Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың ережесі

-A A +A

Оңтүстiк Қазақстан

облысы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы «__» ____

№ ____ қаулысына қосымша

 

«Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.     Жалпы ережелер

 

1.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi спорт және дене шынықтыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.

3.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9.   Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Мәделi қожа көшесi, № 1 үй, пошталық индексi 160021.

10.   Мемлекеттiк органның толық атауы – «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11.   Осы Ереже «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

12.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

14.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы Оңтүстiк Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.

15.   Мiндеттерi:

1)    дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;

2)    ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;

3)    дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

4)    әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.

16.   Функциялары:

1)    жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;

2)    аккредиттелген республикалық және (немесе) жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерi, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;

3)    спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4)    облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

5)    облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6)    бiлiм беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкi уақытта халық үшiн спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық iс-шаралар өткiзу мақсатында пайдалану жөнiнде шаралар қолданады;

7)    спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;

8)    мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

9)    аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

10)  облыс аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

11)  облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

12)  жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

13)  спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшiн спорт түрлерi бойынша бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын iске асырады;

14)  спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгiлiк оқу жоспарларын келiседi;

15)  аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;

16)  қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгiзедi;

17)  ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

18)  дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

19)  дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестiредi;

20)  спорт мектептерiне, спорт мектебiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе бередi;

21)  халықаралық және республикалық деңгейдегi жарыстарды өткiзуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшiн техникалық өзiндiк ерекшелiктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келiседi;

22)  бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерге қол жеткiзуге жауапты болады;

23)  облыстық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi;

24)  «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және заңнамада көзделген жағдайларда келiседi;

25)  «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамның даму жоспарларының орындалуын бақылайды және талдайды;

26)  жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiмен басқармаға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17.   Құқықтары мен мiндеттерi:

1)    «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн облыс әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;

2)    заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратуға, сондай-ақ, басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсынуға;

3)    «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзедi;

4)    осы Ережемен, Қазақстан Республикасы заңнамалармен және жергiлiктi облыс әкiмдiгiмен бекiтiлген басқа да өкiлеттiктердi iске асырады.

 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

18.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметке тағайындайды (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша) және қызметтен босатады.

20.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1)    «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады;

2)    «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң, облыс әкiмi мен жетекшiлiк ететiн облыс әкiмi орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

3)    қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiн, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

4)    қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң, «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қарамағындағы ұйымдардың басшыларының мiндеттерi мен уәкiлеттiктерiн анықтайды;

5)    «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

6)    мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүддесiн ұсынады;

7)    келiсiм-шарттар жасасады;

8)    сенiмхаттар бередi;

9)    банкте шоттар ашады;

10)  өз уәкiлеттiгi шегiнде барлық «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

11)  «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйақы шараларын белгiлейдi және тәртiптiк жаза қолдана алады;

12)  сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне қарсы әрекеттердi күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

13)  Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкiмдiгi мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.   Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесi аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы басқарады.

 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

24.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

25.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

26.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27.   «Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

Коммуналдық мемлекеттiк мекемелер:

1)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерiнен жоғары спорт шеберлiгi мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

3)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының № 1 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

4)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының № 2 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

5)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының № 3 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

6)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының гимнастикадан олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

7)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының футболдан олимпиада резервiн дайындайтын балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

8)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервiн дайындайтын балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

9)    Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының су спорты түрлерiнен олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

10)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерiнен олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

11)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыр атлетикадан олимпиада резервiн дайындайтын балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

12)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының ату және ұқсас спорт түрлерiнен олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

13)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстiк Қазақстан облыстық дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

14)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының мүгедектерге арналған кешендi мамандандырылған спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

15)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдердiң теннис спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

16)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түлкiбас ұлттық спорт түрлерiнен балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

17)  Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындары:

18)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешенi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

19)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қазығұрт» спорт ойын түрлерi клубы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

20)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық дәрiгерлiк- дене тәрбиесi диспансерi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

21)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы орталық стадионы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

22)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қыран» футбол клубы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

23)  «Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жеңiлатлетикалық спорт кешенi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

24)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешенi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

25)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының кешендi жоғары спорт шеберлiгi мектебi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

26)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының Әбдiсалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

27)  Оңтүстiк Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерiнен балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған спорт мектебi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны.

Акционерлiк қоғам:

28)  «ОРДАБАСЫ» кәсiби футбол клубы» акционерлiк қоғам.

© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі