Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Халыққа ақпараттық көмек

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының жер қоры 11724,9 мың гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 831,7 мың гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 29,9 мың гектар, тыңайған жерлер 191,1 мың гектар, шабындық жерлер 141,0 мың гектар, жайылымдар 9095,8 мың гектар, бақшалық 0,1 мың гектар. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 10289,7 мың гектар, басқа да жерлері 1435,2 мың гектарды құрайды.

Жер санаттары бойынша:

- Ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 4529,6 мың гектар.

  • Елді мекендердің жерлері 696,2 мың гектар,
  • Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 67,5 мың гектар,
  • Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 311,1 мың гектар,
  • Орман қорының жерлері 3129,9 мың гектар,
  • Су қорының жерлері 134,2 мың гектар,
  • Босалқы жерлер 2857,3 мың гектар.

Оңтүстік Қазақстан облысының 0,9 мың гектар жері территориядан тыс, көрші Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстік шекарасы Жамбыл, солтүстік-батыс шекарасы Қарағанды, батыс шекарасы Қызылорда облыстарымен, ал оңтүстік және оңтүстік –батыс шекарасы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Оңтүстік Қазақстан облысы 11 ауданнан және 4 қалалық әкімдік аумағының жерінен тұрады.

Облыста 4 облыстық маңызды қала, 4 аудандық маңызды қала және 876 ауылдық елді мекендер бар. Облыста жалпы халықтың саны 01.11.2009 ж. мәлімет бойынша 2422,9 мың адам.  Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км. 18,9 адамнан келеді.

 

Жарияланған: 13.01.2016 - 15:35:49
Жаңартылған: 13.01.2016 - 15:36:34
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі