Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басшылық

-A A +A
<--break->Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ

ҚазСРО,  Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданының Қайнар ауылында 1958 жылы 8 шілдеде дүниеге келген – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші.

Білімі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ. (1980);
  • Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті,  құқық факультеті, Мәскеу қ.  (2000);

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

  • Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазССР Ғылым академисының тіл білімі институты, (1987);
  • Филология ғылымдарының докторы (2008) ;
  • Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор
  • Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014);

Кәсіби тәжірибесі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);
  • Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);
  • Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап).

Басқа қызметтері:

  • ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының Төрағасы (2007-2010);
  • «ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы (2008 -2010);
  • Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010).

Марапаттары:

  • Құрмет ордені (2003);
  • Парасат ордені (2011);
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
  • Қазақстан тәуілсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011);
  • «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011);
  • «Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011);
  • Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015);

Еңбектері:

  •  «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 1985 ж.);
  • «Қазіргі тіл лексикологиясы» (Алматы, 1986 ж.);
  • «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті нысандары» (Алматы, 1991 ж.);
  • «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.);
  •  «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтама» (Алматы, 1996 ж.);
  • «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл» (Анкара, 1996 ж.);
  • «Президенттің бір жылы» (Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.);
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» (Астана, 2004 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы бойынша практикалық нұсқаулығы» (Астана, 2004 ж.);
  • «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы,  2005 ж.);
  • Қазақ-моңғол лексикалық параллельдері: Қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар (Мәскеу,  2005 ж.);
  • «Қазақстан» (Мәскеу,  2006 ж.);
  • «Алтай тілдеріндегі анлаутты еріндік дауыссыздардың мәселесі» (Рамстедт-Пеллио фонетикалық заңының ревизиясы) (Москва, 2005 ж.);
  • «Алтай теориясының және алтайтанудың қалыптасуы және дамуы» (Түркістан, 2006 ж.);
  • «Түрік-қазақ-моңғол этнотілдерінің өзара қатынастарының тарихы» (Алматы,  2006 ж.);
  • «Түркі-моңғол лексикалық параллелдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан шектеудің критерийлері  мен теориялық  ұстанымдары»

(Астана, 2008ж.);

  • «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Туран тілдік одағы» (Көкшетау, 2009ж.)
  •  «Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері» (Астана, 2010 ж.);
  • «Қазіргі заманның бірегей ғалым ‒ориенталистісі. Алтаист-түрколог А.Рона-Таштың 80 жылдығы» //Алтаистика и тюркология журналы, 2011ж.
  • «Қазақстан негізгі кезеңдері» (Анкара, 2011 ж., түрік тілінде);
  • «Туран тілдің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралық, мәдениеттераралық интерференция құбылысы//Түркі дүниесі. Альманах.( Астана, 2012ж.)
  • «Қазақстан. Экономика. Инвестициялар. Маңыздылығы»

 (Анкара, 2012 ж., қазақ және түрік тілінде) ;

  • «Қазақстан –Түркия: жоғары деңгейлі стратегиялық ыңтымақтастық» (Анкара, 2013 ж., қазақ және түрік тілінде);
  • «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа - 20 жыл» (Анкара, 2013 ж.);
  • «Көне түркі жазба ескерткіштірі тілінің морфологиялық жүйесі» (Астана, 2013 ж.);
  • «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі» (Астана, 2013 ж.);
  • «Алтайтануға кіріспе»  авторлық бірлестікте,  (Астана, 2013 ж.);
  • «Түркі филологиясына кіріспе» авторлық бірлестікте,

 (Астана, 2013 ж.);

  • «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» авторлық бірлестікте,

(Астана, 2013 ж.);

  • «Қазіргі түркі тілдері» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.);
  •  «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы»

авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.);

  • «Түркітанудың тарихи лингвистикалық негіздері» (Астана, 2014 ж.);
  • «Қазақ, түрік салыстырмалы граматикасы» (Астана, 2014 ж.);
  • БАҚ бірқатар басылымдарының авторы.
 
 
Дархан Амангелдіұлы САТЫБАЛДЫ
1974 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1991 жылы Келес ауданы Келес кеншары Коммунизм бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 1996-1999 жылдары Келес ауданы «Келес» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға экономисті, Ақмола қаласы «Кураков и Ко» ЖШС-нің бас бухгалтері, 1999-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитеті Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдерінің орындалуын бақылау басқармасының Мәдениет және спорт ұйымдарында бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы-ревизоры, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-ревизоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Істер басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімінің экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі, Астана қаласының тұрғын үй департаменті «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің сот орындаушысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік, Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары,  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2015 жылғы тамыздан - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
 
 
Жақып Құттыбекұлы БӨКЕНБАЕВ
1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, бухгалтер-экономист.Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары «3-Энергоорталық» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» АҚ-ның президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен. 2009-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, «Казақэнергосараптама» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.
 
 
 
 
 
 
 
Ербол Әбілхайырұлы САДЫР
1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.
Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2013 жылғы 22 мамырдан - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұласбек СӘДІБЕКОВ

1967 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист.    Еңбек жолын 1983 жылы Алғабас аудандық мал бордақылау бірлестігінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-2015 жылдары Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы,  жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бастығы, Шымкент қаласы  «Жетіген» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы  ішкі саясат департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,   Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарған. 2016 жылғы ақпаннан -  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 
 
 
 
 
 
 

 

Бауыржан Салдарұлы ЖАМАЛОВ
1971 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик-технолог, заңгер.
Еңбек жолын 1993 жылы «Избасар» сауда үйінің менеждері болып бастаған. 1994-2016 жылдары еңбек жолын Мақтарал ауданы Мырзакент кенті «Мырзакент-Холдинг» ЖШС механигінен бастап атқарушы директоры лауазымына дейін атқарған.

2016 жылғы 30 желтоқсаннан – Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Жарияланған: 22.09.2015 - 11:44:35
Жаңартылған: 28.02.2017 - 12:01:57
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі