Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызмет түрлері

-A A +A

Әділет органдары


1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру;

2) Уақытша жеке куәлiк беру;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару;

5) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру;

6) Банктердi, республикалық және өңiрлiк мәртебелерi бар қоғамдық бiрлестiктердi (оның iшiнде барлық саяси партияларды), шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу;

7) Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу;

8) Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын ресiмдеу;

9) Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу;

10) Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдiгiн тiркеу;

11) Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;

12) Жылжымайтын объектiлер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу бөлiмi куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;

13) Жылжымайтын мүлiктiң жоқтығы (болуы) туралы анықтамалар беру;

14) Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру;

15) Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгi жөнiнде ақпараттық қызметтер ұсыну.


 

Жарияланған: 30.09.2015 - 17:55:21
Жаңартылған: 11.01.2016 - 11:30:10
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі