Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың негізгі мақсаттары

-A A +A
Басқарманың негізгі мақсаттары
Басқарманың мақсаты мен міндеттері мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру, өз құзырына жататын мәселелер жөніндегі облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және облыс әкімдігінің қаулыларының, орталық атқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.
2. Құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3. Басқарма бірыңғай тапсырыс беруші қызметін көрсетеді. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық кешенді дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, олардың өмір тіршілігі салаларын жетілдіруге бағытталған тұрғын үй құрылысын кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және жүргізу.
4. Тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандары құрылысын дамыту, бағдарламаларын жасау мен олардың орындалуын іске асыру және оларды жобалық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету. Апатты және ескі тұрғын үйлерді қалпына келтіру.
5. Басқарма облыстық маңызы бар аудан, қала бюджеттеріндегі тұрғын үй құрылыстарын несиелеу, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына облыстық маңызы бар аудан, қала бюджеттерінің дамуына мақсатты трансферттер, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау жүйесін дамытуда, облыстық маңызы бар аудан, қала бюджеттерін дамытуға мақсатты трансферттер, коммуналды шаруашылық, қалалар мен елді мекендерді көркейту, энергетикалық жылу жүйелерін, мемлекеттік органдардың ғимараттары мен үйлерін күрделі жөндеуге және экономикасы нашар дамыған шағын қалалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету нысандарын күрделі жөндеу және оларды дамытуға арналған бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.
6. Қала және аудан әкімдерімен өзара іс-әрекет ете отырып, жобалау ұйымдарының ағымдағы және ұзақ мерзімді бағдарламаларды енгізу жөніндегі тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандары құрылысының қызметін үйлестіру.
7. Аудандық және қалалық құрылыс органдарының қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау, жобалау-жоспарлау және басқа да құжаттамамен уақтылы қамтамасыз ету.
8. Құрылыс, қайта құру, қайта жаңарту, күрделі жөндеу мен жобалау мәселелерін реттейтін нормалар мен ережелерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің банкін құру.
9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қаржыларды тиімді жұмсау мақсатында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жөнінен конкурстар өткізу.
10. Сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру.
11.Құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық, әдістемелік ақпараттарды тарату, республикалық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау.
12. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған және Оңтүстік Қазақстан облысын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2002-2010 жылдарға арналған «Таза су», аймақтық бағдарламаларын орындау жөніндегі функцияларды, жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыру және үйлестіру.
 
Жарияланған: 18.01.2016 - 14:35:15
Жаңартылған: 16.01.2017 - 17:06:04
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі