қаладағы сейсмикалық күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлерге сараптама жұмыстарын жүргізу;

17. Шымкент қаласы, «Бадам-2» тұрғын алабына кіре-берісіне көпір салу мәселесі;

18. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша алынған тұрғын үй, жылыжай мәселесі;

19. Оралмандардың жұмысқа орналасу, жер телімдерін алу және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері;

20. Шымкент қаласындағы екінші дәрежелі банктерден несие алған борышкерлер мәселесі.

Сарыағаш ауданы бойынша оң шешімін тапқан мәселелер:

21. Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округінде орын алған жағдайға байланысты қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мәселесі;

22. Сарыағаш ауданы, Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінен мектеп салу мәселесі;

23. Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар ҚХ-11 «Сарыағаш-Монтайтас-Рабат-Ленгір» автомобиль жолының бүгінгі жағдайы.

Жаңадан анықталып, тізімге енгізілген мәселелер:

1. «Базарқақпа, Тұрдыабад және Абдулабад  тұрғын алабтарындағы ауыз су жүйелеріне  ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі;

2. Шымкент қаласы, Қазығұрт шағын ауданындағы заңсыз салынған 43 үй мәселесі;

3. Қаладағы сейсмикалық күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлерге сараптама жұмыстарын жүргізу;

4. Шымкент қаласы, «Көкбұлақ» және «Жұлдыз» тұрғын алабтары  аумағынан өтетін мұнай құбырының қорғау аймағына енетін жер телімдері мәселесі;

5. «Сәуле» шағын ауданындағы әскери бөлімшенің жерімен беттесе орналасқан үйлер мәселесі.

 

Бұдан бөлек, 2018 жылы облыс көлемінде жергілікті тұрғындарды толғандыратын 18 тақырып аясында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысына сәйкес анықталған проблемалық мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданатын болады.

Атқарылып отырған жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін алдағы уақытта келесі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.            

Біріншіден: облыс көлемінде әлеуметтік проблемалық мәселелердің алдын-алу бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу;

Екіншіден: тұрғындарды толғандырып отырған өзекті мәселелердің жергілікті жерде оң шешімін табуы бойынша жұмыстар атқару;

Үшіншіден: Аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуде сапасын және өткізу географиясын арттыру.

 

2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасына берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша:

хаттамалық тапсырмалардың жалпы саны  - 110

орындалды - 73 (оның ішінде бақылаудан алынғаны - 38 );

орындалу үстінде - 0

орындалмағаны - 1;

тұрақтысы - 27;

мерзімі бар - 2;   

басқарманың құзіретіне кірмейтіні   - 7.   

Орындалмағаны: Облыс әкімінің төрағалығымен өткен 2017 жылғы 12 маусымдағы №1-50 хаттамалық тапсырманың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуі қамтамасыз етілсін деген тапсырма тиісті деңгейде жүргізілмеді.

 

 

Жарияланған: 22.09.2015 - 10:03:20
Жаңартылған: 19.06.2018 - 12:10:58
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі