Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басқарманың тарихы

-A A +A

Басқарманың тарихы

Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ТАРИХЫ
1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Комитеті құрылды, бұл Комитеттің бірінші төреағасы болып Николаев Михаил Федорович тағайындалды.
Ал, 1976 жылы Комитеттің төреағасы болып Фоминых Николай Иванович орналасты.
1981 жылдан 1986 жыл аралығында Комитет төреағасы болып Әбсенбетов Тұрсынбек Әбсенбетұлы қызмет атқарды.
1986 жылы Комитет төрағасы лауазымына Ахметов Абдулла Ахметұлы тағайындалды.
1992 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Комитеті ОҚО туризм және спорт басқармасы болып өзгеріп, басқарма бастығы Досқараев Бауыржан Мелдебекұлы тағайындалды.
1994 жылы  ОҚО туризм және спорт басқармасы, облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы болып қайта өзгерді, оның басшысы болып Бектаев Әли Әбдікерімұлы бекітілді.
1999 жылы облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт департаменті болып өзгерді, басқарма бастығы болып Қырықбаев Полат Наурызбайұлы тағайындалды.
2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт департаменті ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы болып өзгерді. Басқарма бастығы Оңғарбаев Серік Әнуарұлы бекітілді.
2006 жылы ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы болып Спанов Есмұхамед Баранбайұлы  тағайындалды.
2008 жылы қаңтар – қараша айлары аралығында ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы болып Рысбек Қыдырбек Әділбекұлы қызмет атқарды.
2008 жылы ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы  Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы болып қайта аталды, басқарма бастығы лауазымына Тұрсынбеков Сержан Оразұлы тағайындалды.
2009 жылдан қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы болып Қырықбаев Полат Наурызбайұлы қызмет атқаруда.
Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мекен жайы: 160021, Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі №1 үй, тел: 22-23-80, факс: 42-33-52.
 
Жарияланған: 18.01.2016 - 15:57:21
Жаңартылған: 09.03.2016 - 15:08:25
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі