Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Білім беруді дамыту бағдарламасы

-A A +A

Білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар

 
Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша жыл басынан бері  36 мектепке дейінгі  ұйымдар іске қосылып, нәтижесінде жалпы саны 1 452 бірлікке жетіп 157,5 мың бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Оның ішінде балабақшалар 900 жетті, ал оның 560 - жекеменшік есебінен. Нәтижесінде, мектепке дейінгі ұйымдарға  3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 77,5% құрады.
Жыл соңына дейін 95 балабақша пайдалануға беріліп, қосымша  12 000 бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылып, қамту көрсеткіші 80%-ды құрайтын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы республика көлемінде бірінші болып балабақша жүйесін мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде кеңейтуді қолға алған. Бұл бағыт бойынша 617 ұйымда 61 мыңнан астам бала тәрбиленуде. 
А.ж. 101 білім нысанының құрылысына жалпы 23,6 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде алты айда 29 нысан іске қосылды, жыл соңына дейін 38 нысан пайдалануға берілетін болады. 
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 2,7 млрд. теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Облыстағы 48 апаттық мектептің мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2014 жылы 2 мектептің құрылысы аяқталса, 29-ның құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 14 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 15 мектептің құрылысы тапсырылады. Ал қалған 17 мектептің (оның ішінде 11 мектептің құрылысы басталған) құрылысын жоспарлы түрде 2016-2017 жылдары аяқталатын болады;
Үш ауысымдағы 25 мектептің, біреуі 2014 жылы пайдалануға берілген болса, ағымдағы жылы 3 мектептің құрылысын 1 қыркүйекке дейін тапсыру көзделіп отыр. Қалған 21 мектептің (оның ішінде 9 мектептің құрылысы басталған) құрылысын  2016-2017 жылдары аяқтау жоспарлануда.
Облыста 6,7 млрд. теңгеге 95 білім нысаны  күрделі жөндеуден өтуде (2014 жылы 135 нысан 9,2 млрд. теңге).
Жыл сайын жалпы мұғалімдердің 25% біліктілігін арттыру курстарынан (2 910 мұғалім деңгейлік курс, 8 705 мұғалім қысқа мерзімді курстар) өтіп отырады.
ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы өткен жылдан көтеріліп, 78,7 балды құрады (2014 ж. – 74,5 балл). Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 5 бітірушінің біреуі біздің облыстың түлегі.
«Алтын белгіге» 608 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 172 түлекке артты.Бұл республикадағы «Алтын белгі» иегерлерінің 30%-ын құрайды.
Соңғы төрт жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта балы 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 370-ке артты (2012-2015 ж.ж.).
Бұдан бөлек, 96 халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып грант иегері атанып, 2014 ж. салыстырғанда   1,4 есеге артты (2013 ж. – 33, 2014 ж. – 68).
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 89 балаға жоғарғы оқу орындарына тегін оқуға грант жолдамасы берілді  (2014 жылы 79 грант).
Облыс оқушылары: жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 2012, 2013 ж.ж. ІІІ-орынды, 2014 жылы І-орынды, 2015 жылы екі бағыт бойынша бірдей жүлделі  ІІІ-орынды, «Үздік олимпиадалық мектеп - 2015», «Үздік олимпиадалық команда - 2015» және «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын, Қазақстандық «Бастау» математикалық турнирінде ІІІ орынды, Жазғы математикалық ойындарда ІІ орынды, Болгарияда өткен Халықаралық математика олимпиадасында ІІ орынды, сондай-ақ Франция, Ресейдегі Халықаралық олимпиадалардан жүлделермен оралуда. 
«Жарқын болашақ» республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасында үш  жыл қатарынан (2013, 2014, 2015 жж) І-орынды,  мектеп және колледж оқушылар арасындағы 2012, 2014 жылдардағы республикалық жазғы Спартакиадасында екі рет қатарынан І-орынды, Қазақстанның патриоттық клубтары мен бірлестіктерінің республикалық далалық-әскери жиынында І-орынды, Республикалық «Жас Ұлан» байқауында  І орынды иеленді.
2015 жылы  алғаш рет «Зерде» Х Республикалық конкурсында І-орынды, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2013 жылы V-Президенттік олимпиадасында ІІ, ІІІ орынды иемденген   2 оқушы физика пәнінен республикалық команданың құрамына енді. 2014 жылы жаратылыстану бағытындағы 4 бірдей пәннен өткен  VІ-Президенттік олимпиадада 2 оқушы ІІ орынды иеленді. Математика және механика бағыттары бойынша 2014 жылы Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы олимпиадасында 1 оқушы ІІІ орынды иеленді.
2015 жылдың басында 15 мемлекеттен 480 оқушы қатысқан 11-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 3 оқушымыз топ жарып, жүлдемен оралды.
Соңғы үш жыл қатарынан аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және облыстық басқарма арасында үш жақты түзілген міндеттеме нәтижесінде жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізіліп келеді.
Сонымен бірге білім мекемелерін ынталандыру мақсатында биылғы жылы еңүздік мектепке 17 млн. теңге, үздік колледжге  10 млн. теңге, үздік балабақшаға 5 млн. теңге грант тағайындалған.
Облыс бойынша бейнебақылау камералары орнатылған мектептер саны 773-ке жетіп, ол 77 %-ды құрап отыр. Бұл  2014 жылмен салыстырғанда 342 мектепке немесе 35 %-ға  артты.
Облыс бойынша 2014 жылы жазғы кезеңде 22 лагерге 37,6 мың бала қамтылса, 2015 жылы 24 лагерге 53 мыңға жуық бала қамтылып, 16 мың балаға артты.
Облыстағы 1022 жалпы білім беру мектептерінің (112 бастауыш мектепке инспектор қажет етілмейді) 307 мектебіне 214 мектеп  полиция инспекторлары бекітілген. Қалған 603 мектептерде бұл қызметтер учаскелік полицияларға жүктелген. Инспекторлардың 98 бірлігі (46%) Шымкент қаласындағы мектептерге, қалған 116 мектп инспекторлары ауыл округтері орталықтарындағы мектептерге және криминогендік ахуалға қарай 2 немесе 4 мектепке 1 мектеп полиция инспекторы берілген.
Бүгінгі таңда бұл мектеп полиция инспекторларының жұмысы мен жауапкершілігін жетілдіру мақсатында рейтингтік бағалау ендіріліп, қатаң бақылау жүргізу қолға алынды.
Кәсіптік техникалық білім беру саласында мамандықтарды  зерделеу нәтижесімен үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес қажетті техникалық мамандықтарға сұраныс айқындалып 20 жаңа мамандық ашылды.
Кәсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары  бойынша 2014 жылы 8 колледж (оның 5-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік колледждер) 9 мамандық бойынша 225 студент, ал 2015 жылы  36 мамандықпен 24 колледжде (оның ішінде 17 колледж мемлекеттік,  7 колледж жекеменшік) 1024 студент дуальді жүйесімен оқытылуда.
Сонымен қатар,  кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру   мақсатында 6 сала (туризм және қызмет көрсету, тігін және тоқыма өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика саласы) бойынша базалық колледждерді құру жоспарлануда.
Соның ішінде, Шымкент аграрлық колледжіне студенттердің теория мен өндірістік тәжірибені ұштастырып ауыл шаруашылығының озық технологиялар пайдаланып оқыту мақсатында облыстық бюджеттен 441 млн. теңге бөлініп, оқу-өндірістік базасы салынып және 29 млн.теңгеге материалдық-техникалық базасы жабдықталып, пайдалануға берілді.     
«Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасы аясында Дүниежүзілік банк есебінен 2015 жылы 2 колледж (Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы колледждері) 92 млн. теңге көлемінде грантты иеленіп отыр.
Жаңа технологиялар колледжі екі мамандық бойынша, эксперимент ретінде Әлемдік стандарттар негізінде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп мамандар даярлайтын республикадағы                                 10 колледждің қатарына енгізілуде.
WorldSkills Халықаралық ассоциациясына 2014 жылы Қазақстан  70-інші қатысушысы болып еніп, Астана қаласында өткен Ұлттық WorldSkills чемпионатында Шымкент қаласындағы №6 колледждің студенті 2-ші орынды иемденді.
Тілдерді дамыту саласына
Облыстағы құжат айналым 100% мемлекеттік тілде жүргізіліп, республика бойынша бірінші орындағы көрсеткішке ие. 
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос ересек тұрғындарының үлесі 69%-ды құрайды.
Облыстағы 20 этномәдени орталықтар жанында 11 жексенбілік мектептер мен 51 филиалы жұмыс жасайды.
Жастар саясаты
Облыстық «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ жанындағы «Жас Отан» жастар қанатында 23 мыңға жуық жастар мүшелік етеді.  Сонымен қатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жанында өкілдіктері құрылған. «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенділіктерін еліміздегі саяси науқандар мен түрлі мәдени іс-шараларда өздерін көрсетіп келеді.
«Жас Отандықтар» еліміздегі көптеген мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына өз септігін тигізуімен қатар тың жобаларды да жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві жобасы аясында 200-ге жуық оқуды үздік бітірушілердің құжаттары жинақталды. «Сәтті қадам» жобасы аясында 100-ге жуық жас тәжірибеден өтті, оның ішінде 10 жас жұмыспен қамтылса, «Жастар кадрлық резерві» жобасы бойынша 10 жас республикалық кадр резервіне енгізілді.
Солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарына жұмыс істеуге ниетті 197 жастардың тізімі жасақталып, жұмыспен қамту орталықтарына есепке тіркелді.
«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2009 жылдан бері 5000-нан астам студент жастар, ал 2014 жылы 847 жас тартылды.
2015 жылы 1000 жасты жұмысмен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 650 жас қала көшелері мен саябақтарда, орман шаруашылықтарында көгалдандыру жұмыстарына тартылды. 
Студенттік құрылыс жасақтарына 2014 жылы 9 құрылыс компаниясына 458 жас тартылса, 2015 жылы 500 жасты 12 құрылыс компанияларында жұмыспен қамтылды. 
Облысымызда 2014 жылға дейін жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып келсе, 2014 жылы аталған мәселе өз шешімін тауып,  132 жетімдер үйінің тәрбиеленушілері тұрғын үймен қамтылса, 84 жас отбасы пәтерлі болды. Ал, 2015 жылдың басынан бері 270 жас отбасы тұрғын үймен қамтылса, жыл соңына дейін қосымша 200-ден аса жас отбасы КИК (Қазақстандық ипотекалық компания) арқылы тұрғын үймен қамтылатын болады.
2014 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында  Солтүстік аймақтарда білім алу үшін Оңтүстік аймақтардың мектеп бітірушілеріне арналған 2050 гранттың  866 Оңтүстік жастары иеленді.
2015 жылы аталған бағдарлама бойынша педагогикалық мамандықтарға қосымша техникалық және ветеринария мен ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша 5 000 грант беріліп отыр. Биылғы жылы Оңтүстіктен аталған жобаға 3 000-нан астам жастарды оқуға түсіру жоспарланса, қазірдің өзінде тек жоғары оқу орындарына 5000-ға жуық жас түсуге ниет білдіріп отыр.
Жарияланған: 25.09.2015 - 18:51:01
Жаңартылған: 18.05.2016 - 11:03:45
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі