Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Гердерлік саясат

-A A +A

2016 жылғы 1 қаңтарына облыс халықының саны 2 840,6 мың адамды құрап отыр, оның ішінде әйелдер – 1428,4 мың адам, ерлер – 1412,2 адам.  2015 жылда 39,2 мың қыз бала дүниеге келді (немесе жалпы туғылғандардың 48,2 %), оның ішінде қалалық жерде — 18,0 мың (облыс бойынша туылған қыз балалардың 45,8%), ауылды жердерде — 21,2 мың қыз бала (54,2%). Осы аралықта туылған 1000 қызға 1059 ұл бала келіп отырды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 700 мыңнан астам жастар, оның ішінде 15-17 жастағы жасөспірімдердің жалпы саны 90 745 баланы құрап отыр, оның ішінде қыз балалар — 47 047 (51,8%).

Әйелдерді саяси жылжыту бағыты

Әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігі мынадай сипатқа ие: Мемлекеттік қызметшілер саны 8121 адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 2996 (мемлекеттік қызметшілердің барлық саны ішінде 36,8% әйелдер құрайды), 17 - әйел қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттары болып табылады, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусындағы әйелдер өкілдігі 1 адамды қамтиды (барлық саны ішінде 5,7% әйелдер құрайды).

Облыс әкімінің 5 орынбасарының арасында  әйел жоқ (2008 ж. – 1); аудандар мен қалалар әкімдерінің  50 орынбасары ішінен    5 - әйел (2008 ж. – 7);    әйел- кеңесші жоқ (2008 ж. – 2), 8 - әйел ауылдық округ әкімдері, 2 әйел басқарма бастығы ( мәдениет, жұмыспен қамыту).    

Әйелдердің экономикалық жылжыту бағыты

2015 жылғы ΙV тоқсанда облыс бойынша 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар саны  (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу мәліметтері бойынша) 1145,2 мың адамды құрады, одан 585,7 мың адам (51,1%) – ерлер, 559,5 мың адам (48,9%) – әйелдер. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі әйелдерде 73,3%, ерлерде 75,1%- құрады. 

  көрсеткіш

2014ж.

  2015ж.

компания, кәсіпорындар және мекеме  барлыгы

30 084

30 159

         әйелдер басқаратың

9 781

9 804

         әйелдер бойынша  үлесі

32,5

32,5

орта және шағын бизнес барлығы

193 396

190 432

         әйделдердің саңы

69245

69471

әйелдер бойынша  үлесі

35,8

36,5

2015 жылдың  бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 әйел 23,4 млн.тг гранттық қолдау алды. 

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы индустрияландыру картасына облыстан 223 жоба енгізілген. Оның ішінде 20 кәсіпорында әйел басшылар.

2015 жылдың  бойынша «Максимум» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ» арқылы 512 әйелге   1246,6 млн.теңгеге қаржылық қолдау көрсетілді.

Гендерлік білім беру бағыты

Гендерлік саясатты іске асыру аясында ұйымдастырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылып 2015 жылдың соңына дейін «Отан отбасынан басталады» ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау жобасы жүзеге асыруда.       

Ана мен бала денсаулығын нығайту бағыты

Әйелдер арасындағы өлімге келсек, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша өлген 14,8 мың адамның  43,5% әйелдер құрады. 

Тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдердің сандық сипаттамасы келесідей: алдын-ала деректер бойынша 2015 жылдың басына тууға қабілетті 15-49 жас аралығындағы әйелдердің абсолютті саны 692,2 мың адамды құрап, облыс әйелдерінің жалпы санының  49,3% құрады. 2014 жылы тууға қабілетті жастағы әйелдердің фертильдік коффициенті орта есеппен 118,7 болды.

Облыс   бойынша ана өлім - жітімі тіркелуі бойынша 2015  жылғы  – 8,  көрсеткіш 100 мың туылғандарға шаққанда 11,0. Ал 2014 жылғы ана өлім-жітім көрсеткіші 12,4 құрайды. Көрсеткіш 11,3% төмендеді.

Облыста әйелдер денсаулығы индексі төмен болып отыр –  28% (ҚР - 30%).

Қоғамда жыныс белгілері бойынша зорлық-зомбылықты болдырмау бағыты

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің деректері бойынша 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 36302 қылмыс тіркелді, оның ішінде 4811 (немесе 13,3%) қылмыс әйелдерге қатысты жасалған.

Қылмыстар құрылымында әйелдерге қатысты: 274 зорлау, 172 кісі тонау, 1978 ұрлық, 12 қарақшылық шабуыл, 989 алаяқтық  тіркелген.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдердің құқығы мен мүдделері қорғаумен айналысатын 3 дағдарыс орталығы жұмыс істейді:

1. Қоғамдық бірлестігі «Әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы «Сана-сезім», баспанасы жоқ.

2. Жас аналарға арналған „Ана Үйі“ атты 2 дағдарыс орталығы, баспанасы бар.

Көші-қон процесіне әйелдер мен ерлер әртүрлі қатысады. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанда облысқа келгендердің ішінен 54,8% әйелдер құраса, 45,2% ерлер құрады, кеткендердің 55,2% әйелдер, 44,8% - ерлер.

Әлеуметтік қорғау бағыты

2015 жылда жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 45,6 мыңнан астам жұмыссыздар жұмысқа орналасты, оның ішінде  53,0 пайызы әйелдер (24,6 мың адам) болды. 

Тіркелген жұмыссыздар қатарынан ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғаны 10,4 мың адам, оның  64,2 пайызы  әйелдер. Өткен  жылдың осы уақытында жалпы қоғамдық жұмысқа тартылған 9,5 мың адамның    65,5 пайызы әйелдер болған. 2015 ж. 12 айында 2300 аз қамтылған азаматтарға 46,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 1642 адам немесе 71,4 пайызы кәмелетке толмаған балалар, 237 адам немесе 10,3 пайызы 7 жасқа дейінгі баланы бағып күтумен айналысатын аналар. 2016 жылдың 1 қаңтарына облыста 213633  зейнеткерлер, олардың ішінде 114934,5-і  әйелдер (53,8%), және  13 ҰОСА,  18  соғыста қаза болғандардың жесірлері, 82-і 100 жастан асқан әйелдер.

Облыста 150327  көп балалы әйелдер тұрады, оның ішінде  «Алтын алқа» иегерлері 26365, «Күміс алқа» иегерлері 32031   1,2  дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері 7213 отбасының 4 жасқа дейін және одан жоғары 18 жасқа дейін балалары  78024 бар.

Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің ролін арттыру бағыты

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ҮЕҰ-ға арналған конкурстың бір лотына «Облыстың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы енгізілген.

2015 жылғы облыстық комиссия, УЕҰ, қоғамдық бірлістіктер, облыстық білім, жастар, денсаулык сақтау басқармаларымен бірлесіп өткізілген іс-шаралар:

5 – Форум, 34  - Дөнгелек үстел, 54 - Өқыту семинар, 173 – Тренинг, 80 – Кездесулер , 8 – Конференция, 25 – Акция.

Шығарылған ақпараттық материалдар: 19- билборд, 6500 –брошюра, 8500 – стикер, 7300- ақпараттық буклет  және парақтар шығарылды.

Жарияланған: 20.04.2016 - 10:32:33
Жаңартылған: 20.04.2016 - 10:35:18
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі