Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың негізгі мақсаттары

-A A +A

Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) басқа да табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі өңірлік бағдармаларды әзірлеп, облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі құжаттарды дайындау;

3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

5) жер заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердің барлық санаттарынан жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

6) Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген құзыретіне сәйкес аудандар арасындағы жер қатынастарын реттеу;

7) орман қоры жерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою жөнінде ұсыныс дайындау;

8) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен орман қоры жерінде жұмыстар жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру үшін ұсыныстар дайындау;

9) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекаларын белгілейтін әкімдік актілерінің жобасын дайындау;

10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс шаралар жүргізу үшін жерді уақытша пайдалану жөніндегі облыс әкімдігі актілерінің жобасын дайындау;

11) жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскілерін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

12) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

13) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

15) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

16) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

17) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

18) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

19) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

20) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;

21) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

22) ауылшаруашылық алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

23) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігіндегі өз құзыреті шегінде қызметін үйлестіру, оған басшылық ету және бақылау жасау.

Жарияланған: 13.01.2016 - 15:01:27
Жаңартылған: 09.03.2016 - 17:48:55
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі