Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде шараларды іске асыру бойынша еңбек күші артық Оңтүстік Қазақстан облысынан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге көші-қонды ынталандыруға бағытталған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

-A A +A

«БЕКІТЕМІН»

Оңтүстік   Қазақстан

облысы әкімінің орынбасары

_____________ Ұ.Сәдібеков

«____»_________2016 жыл

№ _____________

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде шараларды іске асыру бойынша еңбек күші артық Оңтүстік Қазақстан облысынан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге көші-қонды ынталандыруға бағытталған   

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

  1. Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың ағындарын есепке алу, олардың ағындарын зерделеу мен болжауды жетілдіру

1.1

Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың мәліметінің  ахуалын аудан, қала кесіндісінде талдау және болжау,                     көші-қон саясатының тиімділігін мониторингілеу

талдау

2016 жылдың 25 ақпаны

аудан, қала әкімдері

1.2

Тұрғындардың орташа орналасу тығыздығы және демографиялық фактор трендтерінің сақталуы кезінде алдағы жылдарға халықтың санына болжам

талдау

2016 жылдың 25 ақпаны

ЭжБЖБ,

аудан, қала әкімдері

1.3

Белгіленген тәртіптік заңнамамен «Серпін» жобасы бойынша оқып жатқан облыс жастары туралы (өңірдің атауы, оқу орнының атауы, мамандық түрі және басқалары) мәлімет дайындау

мәлімет

 

2016 жылдың 25 ақпаны

БЖСжТДБ

1.4

«Серпін» жобасына Оңтүстік Қазақстан облысына бөлінетін квотаны 7000 бірлікке дейін жеткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

квотаны ұлғайту

2016 жылдың 1 наурызы

БЖСжТДБ

2. Облыстың халқы тығыз аумағынан республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру

2.1

Оңтүстік Қазақстан облысынан қоныс аударатын азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін анықтау жөніндегі жұмыстарды бірлесе атқару үшін солтүстік өңір басшыларымен Меморандумдар түзу

меморандум

2016 жылдың 1 наурызы

ЖҚҮжӘББ                 

2.2

Қоныс аударуға байланысты шығындарды өтейтін субсидиялардың көлемі мен берілетін жеңілдіктер бойынша жинақталған ақпаратты даярлау

ақпарат

тұрақты

ЖҚҮжӘББ

2.3

Қызметтік тұрғын үйлерді, еңбекші жастар үшін жатақханалардан бөлмелерді солтүстік өңірлердің мәліметі бойынша аудандар мен қалалар кесіндісінде жинақталған ақпаратты даярлау

ақпарат

2016 жылдың 10 наурызы

ЖҚҮжӘББ

2.4

Солтүстік өңірлердің мәліметі бойынша қоныс аударушыларға бөлінетін жерлердің (жайылым, суармалы жерлердің берілу мүмкіндігі, жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектер) көлемі жөнінде жинақталған ақпаратты даярлау

ақпарат

2016 жылдың 10 наурызы

АШБ, ЖҚҮжӘББ

2.5

Солтүстік өңірлердің мәліметі бойынша бос жұмыс орындарын мекемелер мен мамандықтар бойынша ақпаратты даярлау

бос жұмыс орындары

2016 жылдың 10 наурызы

ЖҚҮжӘББ

2.6

Республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірген үміткерлердің тізімдерін және олардың толық мәліметін (отбасы құрамы мен саны,  жынысы, жасы, білімі, мамандығы, жұмыс атқарған қызметіне сәйкес ұсыну) қалыптастыру

тізім

2016 жылдың 10 наурызы

аудан, қала әкімдері

2.7

Қоныс аударуға ниет білдірген отбасылардың саны туралы ақпаратты  арнайы даярланған сайтқа енгізу

ақпарат

тұрақты

аудан, қала әкімдері

2.8

Солтүстік өңірлердің жұмыспен қамту орталықтары базасында жұмыс берушілер мен қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың қатысуымен бейне селекторлар ұйымдастыру

селекторлық мәжіліс

айына

бір рет

ЖҚҮжӘББ

2.9

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде қоныс аударудың шараларын ұйымдастыру 

халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы берілетін  жолдама

тұрақты

аудандық,

қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтары

2.10

Халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудандық, қалалық әкімдіктеріне Оңтүстік Қазақстан облысынан қоныс аударғандар туралы ақпаратты ұсыну 

ақпарат

тұрақты

ЖҚҮжӘББ

2.11

Солтүстік өңірлердің өкілдері мен жұмыс берушілерінің қатысуымен  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру

бос жұмыс орындары жәрмеңке

ай сайын

аудан, қала әкімдері, ЖҚҮжӘББ

2.12

Атқарылған жұмыстардың нәтижесін сараптау үшін және алға қойылатын міндеттерді айқындау жөнінде  мәжіліс өткізу

мәжіліс

сәуір

ЖҚҮжӘББ

2.13

Қоныс аударуға ниет білдірушілер мен қоныс аударғандар туралы нақтыланған ақпараттарды жинақтау

ақпарат

әр айдың

5 жұлдызына

ЖҚҮжӘББ

3. Солтүстік өңірлерге қоныс аударуды ұйымдастыру шараларына ақпараттық қолдау көрсету

3.1

Тұрғындардың солтүстік өңірлерге қоныс аударудың қоғамдағы ролі жөнінде облыстың аудандары мен қалаларында түсіндіру бойынша мәжіліс өткізу

 

хаттама

кестеге сәйкес

аудан, қала әкімдері,

ЖҚҮжӘББ, ІСжДІБ

3.2

«Серпін» жобасының мүмкіндіктері мен тиімділігін жоғары сынып оқушылары мен облыс жастарына насихаттау мақсатында кездесулер мен семинарлар  ұйымдастыру

кездесулер, семинарлар

арнайы кестеге сәйкес

БЖСжТДБ, Жастар орталығы

3.3

Солтүстік өңірлерге қоныс аударудың мәнін  түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында айдарлар, хабарлар ашуды ұйымдастыру

бұқаралық ақпарат құралдарында айдарлар, хабарлар ашуды ұйымдастыру

тұрақты

ІСжДІБ

аудан, қала әкімдері

3.4

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуды ұйымдастыру шаралары жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында облыс әкімдігінің ресми сайтынан арнайы парақша ашу

сайт парақшасы

 

тұрақты

ІСжДІБ

 

3.5

Солтүстік өңірлерге қоныс аударудың мәнін түсіндіру және насихаттау мақсатында ролик әзірлеп, мемлекеттік тапсырыс есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастыру

жарнамалық ролик

ақпан-наурыз

ІСжДІБ

 

3.6

Атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттар мен қоныс аударған азаматтар туралы арнайы репортаждар әзірлеп, бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттарды ұйымдастыру

бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар

тұрақты

ІСжДІБ

 

3.7

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуды ұйымдастыру шаралар жөнінде ақпараттарды (көрсетілетін әлеуметтік көмектер, жұмыс берушілер мен бос жұмыс орындарының тізімі, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардың сауалнамалары) әзірлеп, облыс әкімдігінің ресми сайтынан ашылған парақшаға салып, тұрақты жаңартып отыру

сайтқа ақпарат

тұрақты

ІСжДІБ,  ЖҚҮжӘББ

 

 

3.8

Солтүстік өңірлердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес қоныс аударуға ниетті отбасылар үшін  арнайы ақпараттық материалдар (буклеттер және басқалары) шығару

жарнамалық материалдар

тұрақты

ІСжДІБ, 

ЖҚҮжӘББ

 

  Аббревиатурлар түсіндірмесі:

ЖҚҮжӘББ          - Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар          басқармасы

ІСжДІБ                - Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы

АШБ                   - Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы

БЖСжТДБ                    - Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы

КИИДжТБ          - Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы

ЭжБЖБ               - Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Жастар                - Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының

орталығы            «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Жарияланған: 15.04.2016 - 09:59:09
Жаңартылған: 15.04.2016 - 10:00:25
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі