Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың негізгі мақсаттары

-A A +A

Басқарманың негізгі мақсаттары

Басқарма қызметінің негізгі міндеттері:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;

2) спорттың әр түрі бойынша облыстық жарыстар өткізеді;

3) спорттың әр түрі бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдайды;

5) облыстық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және де мемлекеттік бағыныстағы коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді;

6) облыс аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;

7) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі;

9) облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

10) облыс аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

11) облыс аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

12) облыс бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді, соның ішінде статистикалық деректерді талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

13) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

14) заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық іс-шаралардың материалдық қамтамасыз ету, облыстық спорт іс-шараларының қатысушалыран және құрама команда мүшелерінің облыстық деңгейдегі жарыстарда алған жоғарғы көрсеткіштері үшін марапаттау нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

15) облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спорттық ұйымдардың қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар беру, оларды грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапаттау мәселелерін заңда белгіленген тәртіпте және өз құдіреті шегінде шешеді;

16) біріккен дене шынықтыру-спорт мүгедектерімен бірге облыс деңгейінде спорт іс-шараларын өткізуді, республикалық жарыстарға қатысуы мен дайындалуын ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және басқа да нормативтік құқықтық актілермен облыс аумағында спорт іс-шараларын, бөлімшелердің құрылымын қаржыландыруын, олардың материалдық-техникалық қамтамыз етілуін жүзеге асырады.
 
Жарияланған: 18.01.2016 - 16:03:43
Жаңартылған: 18.01.2016 - 16:05:29
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі