Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың негізгі мақсаттары

-A A +A

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, перспективті, ағымдағы және мақсатты бағдарламаларды дайындау, жүзеге асыру;

2) қазақтың үлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және насихаттауды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттар мәдениетінің сақталуына, дамуына және таралуына қамқорлық көрсету;

3) облыс аймағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын және оларды пайдалану құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау және реставрациялау бойынша ұйымдастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының атқарушы органының қалыптастыру және іске асыру іс-шараларына қатысу;

4) мәдениет пен өнер саласындағы өнімдер мен қызмет көрсетудің отандық рыногын зерттеу, талдау және болжамдау;

5) фестивальдер, байқаулар, конкурстар, ақындар айтыстарын және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін және тәжірибе алмасулар ұйымдастыру;

6) әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру кешенді іс-шараларын, әлеуметтік қорғалуды кдмтамасыз ететін түрлі бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

7) мәдениет пен өнерді сақтау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық ведомстволардың, үйымдардың және кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ аудан, қала әкімдері аппараттарымен саланың өзекті мәселелерін шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара әрекет жасау;

8) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

9) облыстың аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

 

 

Жарияланған: 14.01.2016 - 10:50:59
Жаңартылған: 02.05.2018 - 14:46:23
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі