Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызмет түрлері

-A A +A

Әділет органдары

1) Мынадай азаматтық хал актiлерiн тiркеу:

Туу;

Тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру;

Некенi бұзу.

2) Жылжымайтын объектiлердiң техникалық паспортын беру;

3) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерiнен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Қорғаныс министрлiгiнiң органдары:

1) Запастағы офицерлердi әскери есепке алу және одан шығару;

2) Запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару;

3) Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару;

4) Жеңiлдiгi бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;

5) Әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтамалар беру;

жергiлiктi атқарушы органдар:

1) Жер учаскесiне меншiк құқығына арналған актiлердi беру;

2) Жердi тұрақты пайдалану құқығына актiлердi беру;

3) Уақытша өтеусiз (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi беру;

4) Уақытша жер пайдалану құқығына актiлердi беру;

5) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;

6) Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) жастағы балаларды тiркеу;

7) Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;

8) Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу;

9) Мүгедектердi сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттар ресiмдеу;

10) 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау;

11) Тұрғын үй көмегiн тағайындау;

12) Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;

13) Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар беру;

14) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

15) Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;

16) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру;

17) Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;

18) Зейнетақы қорларына, Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру;

19) Кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi банкке несие ресiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсаттар беру;

20) Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелер жасау үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесiнiң шешiмдерiне анықтамалар беру;

21) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

22) Лизингке техника сатып алу үшiн анықтамалар беру;

23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;

24) Балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген отбасыдан өтiнiм қабылдау;

25) Миссионерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды есептiк тiркеуге (қайта тiркеуге) қою;

26) Әкетiлетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;

27) Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес дәрiгерлiк-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу;

28) Жалғызiлiктi, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның iшiнде бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу;

29) Жергiлiктi маңызы бар объектiлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру;

30) Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру;

31) Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру;

32) Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнiмдерiн қоспағанда) өндiруге (шығаруға) лицензиялар беру;

33) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсетуге лицензиялар беру;

34) Жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия беру.

Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң органдары:

1) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде өзен кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу;

2) Жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде өзен кемелерiн мемлекеттiк тiркеу;

3) Шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу;

4) Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу;

5) Темiр жол жылжымалы құрамының кепiлдiгiн тiркеу;

6) Шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктердi беру.

Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң органдары:

1) Мұрағаттық анықтамалар беру;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою.

Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң органдары:

1) Мұрағаттық анықтамалар беру;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою.

Прокуратура органдары:

1) Соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтама беру;

2) Прокуратура органдарынан, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң органдары:

1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ жоғары өтiмдi арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

2) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктер кепiлiн тiркеу;

3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу;

4) Машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беру.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң органдары:

1) Республиканың бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Жарияланған: 30.09.2015 - 18:00:40
Жаңартылған: 11.04.2016 - 15:53:09
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі